Түргеш қағанаты 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы

&3.Түргеш қағанаты.

«БАЖ» КАРТАСЫ «БЕЛГІЛІ», «АРНАЙЫ», «ЖАҢА»

Мақсаты: оқылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішне жету. Кірісте ақпаратты реттеу білігін қалыптастыру. Ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Оқушылар үшін - индукция және дедукция, зейін, қабылдау, жадыны жаттықтыру және толығымен ойлау түрлерін түйінді қалыптастыру. Дұрыс жазу шапшаңдығы мен техникасын дамыту.

Міндеті: Карта регламентін орындау. ұяшықтарды дұрыс толтыра отырып, кілтті сөздер арқылы ақпараттың белгілі көлемін арттыру.

Жоспарланған нәтиде: Алға қойылған мақсатқа жету. Оқу үрдісіне деген жоғарғы мотивация.

Кестені толтыру әдістемесі: кесте үш бағанды бөлікке бөлінеді: белгілі, арнайы, жаңа.

1. Әр баған лекциялық материалдың берілген шегіне байланысты толтырылады. Арнайы мағынасына қарай, белгілі пәннің тілін көрсететін арнайы - сөздер бөлек жазылып көрсетіледі. Мысалы, тарих: эпохалар, күндер, сандар, тарихи тұлғалар, тарихи терминдер. «Белгілі» бағанына оқушыға таныс тірек сөздер жазылады, ал «Жаңа» бағанына - белгісіз. Оқушыларға конспектілеу рухсат етілмейді. Кестенің үш бағанын толтыру, мұғалімнің сабаққа дейін әр бағанға жеке таңдалып нақтыланған түсінікке негізделінген болуы тиіс.

«Белгілі, арнайы, жаңа» кестесі

3 тип оқу сабағы

Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді түрде қолдану бойынша оқу сабағы: мотивация > білім мен іс-әрекеттер тәсілдерінің кешенін өзектендіру > ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетінше білімдерін қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.


Карта бойынша жұмыс ретін түсіндіреді. Сыныпты белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі.

1 кезең

Іс-әрекет тәсілдері мен білімдер кешенін өзектендіру

Өткен сабақтың тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ. Үй жұмысын тексеру.

&2.Батыс түрік қағанаты

1.Батыс түрік қағанаты қай жерлерді алып жатыр?

2.Батыс түрік қағанатының құрылған жыл?

3.Қағанның этникалық құрлымы қандай болды?

4.Қағанатты алғашқы кезде кім басқарды?

5.Қаған саяси жағдайы қандай болды?

6.Тардуш қаған қай жылы қағанды басып алды?

7.Шегу мен Тон қағанды қай жылдары басқарды?

8. «Селиф» деген атты кімге берді?

9.Византияға қарсы қай жылы шықты?

10.Қағанда қай жылы талас-тартыс басталды?

11.Он оқ будун кім?

12.Қытай мемлекеті қай жылы Жетісуға басып кірді?

13.Тан империясының нәтежесі қалай болды?

16.Батыс түрік қағанаты қашан қалыптасты?

17. Батыс түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті?

18. Түрік қоғамында «тат» деп кімді айтқан?

19.Қағандықтың әлсіреуіне не себеп болды?

20. Батыс түрік қағанатында қандай шаруашылың түрлері болды?

Бірінші белгілеу.

Ұқсас және жаңа жағдаяттарда өз бетінше білімдерін қолдану

Жаңа тақырып. &3.Түргеш қағанаты.

Мұғалім дәріс оқиды, оқушылардың жұмысындағы анағұрлым сипатты қателерді табу үшін мүмкіндігінше сыныпта арлап жүреді. Ақпаратты жеткізу тәсілі әр түрлі болуы мүмкін: фильм көру, аудио тыңдау арқылы, мультимедиялық тұсаукесер, монолог, диалог, оқулықтағы мәтінді өңдеу барысындағы талқылау немесе мұғалімнің еркімен таңдалған кітап.

Мұғалім 5 минуттан кем емес 10 минуттан артық емес уақыт арлығында дәріс (лекция) оқиды.


Мұғалімнің жоспарлаған түсініктен оқушы қажетті бағанға сөздің 60% кем емес сәйкесті сөздерді жазған жағдайда қосу белгісі қойылады. Егер де, уақыт мүмкіндігі болса, мұғалім оқушыға үш бағандағы жазған сөздерінің барлығын оқытады, бірақ жоспарлы кезеңге белгі (баға) қойылмайды.


Түзету


Бұл кезеңде «Арнайы» бағанын толтыру бойынша оқушылар жұмысына кең ауқымды талдау жасалынады. Мысалдар келтіріледі және оқушылардың анағұрлым сипатты қателерін анықтайды. Қойылған міндеттерді шешу үшін дұрыс жолдары көрсетіледі.

Баға қойылып және кезең аяқталғаннан соң мұғалім өзінің жоспарлық түсініктерін оқиды.

Түйсіну


Мұғалім тағы да, «Жаңа» бағанын толтыру ұстанымын, «Арнайы» бағанын толтыру барысындағы мәліметтердің нәтижесін айта отырып түсіндіреді.

бірінші кезеңде сәтті орындаған оқушыларды ауызша мадақтап өтеді.

2 кезең

«Жаңа» бағанының толтыру.

1 кезең қайталанады.


Егер де, уақыт мүмкіндігі болса, мұғалім оқушыға үш бағандағы жазған сөздерінің барлығын оқытады, бірақ жоспарлы кезеңде ғана белгі (баға) қойылады.


3 кезең

«Белгілі» бағанының толтырылуы.

1 кезең қайталанады.


Егер де, уақыт мүмкіндігі болса, мұғалім оқушыға үш бағандағы жазған сөздерінің барлығын оқытады, бірақ жоспарлы кезеңде ғана белгі (баға) қойылады.

Төртінші белгілеу.

Сөздік қор

Оқушылар оқытылып жатқан тақырыпқа сай ТСҚ (тақырыптық сөздік қор) жазады.

Бесінші белгілеу.

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асады: - 4-5 белгі - 5 ұпай; - 3 белгі - 4 ұпай; - 2 белгі - 3 ұпай; - 1 белгі - 2 ұпай.

Сапа нормативі карта бойынша орындалды деп есептеледі егер де,: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алса. 3 кестені қара.

Үйге тапсырма

4 тен кем орын алған үштік оқушылары үйге тапсырма алады.

&4.Қарлұқ қағанаты тақырппен танысып келу.




© 2010-2022