«Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру»

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру».

Тарих пәні мұғалімі, магистр Шайхиева Гульнур Зариповна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанда 1950 жылдардың ортасынан басталған тың

эпопеясын, оның еліміздің экономикасы мен экологиясына

тигізген пайдасы мен зиянын ашып түсіндіру.

Дамытушылық: ҰБТ- да тестте келіп жүрген сұрақтарды тексттен анықтау,

оқулықпен жұмыс жасау, төменгі сыныптарда оқыған

материалдарын еске түсіру арқылы оқушылардың есте

сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Ұлы Отан соғысы және тың игеру жылдарында

қазақстандықтардың еңбектегі ерліктерін айтып, еңбекқорлыққа,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Панорамалық сабақ

Әдісі: Тест жұмысы, текстпен жұмыс, картамен және оқулықпен жұмыс.

Көрнекілігі: Қазақстанның тарихи картасы, интербелсенді тақта, слайд.

Үй тапсырмасын тексеру: тест жұмысы.1,2-нұсқа. Қатемен жұмыс.

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Тың игеру тарихы, мемлекет басшылары.

  2. Тың нәтижелері: пайдасы мен зияны

  3. Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсері.

1. Ұлы Отан соғысынан кейінгі тарихи кезеңді сипаттай отырып, ол кезеңдегі барлық жетістік бір Сталиннің арқасы деп түсіндірілгенін, қуғын-сүргін саясатының жалғасын тапқанын, сол жылдары жазықсыз жазаланған Қазақстан тарихын зерттеп, сол үшін 25 жылға сотталып кеткен Е.Бекмахановты айту арқылы оның түрмеден босап шығуы Сталиннің өмірден озуы себеп болғанын сөз етіп, Е.Бекмаханов қашан түрмеден босатылды? - деп сұрақ қоям. Бұл сұрақтың жауабы 1954 жылы, сол жылы Қазақстанда қандай ірі өзгеріс болды деп жаңа тақырыпқа түсемін.

Тың игеру тақырыбы 11 сынып оқушыларына 9 сыныптан белгілі. Екі сыныптың оқулықтарын бірдей пайдалана отырып, осы тақырыпты ашатын сұрақтар қоямын.

  1. Тың игеру жылдары мемлекеттің басшысы кім болды?

  2. Тың игеру туралы не білесіңдер?

  3. Тың игеру тек Қазақстанда ғана өтті ме?

2. «Т» кестесі арқылы тың игерудің Қазақстанға тигізген пайдасы мен зиянын анықтаймыз. Ол үшін оқушыларға алдын ала тақырыпқа байланысты мәтін үлестіріледі. Тақтаға 1 нұсқа пайдасын, 2 нұсқа зиянын тізіп жазады.

Осыдан қорытындылайтынымыз тың игеру Қазақстанға пайдасынан зиянын көбірек тигізгенін анықтаймыз.

пайдасы зияны

3. Қолдарындағы мәтінмен жұмысты жалғастырып, тест сұрақтарында кездесіп жүрген сұрақтарды анықтайды. Кезегімен тақтаға жазып бұл тақырыптан тестте қанша сұрақ келетіні шығады, кейін өз дәптерлеріне жазып алады.

Бекіту сұрақтары:

Бекіту сұрақтарына оқушылардың бұған дейінгі жіберген қателерімен жұмыс жүргізіледі. Көп оқушының бірдей сұрақтан жіберілген немесе қайталанып қате жіберген сұрақтарын талдау.

Мысалы : «1916 жылы көтеріліске қатысқан теміржол жұмысшылары: » Бұл сұрақты бұрын жүргізілген тест жұмыстарында 8 оқушы қате белгілегені анықталды, осы сұрақты келесіде дұрыс белгілеу үшін 9 сынып оқулығын ашқызып, осы тақырыптағы дәл сол сөйлемді оқушыларға оқытамын.

Осындай бірнеше сұрақты талдаймын.

Үйге тапсырма: Тың игеру тақырыбынан конспект, тестте кездесетін сұрақтарды теріп жазу.

