• Преподавателю
  • История
  • Открытый урок по истории на тему: : ХІV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы (7 класс)

Открытый урок по истории на тему: : ХІV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы (7 класс)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: ХІV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылар ХІV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы жайында алған білімдерін талдай алуы тиіс.

2. Сабақтың соңында материалдық мәдениеті мен рухани мәдениет, музыка өнері және діни наным-сенімдері жайында ойларын жинақтап, өздерін және өзара бағалау жасауы тиіс.

3. Материалдық мәдениеті мен рухани мәдениет, музыка өнері және діни наным-сенімдері жайында ойларын жинақтап, алған білімдерін өмірде қолдана алуы тиіс.

Сабақтың міндеті:

1.Оқушыларды алған білімдерін қолдана отырып, талдауға жағдай жасау, тапсырма. беру.

2.Ойларын жинақтап рефлекс жасату.

3.Өздеріне және өзара жанындағы жолдасын бағалауға үйрету, баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ХІV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы жайында толық біледі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: АКТ. Миға шабуыл әдісі, жиынтық бағалау.

Пән аралық байланыс: география

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау. ХІV-XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы.

Өз бетінше игеру. 10 минут. Топтарға тапсырма беріледі. Постер жасату.

Постер жасап қорғайды.

Әр топ өз тақырыптары бойынша басқа топтарға сұрақтар қояды.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Материалдық мәдениеті.

2. Рухани мәдениет.

3. Музыка өнері.

4. Діни наным-сенімдер.

Бекіту:

1. Материалдық мәдениет дегеніміз не? (кез келген халықтың материалдық мәдениеті сол халықтың шаруашылығына байланысты болады)

2. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз? (рухани мәдениет белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі)

3. Фольклорға нелер жатады?

4. Авторы белгілі ауызша поэзияның өкілдері кімдер? (кетбұға, қотан, сыпыра жырау, асанқайғы)

5. Музыка қалай пайда болды?

6. Діни наным-сенімдер жайында не білесіңдер?

7. Шаманизмнің қандай наным-сенімдері сақталған?

«Мерзімдерді жатқа айту» оқыта үйрету ойыны.

Енді мынадай жарыс өткіземіз. Барлығыңыз оқу мәтінін мұқият қарап шығып, сосын оны есте жаңғыртып, жатқа айтасыздар. Бірінші сөзді барлығыңыз да жаттап қалатын шығар деп ойлаймын, ал әрі қарай кімнің қаншаға шамасы жетеді. Мәтінді оөып шығып, есте сақтап қалуға 1 минут қана беріледі.

ХІІІ-ХV авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері де дами бастайды. Оның өкілдері: аттары бізге аңыз болып жеткен Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан қайғылар.

Тест сұрақтары:

1.Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделді?

а) мал басынан алынатын ә) саудаға б) қолөнерге в) жер өңдеу кәсібіне

2.Қуаңшылық жылдары қандай ырым жасалған?

а) тасаттық ә) пұтқа жалбарыну б) көкке табыну в) әруақтарға сыйыну

3.Қазақстанның байырғы тұрғындары тұрғындары аспан әлемін қалай атаған?

а) көк тәңірі ә) жаратушы б) әруақ в) пір

4. Қазақстанда ислам діні қай ғасырда тарай бастады?

а) VIII ә) IX б) X в) XI

5. "Қазақ» атауы ХІІІ ғасырға дейін қандай мағынада қолданылып келді?

а) еркін адамдар ә) жауынгерлер б) көшпелілер в) бақташылар

Бағалау.

Үй тапсырмасын хабарлау. &34. Қазақстанның ХІV-XV ғасырлардағы сәулет өнері.

142-147 бет.


© 2010-2022