Орта ғасырдағы Түркия 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орта ғасырдағы Түркия 7 сынып


Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі











Сабақтың тақырыбы:

«Орта ғасырдағы Түркия»

Сынып: 7

Пән: Ортағасырдағы дүниежүзі тарихы

Күні: 26.01.16ж

Орта ғасырдағы Түркия 7 сынып


2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Орта ғасырдағы Түркия»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Орта ғасырдағы Түркия туралы оқушыларға толық түсіндіру.

ә) дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау қабілетін, тіл мәдениетін, шығармашылыққа дамыту.

б) тәрбиелік: Елін-жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, суреттеу, бекіту, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: саяси карта, компютер (слайд), бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу

  • Кезекші мәлімдемесі

  • Оқушылардың зейінің сабаққа видио көрсету арқылы аудару .

  • Үй тапсырмасын сұрау

  • Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгінгі ашық сабағымызды сайыс қылып өткіземіз. Сыныпты екі жұпқа бөлеміз. Сабақ барысында «Сырлы жол» ойынын ойнаймыз. «Сырлы жолда» түрлі тосықтар шығады. 1. Қарақшылар, 2. Семантикалық карта, 3. Математикалық есеп, 4. Сандар сөйлейді, 5. Жұлдыздар әлемі, Егер осы тапсырмалардан көп ұпай жйнап шыққан жұп алтын қазынаға ие болады.

І Үй тапсырмасын сұрау.

«Қарақшылар» ойыны: Бұл ойынның шарты бойынша оқушылар слайдда тұрған қарақшылар дың сұрақтарына жауап беру керек.Орта ғасырдағы Түркия 7 сынып


І-жұп: (Алғашқы 6 сұрақ)

  1. Тау өңірінде салынған сарай (Аджант)

  2. Орта ғасырлық Үндістанның бір ерекшелігі (Касталарға бөліну)

  3. Үнділердің дүниені жаратушысы құдайы (Брахма )

  4. Үнділер киелі деп санайды (Ганг өзені, сиырды, лотосты. )

  5. 5-7 ғасырдағы иеалистік көзқарас ұстанған философтар (Нагарджун, Джаймини, Васуб андху)

  6. Үндістан сәулетшілер-дің әлемдік деңгейде салынған кесене (Тәж-Махал кесенесі )

ІІ-жұп: (Кейінгі 6 сұрақ)

  1. 4-7 ғасырда Үндістанда дамыған дін (Будда діні )

  2. Үнділердің күйретуші және қайта құрушы құдайы (Шива құдайы )

  3. Қазіргі заманда Үндістанда қандай діндер дамыған? (Буддизм, христиан, ислам. )

  4. Жердің Күнді айналатынын айтқан алғашқы ғалым. (Арьбхата)

  5. Жердің Күнді айналатынын айтқан алғашқы ғалым. (Калидаса )

  6. Әр кастаның кәсібі қалай көшіріліп отырды? (Әкеден балаға )

ІІІ Жаңа сабақ:

Компютермен слайд көрсетіледі. (Түркияның тарихы, мәдениеті туралы).

Орта ғасырдағы Түркия.

Осман империясының құрылуы. ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азия қуатты мемлекет Түрік-Осман империясы құрыла бастады. ІХ ғасырда Сырдың орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекетті құрылды. ХІ ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еоропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғырыл бек Хорезмді, Иранды, Азербайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды.

Оғыздардың қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары. Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды. Монғалдар шапқыншылығынан кейін ыдырапкеркен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынанқоныс аударған. Түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осыман сұлтан 1258-1326 қалаған еді. ХІV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйыдастыра бастады.

1363 жылы сұлтан І Мұрад Андрионополды алды да, өз астанасын сонда көшірді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналды. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.

1389 жылы түріктер Сербияға шабул жасайды. Шешуші ұрыс 15 маусымда Косова даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны І Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич І Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтірілді. Балқан түбегін бағындыру І Мұраддың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдарым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгарлардың Тырнова патшалығын бағындырды.

1453 жылы сәуірдің басында ІІ Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерлерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алды. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза тапты.

Константинополь Стамбұл атымен Осман империясы болып жарияланды. Осман түріктері ХІV-ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін санжаққа (облысқа) бөлді. Феодалдық жер иелігі - спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер - вакуф деп аталды.

Балқан түбегіндегі халықтарға мемлекеттік салық салынды. Жер салығы - харадж енгізді. 5-7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиеленіп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді.

Үріш салығы - өнімнің түсімінен алынатын салық түріне жатады. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады.

Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіәне тыйым салынды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балқан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық күреске шығып отырды.

