Үйсіндердің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің салт-дәстүрі және діни наным-сенімі

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға үйсіндердің мал шаруашылығы, егіншілігі, кәсіптері, салтдәстүрлері мен діни нанымдары туралы білім беру.

Дамытушылық: Жұппен, мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, сыныптас достарын сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тест

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырға жатады?

  2. Үйсіндердің мекендеген жерін картадан көрсет.

  3. Үйсіндердің қоныстары қай жерлерден табылды?

  4. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасады?

  5. Үйсіндерде бай адамдар қалай өмір сүрді?

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары

  1. Үйсіндердің мал шаруашылығы.

  2. Егіншілік пен отырықшылық.

  3. Түрлі кәсіпшілік.

  4. Үйсіндердің салт-дәстүрлері мен діни нанымдары.

Топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді, әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігі бойынша жұмыс істейді. Мәтінді оқып болғаннан кейін олар мұғалімнің, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді, жауаптарды бірігіп талқылайды.

Тест.

  1. Үйсіндердің жайлаулары мен қыстауларының арасы қанша шақырым болды?

А) 30-70 ш. Ә) 50-60 ш.; Б) 20-100 ш..

  1. Қай қоныстың жанынан табылған деректер үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейді?

А) Қаратау; Ә) Ақтас; Б) Бесшатыр.

  1. Үйсіндер үйлерін неден тұрғызды?

А) ағаштан; Ә) балшықтан; Б) шикі кірпіштен және тақтатастан.

  1. Қонысқа жақын не орналасты?

А) зират; Ә) мешіт; Б) медресе.

  1. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынған?

А) аңдардың; Ә) өсімдіктердің; Б) күннің.

Үй тапсырмасы: § 22 (мазмұндау)



© 2010-2022