• Преподавателю
  • История
  • Қазіргі заман талабына сай дамыған жеке тұлғанын білімін арттыруда ақпараттық технологияны қолдану

Қазіргі заман талабына сай дамыған жеке тұлғанын білімін арттыруда ақпараттық технологияны қолдану

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




Баяндама

«Қазіргі заман талабына сай дамыған жеке тұлғанын білімін арттыруда ақпараттық технологияны қолдану»














Касымова Самал Абешевна

В.В. Маяковский атындағы орта мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі

2012 жыл

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман»- деп, Мыржақып Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі -білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтін сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі білім беру ордаларында мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор .

12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.

Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады.

Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі - оқушы, оқушылар тобы, топ, білім беру ордасы болса білім сапасы баспалдақтардың әр бір буынына байланысты біз білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз.

Мұғалімнің білімі - оның негізгі құралы, білімсіз мұғалім- бір сарынды. Леонардо да Винчи «Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсері болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдау - ақыл ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды» - деген еді. Яғни оқушыларды тәрбиелеу - мұғалімнен басталады.

Кез келген білім беру ордаларының басты мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Осы мақсатқа жету үшін әрбір пән мұғалімдері жоғары білімді және ғылыми ізденіспен үздіксіз шұғылдануы керек.

Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат- жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой талғамы бар,қабылетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп, өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» -деген. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогика- психологиялық сауаттылық, саяси- экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты- оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет - бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ ғасыр- ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыруда ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық- бұл күн сайын дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.

Білім беруде «Электрондық оқулықтарды » пайдалану- оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі теориялық тақырыптарды графикалық иллюстация түріндегі әртүрлі суреттер сызба нұсқалар арқылы береді. Оқушылар үшін - электрондық оқулықтар мектепте оқылған жылдардың барлығындада өздері толықтыра отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық -дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жете меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілімен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып отыр, осы сәтте ең керекті деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білуде, әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптыстырады, модульдерде берілген тапсырмалар оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндігін береді мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып белсенділігі арта бастайды электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең маңызды әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі - тарих пәні.

Оқушыларға тарих пәнінен жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін - мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі рухани борышқа толы. Мұғалімдердің мақсаты - оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру. Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу - әр мұғалімнің негізгі міндеті.

Тарих - ерекше құдіретті ғылым. «Тарихты білмей, болашақты болжай алмайсын»- дегендей, қазіргі заман - тарих ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Бұл пәнді оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін тарих сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Тарихты оқытудағы негізгі талап - оқушыға әртүрлі тарихи тұлғаларды, даталарды, оқиғаларды есіңде сақтап, олардың маңыздылығын түсіндіру. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде, мұғалім шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер оқушылардың ойына үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға көмектеседі. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Тарих сабағында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасай дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Тарихи деректері өз бетінше зерттеп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп ойлаймын. Сабақ үстінде сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - ой қорыту шапшаңдығы, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.

Ұстаз үшін нәтижеге жету- шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертеңгі жаңа әлем.

Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана және басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек. Оқушыларға заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші - мұғалімдерміз. Сондықтан осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену жолында ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 2004-46 б.

2. Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану М.Ғалымжанова Информатика негіздері. №3, 2006 ж.

3. Қашықтықтан оқыту технологиясы Ү.М.Бекеш-Білім- Образование 2006, №4, 66 б.

4.Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері Қ. Шәдиев, Қазақстан мектебі ,№5, 2006-7 б.

5.Болашақ мамандарды даярлау. Ұлт тағылымы -№4. 2005, 32б.

© 2010-2022