Осман империясының құрылымы. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. І Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжақтарға бөлінді. Уәлаяттарды билер басқарды. Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды.1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодал; 3) Көпестер мен қала тұрғындары; 4) Шаруалар. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық - харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.

Болгар және серб партизандары өздерін «гайдуктер» деп атады. 1593-1598 жылдары, орыс-түрік соғысы кезінде күрес біршама күшейді. Ресей империясы діні бір ел - болгар, сербтерді қолдапотырды. Алғаш рет ұйымдасқан көтеріліс 1598 жылы Тырнова қаласында болды. 1594 жылы серб халқы Австрия мемлекетіне арқа сүйеп , түріктерге қарсы шықты. Түрік езгісінен қашқан сербтер Воеводин жеріне орналасты. Түрік үстемдігі Балқан түбегінде 1389-1878 жылдарға дейін созылды.

Түрік мәдениеті. Түркияда жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері ХІІІ ғасырда пайда болды. Тұңғыш шығармалар сопылық сарында жазылды. Көне шығармалардың қатарына Ахмед Факихтің «Тағдыр кітабы» жатады. Түрік тілінде ең алғашқы шығарма - сопы Ашик паша жазған «Қуғындылаушының кітабы» (поэма) болды.

Түрік музыкасы басқа да түрік халықтарының музыкасымен сабақтас. Мысалы, мани,қошма, тюркю әндері Орта Азия, Қазақстан, Азербайжан музыкасымен әуендес болып келеді. Музыка аспаптары: кеманча, ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дәф, давул т.б.

ІV Жаңа сабақты бекіту:

  1. Семантикалық карта:


Болгар және серб партизандары

Ақшалай салық

Жер салығы

Облыстар

Әскер

Жер иелігі

Мешіт жерлері

«Мал»

Өнім салығы

Аймақ басшылары

Уақытша берілетің жер

Християндар төлейтің салық

Санжақ




+









Бейлер










+



Спахи






+







Вакуф







+






Харадж



+










Янычар





+








«Райя»








+





Үшір









+




Лен











+


Жизия












+

Испандже


+











Гайдуктер

+













  1. Есеп шығару:

1.2000-648; 353+1001; (1352-1354жж- Галлиполь қаласын басып алу)

2.1003+370-13; 2000-597; (1360-1403-Иылдырым Баязит)

3.1020/2+530; 1060; (1040-1060- Кіші Азияда Салжұқ түрік мемлекетің құрды)

4.2000/2+453; (ІІ Мехмед Константинополь қаласын жаулап алды)

3. Сандар сөйлейді:

96%- Косоводағы албан мұсылмандары;

4- Осман империясының бөліктері;

21-Осман империясындағы уялаяттар;

5-7- янычар құрамына алынатын ұл балалар;

200-мың түрік әскері.

4.«Жұлдыздар әлемі» ойыны: Бұл ойында сайдтағы жұлдыздарды таңдап сол жұлдыздың сұрағына жауап береді.

І-жұп:

  1. 9 ғасырдың Сырдың орта және төменгі ағысында құрылған мемлекет (Оғыз )

  2. Манғол шапқыншылығынан кейінгі ыдырап кеткен мемлекет (Салжұқ )

  3. 1363 жылы сұлтан 1 Мұрад астананы қай қалаға көшірді? (Андрионопольға )

  4. 1453 жылы 200 мың әскермен Константинополь қаласын кім қоршады? (ІІ Мехмед сұлтан )

  5. Серб сарбазы Милош Обилич кімнің шатырына кіріп ту сыртынан қанжар салып өлтіреді? (І Мұрад )

  6. І Сүлейман кезінде Осман империясы неше уәлаяттан құрылды? (21 уәлаяттан )

ІІ-жұп:

  1. Осман империясы неше әлеуметтік топтан тұрды? (4 әлеуметтік топтан )

  2. 11 ғасырдың аяғында Кіші Азияда құрылған мемлекет (Түрік-Осман империясы )

  3. Салжұқтың немересі (Тоғрыл-бек )

  4. 1389 жылы түріктер қайда шабул жасайды? (Сербияға )

  5. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Баязитке қандай атақ берілді? (Иылдарым (Найзағай) )

  6. "Райя" деген сөз қандай мағананы білдіреді? ("Мал" )

Қорытындылау: Жеңімпаз аңықтау және марапаттау.

Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма: Орта ғасырдағы Түркия.

Рефлексия: «Маған бүгін сабақ ұнады, себебі .......»

«Маған бүгін сабақ ұнамады, себебі.....»





© 2010-2022