ҰБТ осы үш әріп мектеп бітіруші түлектердің жүрегін аузына тығып, тізесін дірілдететін сындарлы сәт. ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсету тек мектеп бітіруші куәлігін алу ғана емес, қалаған жоғары оқу орнына түсіп, аңсаған арманына жету, яғни, студент атану дегенді білдіреді. Міне сондықтан мектеп бітіруші түлектер үшін осы сынаққа тыңғылықты дайындалғаны маңызды.

ҰБТ-ға дайындалудың түрлі тәсілдері, оқу құралдары жетіп артылады. Қазақстан тарихынан да ҰБТ-ға дайындыққа арналған тест құралдары жеткілікті. Оқушы тарих пәнінен тест құралдарын қол жетімді бағаға сатып алып, сұрақ-жауаптарды жаттап дайындала алады. Бірақ бұл тәсіл қазіргі уақытта тиімді деп айту шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені Қазақстан тарихы пәнінен жыл сайын ҰБТ- ға келетін сұрақтар 20-30 % өзгеріп келеді. Міне сондықтан аталған пәннен жоғары балл жинау үшін мен мынадай әдістер қолданамын:

  1. Оқулықпен жұмыс. Тестте кездесетін сұрақтарды талдай отырып, оқушыларға сол сұрақтардың дұрыс жауабын құр жаттатпай, әр сұрақтың жауабын оқулық беттерінен табуға дағдыландырамын. Бұл жағдайда оқушы бір сұрақтың жауабын іздей отырып, , ол сұрақ қай сыныптың оқудығында екенін біледі, бұл бір, екіншіден сол сұрақтың төңірегінде тағы қандай сұрақтар келуі мүмкіндігін зерделейді, үшінші, көзбен ойша суретке түсіріп, бұл сұрақ келген жағдайда «бұл сұрақтың жауабы кішкентай жазумен жазылған еді...» немесе «суреттің астында жазулы еді...» деп оқығанын жаңғырта алады, төртіншіден, аппеляция кезінде оқушы кез-келген сұрақты қай оқулықтан іздеп табу керекігін біледі.

  2. Логикалық тест сұрақтары. Тарих формулаға салынбайтын, ережеге сыймайтын толған цифрлар мен тарихи тұлғалар. Сондықтан Қазақстан тарихынан жоғары баллға қол жеткізу үшін тек сұрақ-жауаптан тұратын тест жұмысы аздық етеді. Логикалық сұрақтар қою арқылы оқушының білімін жинақтап, қорытындылауға көмектесу керек. Мысалы: Б.Момышұлы, Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин, И.Панфилов бұл есімдерді байланыстыратын оқиғаны ата:

А) Кеңес әскерін басқарған қолбасшылар

В) Жапонияға қарсы соғыста ерлік көрсеткен батырлар

С) Мәскеу түбінде ерлікпен күрескен батырлар

Д) «Ұлтшыл» деп айыпталғандар

Е) Батыс Қазақстаннан шыққан батырлар

Бұл жерде С-нұсқасы дұрыс жауабы. Осы сұрақты білуі арқылы оқушы 4 сұрақтың жауабын біледі деп есептеуге болады.

Сәйкестендір, қатесін тап деген тапсырмалары бар тест жұмыстары оқушылардың берілген сұрақтың жауабын құр жаттап алуға жол бермейді.

  1. Картамен жұмыс. Бұл әдіс оқушының теориялық білімін практикалық

жолмен есте сақтауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, контур картаға

тас, энеолит, қола дәуірлерінің археологиялық ескерткіштерін түсіру де

ең тиімді әдістердің бірі.

  1. Жеңілден күрделіге өту. Жалпы ҰБТ-ға келетін сұрақтардың бәрі

дерлік 6-9 сынып аралығындағы оқулардан келеді. Сондықтан 10-11

сыныпты бағдарлама бойынша оқыту кезінде төменгі сыныптың

оқулықтарымен қоса пайдалану, оқушылардың тарих қиын деген

қорқынышын жеңуге ықпал етеді.

Міне осындай әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады. Әрине, тек мұғалімнің ғана көмегіне сүйену аздық етеді. Ең алдымен оқушының өзі алға қойған мақсатына жету үшін аянбай еңбек ету керек.

Алдағы ҰБТ сынағына сәттілік тілеймін !



© 2010-2022