«Тұнбас тарих қойнауында» танымдық сайыс сабақ

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6-сыныптар

Сабақтың тақырыбы: «Тұнбас тарих қойнауында» танымдық сайыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып,ой-өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру,озық ойлы дарабоз оқушыларды анықтау.

Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын,тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту,шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік:өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Түрі:танымдық ойын сабағы.

Пәнаралық байланыс:Тарих,математика,қазақ тілі,биология,ағылшын тілі,география.

Көрнекілігі:слайдқа жазылған нақыл сөздер,шарлар.

Сайыстың барысы:

I.Кіріспе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі:а)сайысқа қатысатын топтарды анықтау. б)сайысқа дайындықтарын тексеру.б)қазылар алқасын сайлау.

II.Негізгі бөлім. Сайыстың шарттары: 1) «Сәлем сөздің анасы»таныстыру,оқушы ұраны. 2) «Білім ағашы»(сұраққа жауап) 3) «Менің білім деңгейім» тест сұрақтары. 4) «Тарихи басқатырғыш» тарихи термендерді табу.5)Үйге тапсырма: ребусты шешу....

III.Қорытынды бөлім.

Қазылар алқасының берген қорытындысы.Сайысқа қатысушы оқушыларды марапаттау.

Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,көрермендер,оқушылар! «Тұнбас тарих қойнауында» деп аталатын даробоз тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұлтты көріп түнерген,

Қанаттылар талмаңдар.

Қазақ деген ұлы ел

- Ардан туған арман бар.

Жүргізуші:Өткенім бар ,өкініш жасыра алман,

Тарихым бар,жазылған ғасырлардан.

Қазақ деген ел барын әйгілейік,

Орындалсын аңсаған асыл арман!

Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылықпен зеректік, Жеткізер сіздердей өренді. Жеңістің мынау шыңына- деп бүгінгі бақ сынасар сайыскер топтарды қошеметтеп ортаға шақырайық.(ортаға сайыскерлер шығады) Сайыскер,сіздерге сәттілік тілейміз!

Сайыста бақ сыналар,бап сыналар Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар, Кім өнерлі,кім тапқыр-шешу қиын Қазылар алқасы болмаса нық сын алар -дегендей кез-келген сайыс бағалануы тиіс.Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы болатынын білеміз.Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі,бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып,тура шешім шығарар қазылар алқасын сайлап алсақ.(әділ қазылар алқасын сайлау) ------------------

Жүргізуші: Армысыз,айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл

Сәлемдесу парызы әрбір жастың Өнерлерін паш етер өнегелі Сәт те келіп қалғандай танысатын -дей отырып,сайысымыздың «Сәлем сөздің анасы»деп аталатын бірінші шарты бойынша сайысқа қатысатын топ мүшелерін ортаға шақырамыз.(топ оқушылары топтың атымен ұранын айтып таныстырып шығады.)

Көңілін халқымның таптың бүгін,

Елес қой мынау бізге жат күн бүгін

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық

Байқайық оқушылардың тапқырлығын. Келесі кезекте «Білім ағашы»айналымы.

Бұл айналымда оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек.

1-топ:----------сұрақтары: 1. «Тарих»сәзі қандай мағынаны береді?(оқиғалар жайлы әңгіме,зерттеу) 2.Еңбек құралдары тастан жасалған дәуір қалай аталды?(тас дәуірі) 3.Ең алғашқы адамдар қай жерді мекендеген?(Азия,Африка) 4.Ява аралынан (1890-1892ж.) табылған қаңқа қалай аталады?(питекантроп) 5.Екі жағынанда өңделген қарапайым шапқыш құрал?(бифас) 6.Қалайымен мыстың қосындысы?(қола) 7.Көшелілердің баспанасы?(киіз үй) 8.Иран жазбаларында сақтарды не деп атайды?(жүйрік атты турлар) 9.Тиграхауда кімдер?(шошақ бөріктілер) 10.Қазақтың үш биі:(Қазыбек,Әйтеке,Төле) 11.Қазақстанда неше облыс бар?(14облыс) 12.Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш.Ниязбеков)

