Қысқа мерзімді сабақ жоспары Моғолстан

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


САБАҚ: 25 Моғолстан (XIV ғасырдың ортасы-XVI ғасырдың басы)

Мектеп: «№19 орта мектеп» КММ

Күні:13.01.17

Оқытушының аты-жөні: Сейтказиева Айгүл Жұмабекқызы

СЫНЫП: 7 сыныптар

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларды Моғолстан мемлекетінің тарихымен таныстыру
Моғолстан мемлекетінің өрлеу және құлдырау себептерін ашып түсіндіру.Ойлау және сөйлеу, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасай білуге үйрету. Оқушыларды бір -бірін бағалауға дағдыландыру.

Сабақтың мақсаттары

  • Барлық оқушы істей алады: Оқулықтағы берілген мәтінді оқып, негізгі ойларын анықтайды.

  • Көпшілігі істей алады: Берілген тапсырма аясында сұрақтар қоя алады

  • Кейбірі істей алады: Өздерінің қабілеттеріне қарай сұрақтарға жауап беріп, ойларын айта алады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың сөздік қорын молайту және өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.

Алдыңғы білім

Бұл бөлім, алдындағы барлық меңгерілген бөлімдермен байланысты.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. 3-минут.

1.Сәлемдеседі
2. Ынтымақтастық атмосфера орнатады.

3.Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу
1,2,3,4,5 сандары

4. Топбасшысын сайлайды
5. Топ ережесін еске түсіреді

Балалар,үйге қандай тапсырма берілді? Қайталап жіберейік

II.Үй тапсырмасын сұрау 7 минут.
Сұрақтарға жауап:
1. Монғол империясының құрылуы туралы не білесіңдер?
2. Жасақ (Яса) дегеніміз не?Заң,жарғы.монғолдың әдет-құқығы.Екі бөлімнен:Шыңғысханның өзінің нақыл сөздерінен,екінші заңдарды орындамаған үшін тиісті жазалар белгіленген әскери және азаматтық заңдар жиынтығынан тұрады.
3. Монғолдар қандай көрші елдерді жаулап алды?
4. Монғол шапқыншылығының қазақ жеріне тигізген зардаптары қандай?
5. Алтын Орда қай кезде құрыла бастады?
6. Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды?
7. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы туралы не білесіңдер?
8. Ақ Орда қай кезде құрыла бастады?
9. Ақ Орданың аумағына Жошы ханның қай балаларының иелігі кірді? Картадан көрсетіңдер
10. Әмір Темір мен Тоқтамыс ханның шабуылы туралы айтып беріңдер
11. Ақ Орданың хандарын атаңдар?
12. Ақ Орданың экономикалық жағдайы қандай?
Балалар сұрақтарға толық жауап бердіңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Моғолстан» мемлекеті
- Балалар «Моғолстан» мемлекетін білеміз бе?
-Неліктен Моғолстан деп аталған?

- Моғолстанның алып жатқан аумағын кім картадан көрсетер екен?Оған қазіргі Қазақстанның қай бөлігі енді?

-Моғолстан билеушілерінен кімдерді білесіңдер?

Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып,сұрақтарға жауап іздейді.

Оқулық, ақылды тақта,бейнероликтер,

суреттер,

смайликтер,бағалау парақшалары,топ атаулары,топ ережесі т.б.

Ортасы




III. Жаңа сабақ

Топтық жұмыс

І тапсырма.«Миға шабуыл» Әр топқа жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма үлестіріліп беріледі. Оқушылар таратылып берілген әңгімені оқып, талдайды.
І топ - Моғолстан мемлекетінің құрылу себептері
ІІ топ - Моғолстан билеушілерінің тарихтағы орны,ішкі және сыртқы саясаты.
ІІІ топ - Моғолстанның өрлеу және құлдырау себептері

IV-топ-Қазақстан тарихындағы Моғолстанның ролін ашып көрсету.10 минут.

V-топ- Әмір Темір жорықтарының зардаптары қандай?
2 тапсырма. Ашық түрдегі тест тапсырмалары.15-минут.

Шағатай ұлысының басты қаласы Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды.

Шағатай әулетінің жалпы мемлекеттік алғашқы теңгесі күміс теңге Кебек (хан атауы) кболды.

Хайду дүние салғаннан кейін Орта Азияда,Жетісу мен Шығыс Түркістандағы жоғары билік Үгедей ұрпақтарынан қайтадан Шағатай ұрпақтарына өтті.

«Тарих-и-Рашиди» бойынша 14-16 ғасырдың басында Моғолстанға Жетісу және қазіргі Қырғызстан аумақтары енді.

Моғолстан мемлекеті әкімшілігіндегі жоғары қызмет Ұлысбек қызметін мемлекеттің негізін салушы әмір Поладшы иеленді.

Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші «Батпақ шайқасы» болады.

3 тапсырма. Бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар жабық тест жұмысы.

  1. Орта Азиядағы монғолдық мемлекет атауымен және түрік әдеби тілі атауымен Орта Азияда қалыптасқан тіл

А.Толы

В.Тимучин

С.Үгедей

Д.Шағатай

Е.Жошы

2. 14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының шығыс жартысында қалыптасқан мемлекеттің ортағасырлық деректердегі аталуы

А.Темір мемлекеті

В.Ақ Орда

С.Көшпелі өзбектер мемлекеті

Д.Ноғай Ордасы

Е.Моғолстан

3. Шағатай хандығы екі жеке мемлекетке бөлінген мерзім

А.14 ғас орт

В.17 ғас соңы

С.15 ғас соңы

Д.16 ғас орт

Е.16 ғас басы

4.Моғолстан билеушілері әулетінің негізін қалаушы

А.Өзбек хан

В.Жошы хан

С.Тоғылық Темір

Д.Меңгу хан

Е.Тоқтамыс хан

5. Исламды Моғолстанның мемлекеттік діні деп жариялаған

А.Уәіс хан

В.Тоғылық Темір

С.Есенбұға

Д.Жәнібек

Е.Ұрұс хан

4 тапсырма.Термин сөздермен жұмыс.

Ұлысбек-Моғолстандағы жоғарғы қызмет,ханнан кейінгі екінші адам

Зекет-көшпелі малшыдан алынған салық

Баж-егіншілер мен қолөнершілерден жиналған салық

Харадж-егіншілерден жиналған салық

Шайбани ұрпақтары-Жошының ұлы ,15-16 ғас көшпелі өзбектер хандығында,Сібір хандығында және Мауереннахрда билік етті.

Оқулықпен, дәптермен жұмыс, сөйлемді толықтыру, тақырып мәнін ашу.

Үлестірмелі тапсырмалар

(технологиялық карта)

Суреттер,маркер, ватмант,карта.т.б.Постер қорғау

Үлестірмелі тапсырмалар

(технологиялық карта)

Оқулық,дәптер

Соңы




IV.Сабақты бекіту: 3 минут

Тапсырма №1. «Ой тұжырым» Әр топ бүгінгі сабақта моғолстан мемлекетінің тарихында ұнаған жерін бір сөзбен айтып шығу.

V.Үй тапсырмасы: 2 минут
1.Тақырыпты оқу
2. Моғолстан мемлекетіне сатылай кешенді талдау жасау
VI.Бағалау: 3 минут
Мұғалімнің бағалауы
Жиынтық бағалау
Сабақтың ә рбір кезеңінде оқушыларды марапаттап жұлдызшалар беріп отыру
Кері байланыс-Мен ойымша......




Рефлексия


© 2010-2022