Не?Кайда?Кашан? интеллектуалдық ойын 7-сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Іс-шараның тақырыбы: «Не? Қашан? Қайда?» (интеллектуалдық сайысы)

Мақсаты: оқушылардың өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру,

өз білімдерін нақты практикада қолдана білуге үйрету

Жоспары:

I. «Кім жүйрік?»

II. «Хронологиялық шеңбер»

III. «Жұмбақтар әлемі»

IV. «Ежелгі адам өкілдерін табу»

I. «Кім жүйрік?»


  1. Бифас дегеніміз не? /Екі жағы өңделген, еңбек құрал/

  2. Алғашқы адамдардың тобырдан кейін топтасу жүйесі? /Рулық/

  3. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы? /епті адам/

  4. Ең ежелгі адамның еңбек құралы? /Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар/

  5. Егіншілік қалай пайда бола бастады? /аналар қауымы терімшілікпен айналыса жүріп, жерге жабайы жеміс-жидектін дәндері түсіп, шыға бастайды, оны байқаған адамдар дәнді жерге отырғызуға үйренеді/

  6. Ұзындығы 1-2 см. Ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құрал қалай аталады? /Микролит/

  7. Ғалымдардың есептеуінше мұздық қашан ери бастады? /13 мың жыл бұрын/

  8. Қанша жыл бұрын жер беті күрт суи бастап, мұздық пайда болды? /бұдан 100 мың жыл бұрын/

9. А.Құнанбаев қай жылы дүниеге келді? /1845 ж./

10. Абайдың қанша қара сөздері бар? /45/

11. Қола дәуірінің Орталық Қазақстандағы ескерткіштерін ұзақ жылдар бойы зерттеген академик кім? /Ә.Марғұлан/

12. Тарих ғылымы нені зерттейді? /Адамзаттың ежелден бүгінгі күнге дейінгі басынан өткізген оқиғалары туралы ғылым/

13. Этнография дегеніміз не? /Халықтардың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрін зерттейді/

14. Жаңа тас ғасыры? /Неолит/

15. Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі қандай? /пеш-көрік/

16. Ежелгі адамдар өз білімдерін не арқылы хабарлады? /пиктография/

17. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы /тотемизм/

18. Ең бірінші қолданылған металл /мыс/

19. Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы /қыш құмыралар заманы/

20. Балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы /бағыштау/

II. «Хронологиялық шеңбер»

Палеолит - б.з.б. 2,6 млн жылдан - б.з.б. 12 мың жыл

Ерте палеолит - б.з.б. 2,6 млн жыл - б.з.б. 40 мың жыл

Кейінгі палеолит - б.з.б. 40 - 12 мың жыл

Олдувэй - б.з.б. 2,6 млн - 800 мың жылдар

Ашель б.з.б. 800 - 140 мың жылдар

Мустье - б.з.б. 140 - 40 мың жылдар

Орта тас ғасыры (мезолит) - б.з.б. 12-5 мың жыл

Жаңа тас ғасыры (неолит) - б.з.б. 5-3 мың жыл

Мыс-тас ғасыры (Энеолит) - б.з.б. 3000-1800 жыл

III. «Жұмбақтар әлемі»



  1. Пайда болғанда адам баласы,

Қандай құралды алғаш қолданды? /Тас құралды/

2. Сырты нүкте, іші қуыс,

Тұрып жатты бар туыс. /Үңгір/

3. Екеуі екі түрлі бүтін,

Қосылса сапалы бүтін.

/Мыс пен қалайының қосындысынан қола/

4. Ұлты сайлаған Елбасшысы,

Халық таңдаған Көшбасшысы. /Н.Ә.Назарбаев/

5. Достық, ынтымақ пен бірліктің әлемге үлгісі,

Жойқын қарудан бас тартқан, жерұйықтың бесігі. /Қазақстан/

6. Мәдениет бар Атасу,

Мүмкін емес адасу.

Бар Беғазы мен Дәндібай,

Тауып көрші шатаспай. /Қола мәдениеті/

7. Күйлерімен күй атасы атанды,

Әрдайым домбырасы сайланды.

Адай күйін жүз ағызып қайланды,

Бірде «Кішкентай» күйімен байланды. /Құрманғазы Сағырбайұлы/

IV. «Ежелгі адам өкілдерін табу»


  1. Франциядағы Кроманьон үңгірінен табылды. Бұдан 40-35 мың жыл бұрын. /Саналы адам/

  2. Африкада Кения жеріндегі Олдувей шатқалында табылды. Осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын. /Епті адам/

  3. 1891 ж. Ява аралынан табылды. 1 млн жыл бұрын. /Питекантроп/

  4. Солтүстік Қытайдан табылған, оған «қытай адамы» деген ат берілді. /синантроп/

  5. Мустье кезеңінде өмір сүрген адам. Ол Германия жерінен табылды.

/Неандерталь/

  1. Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен табылды.

/Неандерталь баланың сүйегі/

  1. Питекантроп пен синантропты кім деп атаймыз?

/Тік жүретін адам/

V. Қорытынды: Оқушыларды марапаттау.

© 2010-2022