• Преподавателю
  • История
  • Қазақстан тарихы 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс 8 сынып

Қазақстан тарихы 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс 8 сынып

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы 8 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.
Сабақтың мақсаты:
• Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету;
• Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру;
• Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба

І. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Елек өзені аумағындағы жерлерді алу қай жылы басталды?
2. Орск және Троицк қамалдары арасында шеп тұрғызу үрдісі қалай жүрді?
3. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс жайында әңгімеле бер?
4. Жаңа шеп аймағының құрылуы (1835ж) жайында әңгімеле.
5. ХІХ ғ. 20 - 30 ж. көтерілістердің жеңілу себептері мен тарихи маңызы неде?

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Көтерілістің мақсаты, себептері мен қозғаушы күштері
2. К. Қасымұлы. Қазақ хандығын қалпына келтіру.
3. Ханның басқару, экономика, сауда салаларындағы өзгерістері. Қарулы әскер құру.
4. Патша үкіметінің жазалау шаралары. Долгов пен Герннің Кенесары хан ордасына елшілігі.
5. Кенесарының Ұлы жүз аумағына шегінуі және көтерілісшілердің қырғыз жеріндегі іс - әрекеттері
6. Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы.
7. Сабаққа байланысты қосымша әдебиеттер өте көп, сондықтан бұл сабақты дөңгелек үстел сипатында, көтеріліс тарихы жөніндегі мәтін мен қазіргі зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, дискуссия өткізген жөн. Кенесары көтеріліс жөнінде белгілі тарихшы Е. Бекмахановтың «Кенесары хан көтеріліс» деген еңбегінде толық жазылған.
№1 тапсырма: Оқулықтағы мәтін мен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды оқып шығып, Кенесары басқару, шаруашылықты дамыту, сауда салаларында қандай өзгерістер енгізгенін анықтаңдар.
№2 тапсырма:- Кенесарының талантты қолбасшы, шебер дипломант болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.

ІV. Сабақты бекіту: И. Тайманұлы мен С. Датұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды К. Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыспен салыстырыңдар.

V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы туралы оқып келіңдер.

© 2010-2022