Қазақ хандығына 550 жыл

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл



Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.

Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін (хандығын) құрудың негізі себептері мен алғышарттары еді.
- Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі және одан кейінгі барлық оқиғалар тәуелсіздіктің арнасына келіп құйып, сол арқылы мемлекеттің, қоғамның санасына сіңеді. Кез-келген тарихи оқиға, ұлы тұлғалардың қайраткерлігі, даналардың, тіпті Абайдың ұлы ойлары осы Қазақ мемлекеттігінің арнасына келіп құяды.Абайдың әр сөзінің өзінде осы тәуелсіздікке, Қазақ мемлекеттігіне деген арман-мүдде, толғаныс, әр өлеңінде «қазақ ел болса екен» деген ұлы аңсар бар. Сондықтан, Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық мерекесі - ұлы оқиға. Тәуелсіз мемлекет еңсесін көтеріп, тізесін тіктеп алып, өз қуатын өзі дәлелдейтіндей деңгейге жеткен кезде бұл тойлануы ерекше құбылыс.

Егер, Қазақ хандығына Керей мен Жәнібек үлкен күш салды немесе Қасым үлес қосты, Қазақ хандығы Ұлытаудың бауырында құрылды немесе Шудың бойында негізі қаланды, Өлкеаяқта жасақталды, Сығанақта құрылды деген секілді деректерді алға тартып, әр бұлақтың басына тартсақ, бұл тойдан береке кетеді. Мұндай ала пиғылды ойлар болмауы керек. Менің ойымша, тойдың төрі - Ұлытау, соның биігіне біз өзге халықтардың алдында бүкіл көшпелілердің өмірін елестетіп, солардың ұлы оқиғаларын еске түсіріп, өзгелерге иығымызды тік ұстап қарауымыз керек. Кешегі Александр Македонскийдің, Дарийдің, Кирдің шапқыншылық жорықтарына қасқайып қарсы тұрған Шырақ, Томирис, Зарина сияқты тұлғаларға қалқан болған қазақ даласының кіндігі - Ұлытау мекені.

Түркі қағанаты тұсында да, Моңғол шапқыншылығы кезінде де, Қазақ хандығы құрылған кезде де, «Ақтабан шұбырынды» тұсында да қазақ халқы кең даланың әр пұшпағынан жиылып келіп, осы Ұлытаудың айналасындағы ұлы далаға шоғырланған. Сол арада бас қосып, күш біріктірген. Сондықтан да, Ұлытау - қазақ тарихының шежіресі. Ұлытау - кешегі Батыс Түрік қағанатының, Жошы ұлысының, Қазақ хандығының «Ақтабан шұбырынды» және бодандық жылдарындағы Кенесарының панасы болған азаттық ұясы. Яғни, әр заманда, әр кезеңде Ұлытаудың бауырына жиылып, бірлік үшін таңба салып, анттасқан қазақтың соңғы ханы, азаттықты ұрандаған Кенесарының ордасы, киелі шаңырағы. Сондықтан, Ұлытау Қазақ халқының айбынын көтеріп, өзгелердің мысын басатын ұя. Біз соны асқақтата білуіміз керек. Жошының мавзолейі, Алаша хан, Ақсақ Темірдің тастағы таңбасы, Аяққамырдағы ұлы ескерткіштер, Едіге тауы, Қалмаққырған атауы Ұлытау ұлылығының де қарсы тұра алмайды. Осы тарихи айғақтарды өзгеге көрсету арқылы біз өз тарихымызды заттай дәлелдей аламыз. Ал, заттай дәлелденген нәрсеге ешкім

ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген. Олар жер және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты. Оған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтары да қазақ жеріне шабуылдар жасап жағдай мүлде нашарлады. 1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық, әсіресе, Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тарихи деректерге қарағанда, Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген. Ал Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамады. Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты өздерінің жеке ұлттық мемлекетін құру еді. Міне, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы елдегі саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болды.
Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуының басты бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуы тиіс. Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы, салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет. Хандықтар арасындағы талас-тартысқа ру-тайпалар қарсы болып, елде наразылық туа бастайды. Олар өзара бірігіп, ел болуды көздеген жағдайлар жиі-жиі көрініс табады. Оны Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтандарға бірігіп, Жетісу аумағына ауып кеткен жағдайда нені анық байқауға болады. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы (қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын, қоңырат, үйсін, дулат, жалайыр, албан, суан т.б.) басты үш аймаққа шоғырланды. Олар Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағы, Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағында орналасты. Көрсетілген ру-тайпаларды ХҮ ғ. өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан қазақтар, олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті. Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар тоқтамады. Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.

Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді. Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді. ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды. ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде, өз мақсаттарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды. Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты - Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді. Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негізін қалады.
Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алады. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы - Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша, Қозыбасы мен Шу аймағы еді. Бұл аумақ Жетісудың батысы, Қозыбасы тауы, атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін. ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген. Әбілқайыр хандығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хандығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ. Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.
ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Қараталдан Сырдарияға, Тянь-Шаньннан Қаратауға дейінгі кең байтақ, жазық даланы қоныстанған еді. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды. Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі, ділі, наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті. Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына, оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты. Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік-мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.
Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды? ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарын мазалай бастаған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.
Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты. Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады. Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын, қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады. Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.
Міне, жаңа құрылған Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде еді.
Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей, Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқылы болды. Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша, хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолға алады. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан - Барақ ханның бел баласы, Керей хан болса Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы, яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген.
ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынадай тарихи міндеттер қойды:
1) Көшпелі шаруалардың жайылымдарын пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;
2) Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;
3) Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.
ХҮ ғ. аяғында - ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер - Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды. ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде, Қазақ хандығының жер көлемі әлдеқайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.
Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды. Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын бір жолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды. Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік-экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.

Қазақ хандығы - бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзнедерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға

негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар

тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.

1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.

Жәнібек, Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді қазақ елі.

Алтай мен Атыраудың арасында

Жетісу, жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында.

© 2010-2022