Сабақ жоспары Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан қалалары

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні, айы, жылы________________

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §10. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан қалалары.

Сабақтың мақсаты:

● Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету. Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси - әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.

● Ертедегі сауда жолдарының бағыттары мен оның бойындағы гүлденген мәдениет ошақтарының дамуын бүгінгі күндегі жағдайымен салыстыра отырып бағалау. Және қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы, көшпелілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру.

● Мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, эстетикалык тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: карта, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

● Оқушылармен сәлемдесу.

● Оқу құралын түгелдеу.

● Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Неліктен біз әл - Фарабиді екінші ұстаз деп атаймыз?

2. Жүсіп Баласағұнидің еңбегі қалай аталады, онда не туралы айтылған?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1. Ұлы Жібек жолы.

2. Қалалардың қалыптасуы.

Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан қалалары.

Жоспардағы бірінші мәселе бойынша Ұлы Жібек жолы деген шартты атаудың пайда болуы мен бұл жолдың қалыптасу тарихына тоқталамын. Жібек жолының түрлі бағыттарының болғандығын, оның бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу өңірі арқылы өткенін айта отырып, картаның көмегімен бұл жолдың бағыттары мен жолдың бойында орналаскан Қазақстан қалаларын картадан көрсетемін. Сонымен қатар Дүниежүзінің картасы мен қазіргі Қазақстан картасын қатар қойып салыстырамын. Тақтаға ілінген ортағасырлық Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қалалардың суреттеріне оқушылардың назарын аударамын.

Ұлы Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, халықтардың мәдени жетістіктері де тарады. Жібек жолымен діни сенімдер де таралды, әр алуан уағыздаушылар (миссионерлер) өздерінің діндерін құрлықтың арғы бетіндегі елдерге ала барды. Оқушыларға осы абзацты мәтіннен тауып дауыстатып оқытқызамын. Оқушылардың дін туралы, әлемдік діндер туралы түсінігін қалыптастыру үшін төмендегі кестені ұсынамын.

ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Будда

Б.з.б. I ғ-дың ортасында Үндістанда пайда болып тарады.

Христиан

I ғ-да Рим империясында пайда болды.

Манихей

III ғ-да Иранда пайда болды.

Зороастризм

Б.з.б. VII-VI ғ-да ежелгі Еуразия даласында пайда болды.

Ислам

VII ғ-да Арабия түбегінде пайда болды.

Археологиялык зерттеулер VІ - Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жаксы дамып, өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу өңірлерінде қолөнер мен сауда және мәдениеттің шоғырланған орталықтары - қалалар қалыптасты. Бұл қалалар ертеде шағын елді мекен ретінде салынып, бірте - бірте қаланың көлемі мен халқының саны көбейіп, ірі орталықтарға айналған. Қазақстан аумағында алғашқы қалалар бұдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен деп, қала деген сөзге анықтама беремін. Ортағасырлық қалалар негізі үш бөліктен тұрған. Олар орда (цитадель), шахристан, рабат деп аталды. Төмендегі кестені пайдаланып, олардың қызметін түсіндіремін.

ҚАЛА

  • Орда (цитадель) - патша сарайы мен әкімшілік баскару органдары орналасқан орталық бөлігі.

  • Шахристан - қызметкерлер, яғни кіші билеуші топ өкілдері, саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі.

  • Рабат - еңбекші халық мекен ететін қаланың сырткы бөлігі.

Жаңа сөздер:

Ұлы Жібек жолы - б.з.б. II ғ. - б.з.-дың XV ғасыры аралығындағы аса маңызды сауда - керуен жолдарының жалпы атауы.

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?

а) б.з.б. IV ғ. ә) б.з.б. II ғ. соңы б) б.з. VI - VIII ғ. в) 1921 жылы

2. Қаланың қолөнершілер мен егіншілер тұратын бөлігі қалай аталды?

а) орда ә) шахристан б) рабат в) базар

Кестені толтырыңдар.

Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан қалалары.

VIII - XII ғ. қалаларды ата

Қала қандай бөліктерден тұрған

Оларда кімдер орналасқан

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: 10 параграфты оқу, мазмұндау, кестені толтыру.

© 2010-2022