- Преподавателю
- История
- Cабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының пайда болуы, дамуы
Cабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының пайда болуы, дамуы
Раздел | История |
Класс | 8 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Мәрден Ж.М. |
Дата | 13.07.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Cабақтың тақырыбы: §16 Ұлы Жібек жолының пайда болуы, дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы мен таныстыра отырып, Ұлы Жібек жолының саудасы, шаруашылығы мен мәдениеті, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы рөлі туралы түсінікті қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың Ұлы Жібек жолы кезіндегі сауданы қазіргі Қазақстанның және өзге мемлекеттердің саудамен дамуымен салыстыра білу, баға беру қабілеттерін дамыту. Өзіндік жұмыстар жасай білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Заман талабына сай оқушыларды еңбексүйгіштікке, білімді болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Жібек жолы картасы, бейнекөрсетілім, интерактивті тақта, видеопроектор, слайдтар, тест сұрақтары, суреттер, БББ кестесі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест сұрақтарын алу. Топқа бөлу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Топтық жұмыс. Постер қорғау
-
Бекіту. БББ кестесін толтыру.
-
Қорытындылау.
Үй тапсырмасы. Тест сұрақтары.
-
Орыс деректерінде қыпшақтарды қалай атаған?
А) половшылар (далалықтар) Ә) Ғұндар Б) командар В) кундар
-
Қыпшақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларға шығу үшін кімдермен соғысты?
А) салжұқтармен; Ә) қарақытайлармен; Б) қаңлылармен; В) оғыздармен.
-
Қыпшақтардың батыс бірлестігі неше тайпадан тұрады?
А) 7 Ә) 11 Б) 16 В) 10
-
Қыпшақтардың негізгі шаруашылығы
А) мал шаруа; Ә) аң шаруа; Б) егіншілік; В) жар көшпелі мал шаруа
-
Хандық биліктің орталығы қалай аталады?
А) сарай; Ә) орда; Б) цитадель; В) қалашық.
-
Қарақытай билеушісі қалай аталады?
А) хан; Ә) патша; Б) гурхан; В) уәзір.
-
Қарақытай мемлекетінің құлаған жылы
А) 1213ж; Ә) 1218ж; Б) 1220ж; В) 1216ж.
-
Керейітттер туралы жазған тарихшы
А) әл-Марвизи; Ә) Қадырғали би Қасымұлы; Б) Рашид ау-Дин; В) Әбілғазы.
-
Найман мемлекетінің орталығы
А) Үзкент; Ә) Балықты; Б) Қарақорым; В) Баласағұн.
-
Қарахан мемлекетінің құрылуына басты рөлді атқарған тайпа.
А) жікіл; Ә) яғма; Б) қарлұқ; В) оғыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушыларға суреттер көрсету арқылы бүгінгі тақырыпты ашамын.
Сабақтың жоспары:
-
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы;
-
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастың дамытудағы тарихи маңызы;
-
Ұлы Жібек жолының мәдениетінің өркендеуіне тигізген ықпалы;
-
Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.
Бейнекөрсетілім «Ұлы Жібек жолы».
Бейнекөрсетілім көрсетіліп болған соң, 4 топқа тақырыптың 4 бөлімін бөліп беремін.
-
Топтық жұмыс. Постер қорғау.
Оқушылар 5 минут оқып түсініктерін қағаз бетіне түсіріп, баяндайды (тақырыпты қорғайды).
-
Бекіту. БББ кестесін толтыру.
БББ кестесі «Ұлы Жібек жолы»Қорытындылау.
Бағалау.Оқушының
аты-жөні
Білу
(Үй тапсырмасы)
Түсіну
(Жаңа сабақ)
Қолдану
(Постер қорғау)
Анализ
(Бекіту)
Синтез
(Қорытынды)
Үйге тапсырма беру: «Көшпенділер өркениетіне Ұлы Жібек жолының ықпалы» шығарма жазу, сурет салу