Қазақстандағы 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы. Ақсу ауданы

Құрақсу ауылы

«Құдаш Мұқашев атындағы негізгі

орта мектебі, МДШО» КММ

тарих пәні мұғалімі Сарқытова Б.С


Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір көрінісі «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептері туралы түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының сыни тұрғысынан ойлай алу, өздігінен іздену, сенімділікпен жұмыс жасау, өз пікірін ашық айту, ғылыми тұжырым жасай алу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі заман талабына сай білімді, тарихын білетін әрі құрметтейтін, иманды, адамгершілігі мол, жат іс-әрекеттен аулақ, өзіне сын көзбен қарай алатын, ұлтжанды, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану

Көрнекілігі: Тақырыптық карта, интерактивті тақта

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру

Сабақтың кезеңдері:

1.«Қызығушылықты ояту»

Кубизм стратегиясын қолдану

2. «Мағынаны ашу»

«Инсерт» стратегиясы

«АКВАРИУМ» стратегиясы

3. «Ойтолғау»

«ФИШБОУН» стратегиясы

4. Үйге тапсырма

Өзіндік жұмыс

І. «Қызығушылықты ояту»

Кубизм стратегиясы

1.ХІХ ғ. І жартысында өнеркәсіп пен кәсіпшілікте қандай тұрақты жаңа салалар қалыптасты? (балық аулау,тұз өндіру, метал, тас көмір өндіру, жел диірмені,ұста дүкені, былғары зауыттары)

2. 1820 ж. тау - кен өндірісіне тартылған жатақтар саны қанша? (6мың адам)

3. Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен, Сібірмен, Қытаймен өзара тиімді сауда байланысын кеңейткен кезі?( ХХғ І ж )

4.1803ж Ресей үкіметі неге рұқсат берді? (көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға)

5. Қазақстанның батыс өңіріндегі ірі сауда орталығы. (хан Ордасы)

6. 1822 ж Жарғының алғышарттары қандай?

(1. Қазақстандағы ХVIIIғ соңы мен ХІХ ғ басында қалыптасқан әлеуметтік - саяси өзгерістер Қазақстандағы хандық билік жүйесін әлсіретті)

ІІ. «Мағынаны ашу» «Инсерт» стратегиясы

«1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғы» тақырыбын түртіп оқу

АКВАРИУМ

СҰРАҚ: «Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды?

ЖАУАП:1822 ж

СҰРАҚ: : «Сібір қазақтарының Жарғысы» кімнің басшылығымен дайындалды?

ЖАУАП: М.М.Сперанскийдің

СҰРАҚ : Жарғыны жасауға қатысқан болашақ декабрист кім?

Жауап: Батенков

Сұрақ: «Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша Қазақстанда құрылған

әкімшілік жүйесі.

Жауап: үш буынды 1.Округ. 2.Болыс. 3.Ауыл

Сұрақ: «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойнша ауыл неше шаңырақтан тұрды?

Жауап: 50-70 шаңырақ

Сұрақ: Жарғы бойынша болысқа кіретін ауыл саны.

Жауап: 10-12

Сұрақ: Округтер қайда бағындырылды?

Жауап: Омбы облыстық басқармасына

Сұрақ: : Жарғы бойынша қылмыстық істер қаралатын орган.

Жауап: округтік приказдар.

Сұрақ: «Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша сот ісі нешеге бөлінді?

Жауап: 3- ке

  1. Қылмыстық істер

  2. Шағым айту

  3. Талап ету

ІІІ. «Ойтолғау» «ФИШБОУН» стратегиясын қолдану

  1. жылғы реформаның салдары Қазақстанды қандай жағдайға әкелді ?

2014 жылғы 11.ХІ Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» реформасы Қазақстаннның әлемдік сахнадағы орнын қалай көрсетеді

Үйге тапсырма: Өзіндік жұмыс «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындау



© 2010-2022