Урок Истории Казахстана на тему (Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок Истории Казахстана на тему (Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы)

Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектеп.

6 «Б» сыныбы.



Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға сақ тайпасының тұрмысы мен шаруашылығы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:

Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы түсінік беру.

Оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасатып шығармашылық ойларын өсіру.

Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, тарихитанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.

Тәрбиелілігі:

Түп тарихымызды білуге, бізге дейінгі өмір сүрген ата-баба тарихын қастерлеп, ұмытпай сақтауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже. Оқушылардың мақсаты:

Өз бетімізше жұмыс жасап өз ойымызды еркін жеткізіп, ой түйіндей аламыз.

Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысын түсініп сипаттай аламыз.

Танымдық қызығушылығымызды жетілдіреміз.

Тарихи білімімізді кеңірек толықтырамыз.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:

интербелсенді тақта, оқулық, бағалау парағы, суреттер, ватман, магнит, түрлі-түсті бор, маркер.

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыстар, топтық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды үш топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)

Сабағымызды бастамас бұрын өзімізге жаңа көңіл-күй қалыптастырайық. Ол үшін мына слайдты оқиық.

Психологиялық көңіл-күй

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Таңдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Жаңа сабақ. "Сақтар дұшпанға қатал, досқа адал болған».

(Грек тарихшылары).

Біз бүгінгі сабағымыз сармат туралы білетін боламыз, дегенмен бүгінгі сабағымызда соны түсіндіру оқушылар сіздердің міндеттеріңіз болмақ.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топтарға сақ тайпаларының аты беріліп, тапсырмалар беріледі.

І топ «Парадарайа»

ІІ топ «Тиграхауда»

ІІІ топ «Хаумаварга»

Топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасаймыз:

  1. Төраға

  2. Таймспикер

  3. Хатшы

  4. Баяндамашы

Топ басшыларына өзін-өзі бағалау парағын үлестіремін.

Топтарға берілетін 1 - тапсырма.

  1. Парадарайа тобы - Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама.

  2. Тиграхауда тобы - Сақтардың қолөнер кәсібі.

  3. Хаумаварга тобы - Діни нанымдары мен ғұрыптары.

Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен жеке жұмыс жасауға 7 минут уақыт беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды қорғайды. Жасаған жұмыстарын көрсету үшін топтарға ватман үлестіремін.

Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш»





Топтарға берілетін 2 - тапсырма.

Әр топқа тақырыпқа байланысты берілген суреттерді сөйлету тапсырмасы.



Топтарға берілетін 3 - тапсырма.

Сонымен оқушылар біз бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз. Ол келесі тапсырмаларды орындаймыз.

Тест тапсырмасы

Әр топқа қорытынды тест тапсырмасы беріледі.



Сабақтағы кері байланыс:

Оқушылар енді бүгінгі сабағымызды қалай түсіндіңіздер, сабақта білімдеріңіз қаншалықты толыққанын білу үшін алдарыңыздағы жабыстырғышқа жазып тақтада сызылған кестеге жабыстырыңыздар.

Өзін - өзі бағалау парағын жинау.

Үйге тапсырма:

«Мен сақтар өмір сүрген уақытта дүниеге келсем...» деген эссе жазып келу.

Қорытынды:

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Белсене қатынасқандарыңыз үшін көп рахмет.

тапсырмалар

аты-жөні

Мәтінмен жұмыс

Сурет сөйлету

Тест тапсырмасы

Қорытынды баға















© 2010-2022