ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы,

Шиелі ауданы,

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Тарих пәні мұғалімі: Махаш Г

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ХҮІІ-ХҮІІІғғ. Жапонияның әлеуметтік жағдайымен таныстырып, Токугава сегунаты кезінде жапон халықтарының қандай топтарға бөлінгендігін, олардың жүргізген саясаты мен сол кездегі діннің ролі және оның атқарған қызметі туралы ашып түсіндіру;

  • Сөздіктер мен терминдерді пайдалана отырып мәтін құрастыруға дағдыландыру;

  • Әр елдің даму тарихын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі -баяндау, сызба сызу, оқулықпен жұмыс.

Көрнекілік: Дүние жүзінің саяси картасы

Жетекші ұғымдар: Токугава сегунаты,синтоизм діні, «си-но-ко-се», «жабық есік» саясаты

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • Дәптермен жұмысты тексеру

  • Реферат қорғау

  • Сипаттама беру

  • Сұрақ-жауап

ІІІ.Өткен материалды қорытындылау.

ІҮ.Жаңа материалды баяндау:

Сабақтың жоспары: 1. ХҮІІ ғасырдағы Жапонияныңсаяси- әлеуметтік жағдайы

2.Токугава сегунатының сыртқы саясаты

3. Жапониядағы діндер мен олардың атқарған қызметі

Сабақтың мазмұны:

1.Император:

  • Қасиетті адам ,тірі құдай.

  • Мемлекет ісіне араласпайтын

  • Діни салт-дәстүрді қадағалап, синтоизм дінін ұстанды.

Сегун-әскери қолбасшы, барлық билік иесі;атадан балаға мұрагерлікпен берілді.

Әкімшілік саны:260; халық саны:18 млн,80% жуығы ауылда.Ел астанасы сегундардың резиденциясы орналасқан Эдо қаласы (Токио).

«Си-но-ко-се»

Си- самурай,

Но-шаруалар,

Ко- қолөнершілер,

Се- саудагерлер.

Ең бай феодалдар «дайме» деп аталды.

2. Токугава әулеті шетелдіктермен байланыс жасауға мәжбүр болды.


  1. Техникалық білімі

  2. Еуропалық қару-жарақ жасау әдісі

Еуропалықтар миссионерлікпен айналысты. 700 мың христиан дінін қабылдаған адам болды.

1614 жылы шетелдік дінді қабылдауға қатаң тиым салынды.

1636 жылы Токугава әулеті жаподықтардың елдің аумағынан тыс жерлерге шығуына тиым салынды

1637 жылыСимабар тұрғындары көтеріліске шығады.Ел шетелдіктер үшін мүлдем жабық деп жарияланады.

1638 жылы Токугава әулеті елдегі португалдықтар мен испандықтарды қуып шығады.

Жапонияның оқшаулану саясаты ХІХ ғасырға дейін созылды.

Жапонияда «шығыстық король», «батыстық техника» принципі қалыптасты.

3.Жапондықтардың көпшілігі синтоизм дінін ұстанады.

Синтоизм- жапондықтардың діни нанымдарына ,табиғат күштеріне табыну сенімдеріне байланысты дін.

Токугава әулетінің билігі кезінде Жапонияда конфуцийлік дін кеңінен тарала бастады.

Буддизм Жапонияда онша берік орныға алған жоқ.

ІҮ. Бекіту: сегун, император,сословиелік жүйе, терминдерге мәтін құрастыру.

Ү.Бағалау:

ҮІ.Үйге тапсырма: §10.Оқу. «Жапония қалалары» тақырыбына реферат жазу

ҮІІ. Қорытындылау.







© 2010-2022