Ы. Алтынсарин – ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ

Мектеп

Іле ауданы, Өтеген батыр кенті,

№24 лицей

Күні 8.04.16ж

Мұғалім есімі: Нургожаева Айсулу Молдахановна


Сынып 8а

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны


Сабақ тақырыбы


Ы.Алтынсарин - ағартушы,жаңашыл- педагог, қоғам қайраткері

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Қазақ халқының білім көкжиегін кеңейтіп, ағарту саласында аса көрнекті педагог, жазушы екенін біледі



Оқушылардың басым бөлігі

Ы.Алтынсаринның қызыметін сатылап көрсете алады



Кейбір оқушылар

  • Жоспарланған барлық тапсырмаларды орындай алады


  • Ыбырай ағартушы, жаңашыл - педагог, қоғам қайраткері екендігін талдай алады



Жоспар


Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар


Басталуы




І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу

- Оқушыларды түгендеу

- Психологиялық ахуал қалыптастыру ( оқушылар тақтадағы қанатты сөзді оқып, бір - біріне сәттілік тілейді)

Тақтаға:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан,

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

Түстер арқылы топқа бөлу:

І топ - Ақпараттандырушы

ІІ топ - Зерттеушілер

ІІІ топ - Эксперттер

ІІ. Тақырыпқа шығу. Мақсат қою.

«Кел балалар оқылық» өлеңін айту арқылы тақырыпты анықтау(бір бала бір жолын айтады, екіншісі жалғастырады)

Балалар бұл кімнің өлеңі? Сұрақ қойылады, оқушылар кімдікі екенін анықтайды, осылай тақырып анықталған соң, мақсаты бірлесіп қояды.сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин ағартушы, педагог, қоғам қайраткері


Ортасы




ІІІ. Жаңа сабақ

  • Электронды тақтамен жұмыс.

  • Тақтадан жаңа тақырыпқа байланысты негізгі түсініктер мен тапсырмалар шығады.

І топ - Ақпараттандырушы - Ы.Алтынсаринның өмірбаянын айту

ІІ топ - Зерттеушілер - ағартушылық, ғылыми көзқарастарын зерттеу

ІІІ топ -- Эксперттер - тақырыпты оқи отырып Ы.Алтынсаринге баға беру

Жаңа сабақты меңгеру деңгейлерін дамыту үшін «Үлгі парақ» стратегиясын қолданамын. Бұл жерде оқушылар ролге бөліне отырып өз топтарының тапсырмаларын толық түсіндіріп шығады.Тапсырманы беру кезінде «RICH» cтратегиясын қолданамын.

R - топтастыру,түсіндіру(жеке, топтық)

I - тапсырма туралы толық түсінік беру

C - екі сатының тапсырмаларын түсінгенін сұрау

H - үлестірмелі материалдар, стратегиялар

І топтың тапсырмалары: Ы.Алтынсаринның өмірбаяны

  • Ыбырай қайда оқыды?

  • Қандай оқу орнын бітірді?

  • Қай жерлерде мектеп ашты?

Мектеп баспасы, §34, 186-187бб

ІІ топ тың тапсырмасы - ағартушылық, ғылыми көзқарастарын анықтау

  • Ағартушылық көзқарасына кімдер әсер етті?

  • Ағартушылық, ғылыми көзқарастарының қалай қалыптасқандығы туралы

  • Ағартушының қазақтардың экономикалық тұрмыс тіршілігін қайта құру туралы айтқан тұжырымдары

Атамұра, §44, 287-291бб

ІІІ топ -- Эксперттер - мәтінді оқи отырып Ы.Алтынсаринге баға беру

Мәтін беріледі, сол мәтінді оқи отырып, сараптама жасау

  • Ы.Алтынсарин мұғалімдерге қалай қарады?

  • Ол өмірде қандай адам болған?

Атамұра, 291 б


Аяқталуы




ІV.Бекіту кезеңі. Жаңа сабақты бекіту мақсатында әр оқушыға жекелей тест тапсырмалары беріледі, тексеру үшін жауаптары тақтаға шығарылады, бір - бірлерінің жауаптарын тексеріп, балл қойып береді.

«Жасырын сөз» стратегиясы.Тақтада тест сұрақтарымен сәйкес келетін жауаптар шатасқан әріптермен беріледі. Оқушылар дұрыс жауаптары айтылады, дөңгелектеніп белгіленеді. Нәтежесінде марапаттау сөзі шығады.

Рефлексия

Үйге тапсырма: Оқушылардың сабақтағы жұмыс қарқынына қарай отырып әр түрлі тапсырмалар беріледі.






© 2010-2022