Ықшам сабақ. Тақырыбы: Блум түймедағы әдісін сабақтың бекіту кезеңінде қолдану

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ықшам сабақ (тарих)

Мектеп: «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Күні: 09.04.2016ж.

Мұғалім есімі Матаева Н.С.


Қатысушылар (мұғалімдер)

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адамдардың кәсібі

Мақсаты


«Блум түймедағы» әдісін 6-сынып ежелгі Қазақстан тарихының «Алғашқы адамдардың кәсібі» тақырыбының бекіту кезеңінде пайдалануын үйрету.

Әдісі

«Блум түймедағы», «Сұрақты тауып ал», «Сюжеттік кесте» әдістері

Тілдік мақсат

Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы, чоппер, чоппинг

Жоспар

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Сабаққа қатысушылардың іс-әрекеті

Бекіту (10 мин)

І -тапсырма: «Блум түймедағы» әдісін пайдалану:

1) Қарапайым сұрақ: Алғашқы адамдар аулаған аңдар? (Жауабы: Аю, мамонт, бизон)
2) Анықтайтын сұрақ: Аңдарды қалай аулады? (Жауабы: Аңдарды үркітіп, жарға қарай қуатын. Үріккен аңдар адамдардан қорқып, терең жарға құлады. Жардан құлап мертіккен немесе жарға қамалып қалған аңдарды адамдар ұстап, оларды азық етті.)
3) Бағалау сұрағы: Алғашқы адамдардың еңбек құралдарына бағала.

4) Шығармашылық сұрақ: Сұрақты тауып ал........(бірнеше жауап бір сұрақтың жауабы болады)

1)Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы көмегімен тамақ тауып жеді.

2)Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әртүрлі жеміс-жидектерді терді.

3)Олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады.

5) Кіріктірілген сұрақ: Ең көне тас құралдар табылған жер?
6) Практикалық сұрақ: Сурет бойынша «Сюжеттік кесте» құру:

Тапсырманы орындау барысында «Блум түймедағы», түймедақта жасырынып тұрған «Сұрақты тауып ал», «Сюжеттік кесте» әдістерін үйренеді.

Рефлексия

Ықшам сабақ. Тақырыбы: Блум түймедағы әдісін сабақтың бекіту кезеңінде қолдану






© 2010-2022