Ашық сабақҚазақ халқының материалдық мәдениеті (5-сынып)

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсат-міндеттері:
Оқытушылық - оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық - материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз қөзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік -қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқытудың әдісі: өз бетінше оқу, сұрақ-жауап, баяндау (әңгіме, диалог), тест тапсырмаларын орындау.
Көрнекілік: қосымша мәліметтер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті - бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.
Сыныпты 3 топқа бөлу:
І топ - Қазақтың баспаналары
ІІ топ - Қазақтың ұлттық киім - кешектері
ІІІ топ - Қазақтың ұлттық Жиһаздары мен қолөнер бұйымдары
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Біз тарихқа саяхат бөлімін аяқтадық, енді сол тарауды бекіту үшін тест тапсырмаларын орындаймыз.
ІІІ. Сергіту сәті
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Біз сендермен бүгін "қазақ халқының материалдық мәдениеті" атты мұражайға саяхат жасаймыз.


Баспана Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы-киіз үй. Киіз үй көшпелілер үшін өте ыңғайлы болды.
Киіз үйлер үлкен-кішілігіне қарай: 4 қанат, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болып бөлінсе, ал сән-салтанатына қарай: ақ орда, хан орда, қараша үй, лашық, абылайша, ұрыңқай, жолым үй деп бөлінді.
Киіз үй құрылымы: кереге, уық, шаңырақ
XVI - XVII ғғ. қазақтар жазда киіз үйде, қыста жер үйде тұрды. Арбаның үстіне орнатылған киіз үйдің жылжымалы (үй-күйме) түрін де пайдаланды. Жер үйді шымнан, балшықтан және тастан салды. Үй жабдықтарын жасауға темір, түсті металдар, ағаш, сүйек, мүйіз, жүн, тері, жылқының қылы, маталар, т.б. пайдаланды.

Ұлттық киімдер Киім мал терісінен, жүннен, түбіттен, түрлі маталардан, аяқ киім былғарыдан тігілді.
Ұлттық киімдер: тақия, сәукеле, киімкешек, бөрік, тон, қамзол, шапан, шекпен, мәсі, етік,т.б.
Сәукеле-
Шекпен-
Шапан-
Үй жиһаздары мен Қолөнер бұйымдары Кебеже, абдыра, жастық ағаш,төсек ағаш-үйдің негізгі жиһаздары болды.
Мал терісінен саба, торсық, ағаштан келі мен күбі т.б.
Сырға, білезік,жүзік, сақина, шолпы, алқа, қаптырма, шашбау бұйымдарын, ерлердің қару-жарақ, ертұрмандарын жасаған.
V. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Әр топ кітаппен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді
1. Киіз үйдің құрылысын айтып бер?
2. Киіз үйдің қандай түрлерін білесің?
3. Қазақтар теріден, ағаштан қандай ыдыс-аяқтар жасаған?
4. Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің?
5. Қазақтың ұсталық өнері туралы не білесің?




2.Сегматикалық картаны толтыр
Атауы Қазақ халқының баспанасы Қазақ халқының ұлттық киім - кешектері Қазақ халқының ұлттық қолөнері Қазақ халқының ұлттық жиһаздары
Киіз үй +
сәукеле +
абылайша +
кебеже +
Ақ орда +
алқа +
тон +
ұраңқай +
шапан +
Хан орда +
торсық +
шолпы +
VІ. Қорытындылау.
Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін шетелдік азаматтарға қалай таныстырар едіңдер?
VІІ. Үйге тапсырма.
 Тақырыпты оқу
 Эссе жазу «Мәдениетім - мақтанышым»







© 2010-2022