Интеллектуальный урок на тему Тарих-тағылым-тәуелсіздік (6 класс)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 11. Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі



Интеллектуалдық сайыс

Тақырыбы:

«Тарих-тағылым-тәуелсіздік»





Дайындаған: Атбаева А.Б



Атырау 2016

Күні: 28.11.2016жыл

Тақырыбы: «Тарих-тағылым-тәуелсіздік» -тарихи-танымдық сайыс

Мақсаты:

  1. Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру.

  2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, дағдысын дамыту.

  3. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар: 6 ә сынып оқушылары

Барысы:

І. Мұғалімнің сөзі

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тарих-тағылым-тәуелсіздік» тарихи-танымдық ойынымыз Тарих-география пәндерінің апталығы шеңберінде өткелі тұр. Бүгінгі ойынымыз Қазақстан тарихы пәнінен өтеді.

Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген - жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған елінің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Бүгінгі шарамызды шығыстың ғұлама ғалымы Әбу-Насыр әл-Фарабидің сөздерімен бастағым келіп тұр: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды, болашақты болжау қиын.»

Егер бүгінгі ойынымызға қатысушы ойыншыларымыз дайын болса, ойынымызды бастайық.

ІІ. Ойын өткізу.

Ойын кезеңдері:

  1. «Өткел» - капитандар сайысы. Әр капитан командасына 6 сұрақ беріледі.Әр сұраққа 5 ұпай.

  2. «Самғау» - ұпайы көп команда бастайды.Түрлі-түсті ұяшықтар беріледі. Сұрақтың қиындығына қарай ұпай саны беріледі. Дұрыс жауап бере алмаса, екінші команданың жауап беруіне болады.

  3. «Суреттер сыр шертеді» - Суреттегі көріністерді ашып айту. Әр суретке 10 ұпай.

4. «Жасырын ұяшықтар» -Сұрақтың қиындығына қарай ұпай саны беріледі.

5. Тәуелсіздікке байланысты эссе жазу

І-кезең. (өткел)

1. Орта тас дәуірінің яғни мезолиттің хронологиялық ауқымы?

Б.з.б 12-5 мың.жыл

2. Епті адамдар деп отырғанымыз кімдер?

Құралдарды жасай білу қабілетіне қарап

3. Қол дәуірінің ерекшелігі

Адамзат металл өңдеуді игерді

4. Анимиз дегеніміз не?

Жан мен рухтың барлығына сену

5. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезең?

Неолит

6. Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспаналарына ұқсатады?

Андрондықтардың баспаналарына

1. Жаңа тас дәуірінің яғни неолиттің хронологиялық ауқымы?

Б.з.б 5-3 мың.жыл

2. «Хомо Сапиенс» немесе?

Саналы адам

3. Неолиттің басты ерекшелігі?

Өндіруші шаруашылық пайда болды

4. Фетишизм дегеніміз не?

Белгілі бір затқа ерекше қасиетті деп табыну

5. Қыш құмыралар заманы?

Неолит

6. Сумен жабдықтаудың жаңа әдісі?

Құдық қазу

1. Мыс-тас дәуірінің яғни энеолит дәуірінің хронологиялық ауқымы?

Б.з.б 3000-1800

2. Тік жүретін адамдар өкілдерін ата?

Питекантроп,синантроп,неандерталь

3. Мезолит дәуірінің үлкен жаңалығы?

Садақ пен жебенің шығуы

4. Тотемизм дегеніміз не?

Шығу тегін жан-жануарлармен байланыстыру

5. Өндіруші шарушылыққа көшу қай кезеңде болды?

Неолит

6. Андрондықтардың бет-бейнесін сипаттаған академик?

Алексеев

ІІ кезең (самғау)Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі

(5 ұпай)

Неандерталь баланың сүйегі қай жерден табылды? Өзбекстан

(10 ұпай)

Әлем ойынша ең көне тас құралдар Шығ. Африкадағы Олдувай шатқалынан табылған.Бұлар ғылымда қалай аталды?

Чоппер,Чоппинг

(15 ұпай)

Мұз дәуірі бұдан неше мың жыл бұрын аяқталды? 13

(20 ұпай)

Бағыштау дегеніміз не?

Балалар тобынан ересектер тобына өту

(25 ұпай)

Қазақстанның қай аймақтары кен ісінің орталықтары болды.

Орт. және Шығ. Қаз

(30 ұпай)

ІІІ кезең (суреттер сыр шертеді)

ІҮ кезең. (жасырын ұяшықтар)Ежелгі адамдардың өмірі.Ертедегі терімшілер мен аңшылар

Алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы

(тобыр)

Экзогамия дегніміз не?

(ру ішінде некеге тыйым салу)

Қазақстан аумағында адамдар шамамен пайда болды?

(1 миллиондай жыл бұрын)

Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы. Еңбек бөлінісі

Қауым неше топқа бөлінді?

(3)

Энеолит дәуірінің жарқын ескерткіші?

(Ботай тұрағы)

Пиктография дегеніміз не?

(тасқа салынған сурет)

Қола дәуіріндегі Қазақстан

Қола дәуірінің хронологиялық ауқымы?

(б.з.б 2-3 мың.жыл аралығы)

Қола дәуірінде жақсы зерттелген аймақ?

(Орт.Қазақстан)

Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қашан басталды?

(1946 жыл)

Ү кезең. (эссе жазу)

ІІІ. Қорытындылау.

ІV. Марапаттау.



© 2010-2022