2-топ -------------сұрақтары:1.Шежіре сөзі қандай мағынаны береді?(есте сақтау,жадыдағы білім) 2.Б.зб.2800жыл-б.з..900жыл аралығын қамтыған дәуір?(қола) 3.Тотемизмді қалай түсіндіресің?(адамдардың шығу тегін жануарлар,өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру) 4.Алғашқы адамдардың қайсысы қазіргі адамға ұқсас болған?(саналы адам,кроманьондық) 5.Ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал?(микролит) 6.Садақ пен жебенің жасалынуы басты жаңалығы болған дәуір?(мезолит) 7.Тастағы сурет қалай аталады?(петроглиф) 8.Грек авторлары «азиялық скифтер» деп атаған тайпалар?(сақтар) 9.Сақ парадарайа кімдер?(теңіздің арғы жағындағы сақтар) 10.Қазақ батырларын білесіңбе?(ата Қабанбай,Абылай) 11.Қазақстан қандай елдермен шектеседі?(Қырғызстан, Өзбекстан,Түркіменстан,Ресей) 12.Конституция күні?(30 тамыз)

3-топ --------------сұрақтары: 1.Тарих туралы алғаш кітап жазған,кейіннен «тарихтың атасы» атанған:(Геродот) 2.Жаңа тас ғасыры қалай аталады?(неолит) 3.Маймыл тектес ең алғашқы жабайы адамдар?(гоминид) 4.Пекин маңынан (1927ж)табылған тік жүретін адамның екінші өкілі?(синантроп) 5.Тасты жарып,бөлшектеп,жүзі өткірлерін пайдалану нәтижесінде қандай құрал пайда болды?(чоппер) 6.Қыш құмыра(керамика) жасауды үйрену қай дәуірдің басты жаңалығы болды?(неолит) 7.Киіз үйдің негізі?(кереге) 8.Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар қалай деп аталады?(сақтар) 9.Сақ хаумаварга кімдер?(Хаома сусынын дайындайтын сақтар) 10.Қазақстандағы сәулет ескерткіштерін ата?(Айша -Бибі,Ахмет Иассауи,Қозы Көрпеш -Баян сұлу кесенесі) 11.Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кімдер?(Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев) 12.16 желтоқсан қандай күн?(Тәуелсіздік күні)

4-топ ----------------------сұрақтары: 1.130 тараудан тұратын «Тарихи жазбалар» еңбегінің авторы,шығыста «тарихтың атасы» атанған кім?(Сыма цян) 2.Палеолит дегеніміз?(ежелгі тас ғасыры) 3.Алғашқы адамдардың кәсібі? (терімшілік, аңшылық) 4.Германиядан табылған адам өкілі қалай деп аталады?(неандерталь) 5.Тас құралдың жүзін өткірлеу үшін қандай әдісті қолданған?(ретушь) 6.Мыс-тас ғасыры қалай деп талды?(Энеолит) 7.Сақ қоғамы нешеге бөлінді,ата?(үшке:жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер) 8.Парсы жазбаларында сақтарды қалай деп атады?(құдіретті еркектер) 9. «Алтын киімді» адамды қайдан,кім ашты?( Есік қорғаны,К.Ақышев) 10.Қазақтан ғарышқа ұшқан тұңғыш ғарышкер кім?(Тоқтар Әубакіров) 11.Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?(1992) 12.Желтоқсан оқиғасы қашан болды?)1986 жыл 16 желтоқсан)

Жүргізуші:Біле бер қанша білсең-тағы тіле,Жетерсің мақсатыңа біле-біле-дегендей топ басшылары мына қағаздардағы 5 сұрақтан тұратын тест сұрақтарын орындайды.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар-дей келе мына сөз сызбадағы археологиялық кезеңдерді табу.Әрбір сөзге 1 ұпайдан бағаланасыздар

а о п т и е л л -палеолит

э ф г я о т н а и р- этнография

х о е л я и а р о г -археология

н а о т р л я и г о о п -антропология

Жүргізуші: Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-
келесі сайысымыз- «Тіл-өнер» деп аталады.
Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай беріледі.

1. Жұт . . . ағайынды

2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді

3. Екі қолға . . . күрек

4. Өнер алды қандай тіл?

5. Тілі бар, үні жоќ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен

6.Батыр туса - ел ырысы,
. . . жауса жер ырысы.
7 ... оттан да ыстыќ.
8.Отансыз .........-.ормансыз бұлбұл

Мәңгі бақи есте қалар,Қызықты бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,Сұрақтары қиын болсын-деп әрбір топ үйден дайындап келген ребустарын топтар арасында шешеді.Ұпай шапшандықтарына қарай бағаланады.

Көңілінде таусылмас тамаша ән барда,Ұшқың келіп тұрады-ау қиял жетпес заңғарға,Жұлдыз біткен көз тартып көкшіл аспан төрінен Шақырады-ау,дүние-ай,таңғажайып таңдарға-деп сөз сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

жургізуші: Бір емес,сен бұл жолы мыңды жықтың,Мыңды жықтың,әліде өрле,мықтым!Елім деп ту ұстаған өзге жерде Жеңісіңнің бастауы сол деп ұққын.-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022