Элективті курс. Қазақстан тарихы. 11 сынып. Ерлер елі үшін туады

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Элективті курстың мақсаты - қазақстан тарихы пәні бойынша оқушылар білімін кеңейту және тәуелсіз Қазақстанның азаттығы жолында күрескен батыр бабаларымыздың жүріп өткен жолдары арқылы болашақ патриот тұлға қалыптастыру .


Курстың негізгі міндеттері:

1. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орыны ерекше ұлт- азаттық күрестердің

алатын орынын түсіндіру

2.Қазақстан тарихы пәні бойынша білімдерін кеңейту, жүйелеу,бекіту.

3.Оқушылардың материалдарды терең әрі саналы түрде меңгерулерін қадағалау

4.Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді, қиыншылықтарды анықтай алу.

5.Оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналасуларына үлкен мән беру.

6. Оқушылар бойында өз-өзін тексеру дағдысын қалыптастыру.

7.Оқушы сабақ барысында тек бақылаушы ғана емес, белсенді зерттеуші болуына әрекет жасау.

Түсініктеме:

Элективті курс 11- сыныптарға 34 сағатқа есептелген.

Оқу бағдарламасы қазақстан тарихындағы тәуелсіздік жолында күрескен батырларымыздың азаттық күрестерін оқушыларға тереңдетіп оқып-үйретуге негізделіп жасалған. Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды, терминдерді, тарихи тұлғаларды есте сақтауына байланысты тақырыптар беріледі. Тест тапсырмаларында көп кездесетін сұрақтардың тақырыптарына басты назар аударылады.Курс тапсырмалары мен тестері жыл сайын өткізілетін бірыңғай ұлттық тестілеу және жоғары оқу орындарындағы емтихандарының сұрақтарына байланысты ұсынылады. Тестілеу кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеттері, ойлау қабілеттері, салыстыра білу, анализ жасау, білімдерін практикада пайдалана білу қабілеттері дамиды.

Оқыту әдістеріне түсіндіру, лекция, тест шешу, картамен жұмыс, электронды оқулықтарды, интернет ресурстарын пайдаландым.

Курс соңында оқушылар негізгі оқиғаларды ,әр өткен тақырып бойынша хронологияларды,

оқыған тақырып туралы толық мағлұматтар ала білуді, білім алуды жалғастыруға қажетті тарихи білім талапқа сай болуы, қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау санасының қалыптастырылу дәрежесін, орындалған тапсырмаларды тексере білу дәрежесін, өз бетімен білім алуды меңгеру, жұмыс барысында компьютерлік технологияны қолдана алуды, алған білімдерін нақты жағдайларда қолдана алулары керек .



Тексеру әдістері:

1. Бақылау

2. Ауызша тексеру

3. Экспресс-тексеру

4. Тест өткізу

5. Бақылау жұмысы

6. Практикалық жұмыс

Оқушылардың білім және дағдысына қойылатын талаптар:

Курс соңында оқушылар білу керек:

1.Негізгі оқиғаларды

2. Әр өткен тақырып бойынша хронологияларды

3.Оқыған тақырып туралы толық мағлұматтар ала білуді

4.Білім алуды жалғастыруға қажетті тарихи білім талапқа сай болуы

5.Қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау санасының қалыптастырылуы

6.Орындалған тапсырмаларды тексере білу дәрежесін

7.Өз бетімен білім алуды меңгеру

8.Жұмыс барысында компьютерлік технологияны қолдана алуды

9.Алған білімдерін нақты жағдайларда қолдана алуды



















Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Ежелгі Қазақстан тарихы. 6- сынып.Т.С.Садықов,Ә.Т.Төлеубаев,Ғ.Халлидуллин,Б.Сәрсекеев.

2.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.7-сынып.С.Жолдасбаев, Т.С.Садықов.

3.Қазақстанның ежелгі қалалары. К.Байпақов,Л.Ерзакович.

4.Ұлы Жібек жолы және орта ғасырдағы Қазақстан.(ор. тілінде) К.Байпақов,А.Нұржанов.

5.Көне түріктер.Л.Гумилев.

6.Көшпенділер: Тарихи трилогия.І.Есенберлин.А.,1976

7.Алтын орда:Тарихи трилогия. І.Есенберлин.А.,1982.

8.Қазақ тарихының әліппесі.М.Мағауин.

9.Қазақстан тарихы(Көне заманнан бүгінге дейін)5 томдық.1-2 томдар.








Элективті курстың мазмұны

Тақырып 1. 17-18 ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі (8сағат)

Төмендегі тақырыптар бойынша оқушылардың білім- дағдысын толықтыру

1.17-18 ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

2.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары

Тест шешу (1сағат)

Тақырып 2. Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы(18-20ғ) (10сағат)

Төмендегі тақырыптар бойынша оқушылардың білім- дағдысын толықтыру

1.Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы(18-20ғ)

2.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1783-1797 жж.)

3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс(1836-1838жж)

4.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар(1837-1847жж)

5. 19 ғ. 50-70 жылдарындағы және 20 ғ басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

6.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Тест шешу (1сағат)

Тақырып 3. 20 ғ 20-80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер,қозғалыстар (10 сағат)

Төмендегі тақырыптар бойынша оқушылардың білім- дағдысын толықтыру

1.1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері

2.1958 ж. Теміртау көтерілісі

3.1979 ж. Целиноград көтерілісі

4.1986 ж. Желтоқсан көтерілісі.

Тест шешу (1сағат)

Қорытында қайталау Тест шешу (3сағат)








Тақырыптық жоспар.



Тақырып

Сағат саны

Тексеру

Қорытынды

теория

прак.

барлығы


17-18 ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі



8сағат



1

17-18 ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

3

1

4

Экспресс-тексеру

тест

2

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары

3

1

4

Экспресс-тексеру

тест

3

Тест шешу



1сағат

Экспресс-тексеру

тест

4

Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы(18-20ғ)


10



5

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1783-1797 жж.)

1

1

2

Экспресс-тексеру

тест

6

3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс(1836-1838жж)

жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер,қозғалыстар

1

1

2

Экспресс-тексеру

тест

7

.Кенесары Қасымұлы4 бастаған ұлт- азаттық қозғалыстар(1837-1847жж)

1

1

2

Экспресс-тексеру

тест

8

5. 19 ғ. 50-70 жылдарындағы және 20 ғ басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

1

1

2

Экспресс-тексеру

тест

9

6.1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс

1

1

2

Экспресс-тексеру

тест

10

Тест шешу



1сағат

Экспресс-тексеру

тест

11

20 ғ 20-80 ж.ж.

наразылықтар, көтерілістер,

қозғалыстар



10 сағат



12

1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері

1

1

2

Экспресс-тексеру

тест


1958 ж. Теміртау көтерілісі

1

1

2

Экспресс-тексеру

тест


1979 ж. Целиноград көтерілісі.

1

1

2

Экспресс-тексеру

тест


4.1986 ж. Желтоқсан көтерілісі.

1

1

3

Экспресс-тексеру

тест


Тест шешу



(1сағат)


тест


Қорытында қайталау Тест шешу



(3сағат)


тест
















Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия



Қазақстан тарихы пәні бойыншаэлективті курс

«Ерлер елі үшін туады!»












Орындаған: Байчулакова.Ж.А.



Боран.

2015 жыл.








© 2010-2022