Қазақ хандығының құрылуы сабақ жоспары

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ хандығының құрылуы сабақ жоспарыСабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының негізінің қалану тарихымен,Жәнібек пен Керей хандардың халқына,жеріне,еліне сіңірген қызметімен таныстыру.

Дамытушылық: Қазақ хандығының тарихтағы орнын,зерттелуі туралы ой-өрісін кеңейту,тарихи танымын молайту.

Тәрбиелік: Өз еліне деген патриоттық сезімін ояту,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, ой - толғау

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Керей мен Жәнібектің портреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу

Ә) Топқа бөлу (түстер бойынша)

«Хандар» тобы

ҚЫЗЫЛ - шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын адамдар.

«Билер» тобы

САРЫ - қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.

«Батырлар» тобы

ЖАСЫЛ - қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.

Б) Сәттілік тілеу

Осы қасиеттеріңіз бойларыңызда дари берсін.

ІІ. Қызығушылықты ояту

1 Қазақтың ұлы билерін ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

2 Қазақтардың қандай ержүрек батырларын білесіңдер? (Қабанбай, Бөгебай, Наурызбай, т.б.)

3 Отырар қаласының билеушісі кім болды? (Қайыр хан)

4 Қабанбай батырдың шын есімі? (Ерасыл)

5 «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарған ханды ата? (Тәуке хан)

6 Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? (Керей мен Жәнібек)

ІІІ. Жаңа тақырып

«Қазақ хандығының құрылуы»

Бейнефильм көрсету: «Қазақ елі»

Сауалдар сыр шертеді: Кімдер?_________________________________________________________ Қайда?__________________________________________________________ Қашан?__________________________________________________________ Неліктен?________________________________________________________ _______________________________________________________________

Мұғалімнің сөзі:
1465 -1466 жылдары Батыс Жетісу Қозыбасыда Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.

Топтық жұмыс:

«Хандар» тобы: Керей мен Жәнібектің шығу тегін анықтау (схема құру)

«Билер тобы»: Қазақ атауының шығу тарихын анықтау (сызба құру)

«Батырлар тобы»: Қазақ хандығының құрылуы

ІҮ. Сергіту сәті: Анаграмма шешу (берілген әріптерді орнына қойып, дұрыс сөздерді жазу, артық қалған әріптерден бір сөз шығады, сол сөзге мақалдар айту керек)

«Хандар» тобы:

ЕРЕКЙЕ- Керей - Е

ӘЖІНЕКБҢ- Жәнібек - Ң

ӘТУЕКБ - Тәуке - Б

БЙАЫАЛЕ - Абылай - Е

СЕМІК - Есім - К

«Батырлар» тобы:

ЙБӨГНЕАБЕ - Бөгенбай - Е

АҚБНААБЙҢ - Қабанбай - Ң

АНУРЗЫАЙББ - Наурызбай - Б

ТЕСЕЕ - Есет - Е

АБЯНК - Баян - К

«Билер тобы»:

ӨЛТЕЕ - Төле - Е

АҚЗЫЕКБҢ - Қазыбек - Ң

КЕЕТЙӘБ - Әйтеке - Б

ЙМАЫҚЕ - Майқы - Е

ӘТУЕКК - Тәуке - К

Ү. Бекіту:

Ой - толғау:

«Егер де мен хан болсам...»

«Егер де мен батыр болсам...»

«Егер де мен би болсам...»

ҮІ. Үйге тапсырма:

Қазақ хандығының құрылуы

Керей мен Жәнібек хандар туралы қосымша мәлімет.

ҮІІ. Бағалау.










Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі












(Ашық сабақ)

7 - сынып









Мұғалім: Изгалиева Э.З










Ынтымақ - 2016 ж.

© 2010-2022