Сабақ жоспары Бөкей ордасының құрылуы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы 8 класс

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Бөкей хандығы. Бөкей хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бөкей Ордасының құрылуы мен әлуметтік-экономикалық, шаруашылық дамуына тоқталу

  2. Адамгершілікке, бейбітшілікке тәрбиелеу

  3. Оқушылаардың өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Карталар, тірек-сызбалар, сызбалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аударту

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845жылға дейін өмір сүрді.

XVIII-XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.

  • Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.

  • Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды.

  • Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті.

  • Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі

«бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті



Сабақ жоспары Бөкей ордасының құрылуыСабақ жоспары Бөкей ордасының құрылуыСабақ жоспары Бөкей ордасының құрылуыСабақ жоспары Бөкей ордасының құрылуы1801 ж 11 наурызда

Сабақ жоспары Бөкей ордасының құрылуыІ Павел жайықтың оң жағ

Алтын медаль астрахан, саратов, орынбор

Сабақ жоспары Бөкей ордасының құрылуы

Сабақ жоспары Бөкей ордасының құрылуыЖайық оң жағы 5 мың

1897 жылғы Ресей империясының

Жалпыға 1801 жылы 5 мың отбасы

халық санағының қорытындысы

Өйткені Жәңгір ханның толық ішкі автономиясы және өз алдына дербестігі сақталды. Оның қолына бүкіл әкімшілік және сот билігі шоғырландырылған еді. Жәңгірдің тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекелеген сұлтандар билеп-төстеді. Рубасылары мен старшындарды ханның өзі тағайындады. Старшындарға еңбекақы халықтан жиналатын салықтың есебінен төленетін.Зекет және соғым ретіндегі бұрыннан бар төлемдер енді «мал басына салынатын салық» деп аталатын бір-тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Өзінің жеке билігін нығайта түсу үшін хан сот билігін өзі қатаң бақылауда ұстады. Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне ханның өзі тікелей қатысып отырды. Бұл ретте орыстарды күштеп тұтқынға алып, құлдыққа сатып жіберуге, қарақшылықпен ел тонауға, адам өлтіруге қатысты мәселелерге байланысты қылмыстық істер бойынша ғана шағым жасауға рұқсат етілетін. Неғұрлым ұсақ-түйек істердің тағдыры билер сотында шешіле беретін. Жәңгір хан билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды.Жәңгір хан сауда жасау ісіне қолдау көрсетіп, көтермелеп отыру саясатын жүргізді. Атап айтқанда, жәрмеңкеге

саудагерлерді тарту үшін оған төленетін баж салығын ең төмен мөлшерде белгіледі. Сату және сатып алу ісінде жазбаша келісімшарттар жасасу, тілхаттар беру тәртібін енгізді. Ханның қол астындағы адамдардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, орыс көпестеріне оның өзі кепілдік беретіндігін мәлімдеді. Сөйтіп Ішкі Орда қысқа мерзім ішінде Ресейдің еуропалық бөлігіне мал және мал өнімдерін бере алатын ірі орталыққа айналды

Хан өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті мен білімін енгізу саласында қыруар көп жұмыстар атқарды.1835 жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мұсылман мешіті ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. Хан Аллаға қалай кұлшылық етудің үлгісін өзі бас болып үйретті. Ресейдің зерттеуші ғалымы А. Алекторовтың айтуына қарағанда

"

хан бірде-бір рет намазын қаза қылмаған, жұма сайын сұлтандармен бірге мешітке барып тұрған, рамазан айындагы ораза кезінде онда таң атқанша болып жүрген.

"

1841 жылы Жәңгірдің өз бастамасы бойынша алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Жәңгір хан ондағы шәкірттердің тізімі мен сабақ үлгеру бағаларын жылына үш рет өзі қарап, тексеріп отырған. Ол мектептің бүкіл шығынын өз қаржысының есебінен өтеген. Жәңгір хан қазақ балаларының Ресейдің оқу орындарында оқуын жақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар балаларды Санкт-Петербургта, Мәскеуде, Астраханда, Саратовта, Қазанда және Орынборда оқытуға жеке өзі көп күш-жігер жұмсаған. Мәселен, өзінің қол астындағы халықтың балаларын оқыту үшін Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берілуіне қол жеткізген. Бөкей Ордасына барып оқығандардың бірқатары кейінірек көрнекті инженерлер, орманшылар, әскери қызметшілер, ғалымдар ретінде даңққа бөленді. Жәңгір хан барлық жерде іс қағаздарын жургізу тәртібін енгізді, жеке өзінің мұрағат қызметін құрды. Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгізді. Оның күш-жігер жұмсауы арқасында Ішкі Ордада аурухана және дәріхана ашылды. Ол далалық жағдайда бірінші болып Ішкі Орданың топонимикалық және географиялық картасын жасатты. Жәңгір хан аң аулауды өте жақсы көрді. Ол қару-жарақ палатасын ашу жөнінде де бастама көтерді. Бірақ оны жасау ұзақ жылдарға созылды. Онда сирек кездесетін қару-жарақ түрлері, соның ішінде орыс патшаларының қазақ хандары мен сұлтандарына сыйға тартқан мылтықтары мен қылыштары да болды. Палатада қымбат бағалы, әшекейлі ер-тұрмандар, ат әбзелдері, жүгендер, сауыттар, дулығалар, қалқандар сақталды Қару-жарапақ палатасында Жәңгір хан өзі бас болып, экскурсиялар өткізіп тұрды, тіпті Хан ордасы жанындағы мектептің оқушыларынан өзі емтихан қабылдап та жүрді. Бөкей хандығының билеушісі көшпелі қазақтардың отырықшылық өмір салтына көшуін қолдап, көтермелеп отырды, шөп шабуды үйретті. Ол мал тұқымын асылдандыру ісіне де белсене араласты. Ресейдің еуропалық бөлігінен ауыл шаруашылық құрал-саймандарын көптеп жеткізуге нұсқау берді. Жәңгір ағаш отырғызу ісіне көп көңіл бөлді. Оның тікелей нұсқауы бойынша 50 мың гектар жерге ағаш отырғызылып, көгалдандырылды. Ағашты кескен, сындырып бүлдірген айыпты адамға 25 рет дүре соғылған. Сөйтіп бір кездегі құм басқан шөл дала гүлденген алқапқа айналды.

Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны

Ішкі Орданың немесе Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарды. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі бдерінің бұрынғы атамекеніне қайта қоныс аударып, бекініп алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденіп қалуының сәті түсті. Жәңгір хан Ішкі Ордада хан билігін сақтап қалды, сол арқылы Қазақ мемлекеттілігінің 1845 жылға дейін өмір сүруін қамтамасыз етті. Жәңгір ханның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ мен Жайық арасындағы қазақтар өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту салаларында елеулі табыстарға кол жеткізе алды. Сонымен қатар жер мәселесінің асқынуы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліске алып келді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

  • Қазақтардың жайықтың оң жақ жағалауына көшуінің негізгі себептері

  • Жәңгір хан басқарған жылдардағы өзгерістер

  • Осы кездегі шаруашылық-экономикалық өзгерістер

Ү. Қорытындылау, бағалау


© 2010-2022