Ғылыми білімнің дамуыАшық сабақ

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: орта ғасырлардағы қазақстан тарихы

Мектеп: №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектем

Мерзімі: 22.11.

Мұғалімнің аты - жөні: Альмуратова Назия Баймурзаевна

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Сынып 7 «б»

Қатысқандар 16 Қатыспағандар 0

Сабақтың тақырыбы:

Ғылымның дамуы

Сабақтың мақсаты:

Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қахақстан тарих оқыту әдістемесі

Оқу нәтижесі:

Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданатын материалдар:

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук ,

Д.ж. карта, ғалымдардың суреттері

Оқу әдістері:

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:І. оқушыларға

психологиялық

ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Шаттық шеңбері:

Оқушылар бір- біріне жақсы тілек айту.

Смайликтер арқылы топқа бөлу.

Балалар смайликтердің түріне қарай үш топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау.

Кім жылдам?


1.Ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні-

2.Қарахан мемлекетінің негізін салушы-

3.Дүние жүзіне кең тараған діни сенімдерінің бірі-

4.Ислам дінінің бес парызының бірі-

5.Жібек жолы бойымен Иранда III ғасырда қалыптасқан дін-


Оқушылар топпен ақыладасып жеке жеке сұраққа жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ

Ұлы тұлғалар туралы слайд пен таныстыру

1.Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері.

2.Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері.

3.Махмуд Қашғари- «Түрік

тілдерінің сөздігі».

4.Жүсіп Баласағұни- «Құт негізі

білік».

5. Ахмет Иүгнеки- «Ақиқат сыйы».

6. Қожа Ахмет Йасауи- «Даналық кітабы».

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау.

Топпен ынтымақтастықта қарым - қатынас жасау.

IV. Шығармашылық жұмыс

  1. Тапсырма: Постер қорғау.

Тұлғалардың өмірі мен еңбектері жөнінде топ оқушылары постер қорғайды.

І топ. Ғылымның дамуы.

Әл Фараби мен Әл Бируни.

ІІ топ.Тіл білімінің дамуы

Махмуд Қашғари

Жүсіп Баласағұни

ІІІ топ. Әдебиет

Ахмет Иүгнеки

Қожа Ахмет Йасауи


  1. Тапсырма: «Өз сыңарыңды тап» ойыны.

І топ

  1. Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қаласында игерген.


  1. Жалпы көптеген түрік тілдес тайпалар түрік тілінде сөйлемегенімен олардың ішінде жергілікті тіл ерекшеліктері де болған.Оғыз, қарлұқ, қыпшақ тайпалары түбі түрік тілдес тайпалар қосылып ,бірігіп кетіп отырған. Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама үш кітаптан тұратын "Түркі тілдерінің сөздігі"атты мәңгі өшпес мұра қалдырды.Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралап шыққан.

ІІ топ

  1. (973-1050) жылдары аралығында өмір сүрген энциклопедист ғалым. Тарих,математика, география, астрономия, медицина т.б ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан.


  1. ҮІІ-ІХ өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің негізін қалады.Бұл кездегі ислам дінінің кең тарауы жазба әдебиетінің жандануына әсерін тигізді. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын

ІІІ топ

  1. Ол өзінің атақты "Құт негізі-білік" атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған. Құтадғу білік"-ХІ ғ түркі тілді халықтарының қоғамдық ой-санасын орын алған,терең мазмұнды ғылыми еңбек. Оның еңбектерінде ғылымның философия, астрономия, алгебра салаларына тоқталады.Сол сияқты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер,шешендік сөздер көп кездеседі

  2. Ахмет Йасауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі -тғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған.

3 . Тапсырма: «Дұрыс жауабын тап» әдісі арқылы оқушылар тұлғалардың туған жылдарын "+" таңбасы арқылы белгілейді.

1 топ Әл Фараби

Әл Бируни.

2 топ Махмуд Қашғари

Жүсіп Баласағұни

3 топ Ахмет Иүгнеки

Қожа Ахмет Йасауи

4. Тапсырма: «Сиқырлы сандық» тапсырмасы бойынша жаңа өтілген сабақ бойынша сұрақтарды сиқырлы сандық ішінен алып сұрақтарға жауап береді.

  1. Ғылым дегеніміз не?


  1. Ғылымның қандай түрлерін білесіңде?


  1. Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

5 . Тапсырма: «Картамен жұмыс» тұлғалардың туған жерлерін табу.

Қортынды: Тест


Сұрақтарға жауап беру , өз ойларын айту, талқылау.













Тапсырмаларға жауап беру , өз ойларын айту, талқылау.

Үйге тапсырма беру

Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу, эсс жазып келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтағы оқушыларды көшбашылар бағалайды

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру.

«Екі жұлдыз , бір тілек»


© 2010-2022