Тәуелсіз елім ұлы өлкем 6 сынып ашық сабақ факультатив

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіз елім ұлы өлкем!

Мақсаты:

Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

көрнекілігі:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Слайд көрсету

  2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

  3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Ашық сабақның барысы:

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 25 жыл! Атамекен әні орындалады (хор)

Мұғалімнің сөзі:

Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған - туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

І - жүргізуші:

Қазақстан республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

ІІ - жүргізуші:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан! Ғасырлар тойы болшы келе берер!

1- оқушы: Мадина

Мерекең құтты болсын егемен ел, Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен, Теңдікті бостандықты иеленгендер.

ІІ - оқушы: Ирода

Бостандық құтты болсын ерікті ел Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

ІІІ - оқушы: Азизбек

Егемен елімнің ертеңі деп, Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

ІҮ - оқушы: Мохида

Халқымның мақтанышы - алып тұлға, Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек - көкке қолын созып тұрған, Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Ү- оқушы: Жавохир

Ел болдық егеменді, теңдік алып, Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі, Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып

ҮІ - оқушы: Одина

Ел болдық ерік алдық астаналы, Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады

ҮІІ - оқушы: Гулхая

Жаралдық машылықтан, толы ағыстан Жолың бар жоқшылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп, Көркейген елім менің - Қазақстан!

ІІ- жүргізуші

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

1-оқушы: Анзилат

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс - ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн - баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс - ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай - берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

3-оқушы: Икром

Желбірейді шалықтап, Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады

І-жүргізуші:

Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз - Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

Хадича

Бейнелеп сан ғасырды, Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі, Киесіндей жерімнің

Бабам тұлпар жаратты, Құлынын да танып - ақ

Тұлпар барда қанатты, Шайқалмайды шаңырақ

Тәуелсіздік көркі ол да, Өркениет өрінде

Нұр төгеді елтаңба, Ақ Орданың төрінде

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Мұғалімнің сөзі:

Батырлыққа уызынан жарыған Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта Кім айта алар Болмаған, - деп - Әнұран?!

І- жүргізуші

Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған

ІІ - жүргізуші:

Сөзі : Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Шәмші Қалдаяқов Әнұран орындалады (хор)

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.

1- оқушы: 1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

2- оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

3 - оқушы: 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

4 - оқушы: 1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды

5- оқушы: 1993 жылы 12 қарашада төл теңгемңз дүниеге келді.

« Менің Қазақстаным » әні орындалады (хор)

Қорытынды:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық сабағымызды

қорытындылаймыз!

© 2010-2022