Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек тақырыбындағы тарих пәнінен сабақ

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып: 7 «Б»

Мерзімі: 20.02

Тақырыбы:

Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек

Мақсаты

Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы білу керек

Күтілетін нәтиже

Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы аумағы мен қазақ хандары Керей мен Жәнібек туралы біледі.

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

5 саусақ әдісі, өкіл әдісі, ерекше күйме әдісі, Венн диаграммасы

Қолданылатын ресурстар

Интербелсенді тақта

Ұйымдастыру кезеңі


Тренинг

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін. Оқушыларды Керей, Жәнібек хан етіп 2 топқа бөлемін. Топ ережесін еске түсіремін.

5 саусақ әдісі арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызамын.

Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды. 3 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. Бір - бірінің жақсы мінездерін 5 саусаққа жазады

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Үй тапсырмасы

«Ерекше күйме» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?

Қазақ хандығы құрылуы қарсаңында Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасындағы талас-тартыс неден туды?

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына экономиканың дамуы қалай әсер етті?

Қазақ хандығының құрылуына экономиканың дамуы қалай әсер еткен?

Қазақ хандығы құрылуының қандай тарихи қажеттілігі болды?

Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар үлестіру

Берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру

Білу, түсіну


Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру.

Жеке, жуппен, топпен оқу. «Өкіл» әдісі

Тақырыпқа байланысты қысқаша мәлімет беру. Жеке, жұппен, топпен оқуға байланысты мәтіндерді көрсету.

Тақырыпқа байланысты жаңа мәліметті тыңдау, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау

Қолдану

Картамен, кестемен жұмыс. Білгендерін постерге түсіру

Ортаға бірнеше тапсырма беремін. Тәжірибенің орындалуын, сапалық нәтижесін айтамын.

Оқушылар суретпен арнайы ресурстармен жұмыс жасайды, түсіндіреді, көзбен көреді. Постермен айтады

Сергіту сәті

«Қыдырып қайтайық» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

Венн диаграммасы

1-топ: Керей мен Жәнібек және Н.Назарбаев

2-топ: Қазақ хандығы мен Қазақстан Республикасы

2-топқа тапсырмаларды таныстыру, ақ қағаздар үлестіру

Берілген тапсырма бойынша Венн диаграммасын сызу

Жинақтау

Тақырыпқа байланысты тест тапсырмасы

1.XV ғ.басында Әбілқайыр кімдерден жеңіліске ұшырады

А)орыс әскерінен

Ә)қытайлардан

Б)моғол хандығынан

В)ойраттардан

2.Моғолстан ханы кім еді

А)Мұхаммед Шайбани

Ә) Әмір Темір

Б) Ұбайдаллах

В) Есен-бұға

3. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды

А) Әл-Марвизи

Ә) Идриси

Б) Мұхаммед Хайдар Дулати

В) Рашид ад-Дин

4. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі

А) Моғол хандығы

Ә) Хиуа хандығы

Б) Ойрат елі

В) Орыстар

5. Керей мен Жәнібек Қозыбасыда Қазақ хандығын қай жылы құрды

А) 1464-65

Ә) 1465-66

Б) 1466-67

В) 1456-57

Тақырып бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа тест тапсырмалары тапсырылады

Тақырып бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

Бағалау

Критерилері:

  1. Үй тапсырмасы бойынша;

  2. Мәтінді талдау;

  3. Жеке, жұппен, топпен оқу.

  4. Салыстыру жұмысы

  5. Тест тапсырмасы

Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы бағасын шығарамын.

Өзін өзі топпн бағалайды

Оқушылар алдарына берілген бағалау парағын толтырады. Тақтаға шығып топқа баға береді. Ал қасындағылардың бағаларын ауызша айтады.

Рефлексия

Стикерлер таратылады.

1.Бүгін мен не үйрендім?

2.Сабақтан алған әсерім?

3.Бүгінгі көңіл-күйім?

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру



© 2010-2022