Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарыСайыс сабақ

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Сайыс барысында оқушылар қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі: Сайыс сабақ

Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;

Барысы:

Ойын барысында 8 «А» «Б» сыныптары бойынша топтастырылып, 6 - оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бір топ басшысы сайланады. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма 5 - 10 балдық жүйемен бағаланады.

Мұғалім сөзі:

Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі 8 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Тарих.Тағылым.Тағзым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің - «Тарих толқынында» атты кітабында: «Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет. Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Тарих сабақтарын ұдайы, ұрпақтан ұрпаққа игере беру керек екеніне менің сенімім кәміл», - деп тарихи маңызы зор тұжырым жасады

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз!

Ендеше сайысымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп алайық.Топтар топбасшыларын сайлайды және топқа ат қояды.

І кезең «Ұшқыр ой»

1. Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» қай тілде жазылған? /араб/
2. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?/массагеттер/
3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
4. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? /3 топтан, абыздар жауынгерлер, малшылар мен егіншілер/
5. «Теле» сөзінің мағынасы нені білдіреді? /Түрік/
6. «Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?/Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан/
7. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, ғалым кім еді?

8. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейұлы 1801 - 1845)

9. «Құтты Білік» дастанын 30 жыл дайындап, 1, 5 жылда жазып шыққан қай ғалым? (Жүсіп Бласағұн)

10. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)

11. Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше ХV ғ.)

12. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

ІІ кезең

«Ел тарихының білгірлері» бұл кезеңде әр топқа ел тәуелсіздігіне байланысты үш сұрақ қойылады:
І топ:
1. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? /1991 жыл, 16 - желтоқсан/
2. Қазақстан республикасының рәміздері қабылданған жыл? /1992 жыл/
3. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? /1998 жыл, 10маусым /
ІІ топ:
1.«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/
2. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? /1991 жылы, 1 желтоқсан/
3. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? /Орынбор/
ІІІ топ:
1. Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім, қай жылы?/Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 - қазан//
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/
3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады?/9 бөлім, 98 бап /

ІІІ кезең: «Дархан даламның батыр бабалары» бұл кезеңде қазақ даласында әр кезеңде өмір сүрген қазақ батырлары туралы білгендерін ортаға салады? Әр топқа екі сұрақтан қойылады:
І топ:
1. Жаугершілік заманында 50 - жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр?/Бөгенбай батыр/
2. Абылай хан бұл батырды тапқырлығы, алғырлығы үшін ерекше бағалаған, бұл қай батыр? /Баян батыр/
ІІ топ:
1. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім? /Бөгенбай батыр/
2. 7 - жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім? /Қабанбай батыр/
ІІІ топ:
1. Ұлы Жүздің шапырашты руынан шыққан батыр кім? /Наурызбай батыр/
2. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім? /М. Өтемісұлы/

ІV кезең: «Топбасшылар сайысы» бұл кезеңде әр топтың капитандарына бір мезетте 20 - сұрақ қойылады, осылайша топбасшылары жинаған ұпайларын топтың үлесіне қосады.
1. Қазақстан Республикасы жерінің көлемінен нешінші орында? /9 орын/
2. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері не?/шекара, ақша, әскер/
3. Атырау қаласының бұрынғы аты? /Гурьев/
4. Жер - ұйықты іздеген адам кім? /Асан - Қайғы/
5. «Сарыарқа», «Кішкентай» күйлерінің авторы кім? /Құрманғазы/
6. Хан тұқымынан шыққан атақты күйші кім? /Дәулеткерей/
7. Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар?/Жәнібек пен Керей/
8. Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? /Абылай хан/
9. Қазақтың төбе биі кім? /Төле би/
10. Елші ретінде Жоңғар хандығына барып Абылайды босатып әкелген қазақ биі кім? /Қазыбек би/
11. Кіші жүздің атақты биі кім?/Әйтеке би/
12. «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? /Тәуке хан/
13. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? /Бұқар жырау/
14. Түркі халықтарының ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы кім? /Қорқыт ата/
15. Қазақ халқы жорыққа шыққанда алып шығатын аспап түрі? /Дауылпаз/
Ү кезең. «Тіл шебері».

Оқушыларға слайдтан мақал-мәтелдер беріледі.

1)Туған жердей жер болмас...

(Туған елдей ел болмас). Ел-страна-country

2)Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады). Тас-камень-stone

3)Ел елдің бәрі - жақсы,

(Өз елің бәрінен - жақсы). Жақсы-хороший-good

4) Жері байдың -

(Елі бай) бай-богатый-rich

5) Ұстамен жақын болсаң, іс-дело-work

Ісің бітер.

6) Жеті рет пішіп,

Бір рет кес бір-один-one

7) Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы ұстаз-учитель-teacher

8) Өнер алды - қызыл тіл қызыл-красный-red

9) Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің. су-вода-water

10) Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар. сөз-слова-word

ҮІ кезең. «Терминдер сөйлейді»

Ақылдасуға уақыт беріледі.

Би - дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.

  1. Революция - қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.

  2. Диаспора - басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар.

  3. Дуал - балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.

  4. Арыс - бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.

  5. Медресе - Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

  6. Президент (лат. - алда отырған, бастауыш) - а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы; ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.

  7. Демократия - халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.

  8. Декларация - мемлекеттер, үкіметтер, партиялар, ұйымдар атынан жасалатын мәлімдеме; негізгі ұстанымдарды ресми түрде жариялау, сондай-ақ олар баяндалған құжаттардың жалпы атауы.

  9. Конституция (лат. Constituto-құрылу, өкім) - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.

ҮІІ кезең. Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.

1.Күрекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)

2.Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

3.Есік пен терезенің арасында не тұрады? («пен» тұр)

4.Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май - үш әріптен тұрады)

5.Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)

6.Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)

7.Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)

8.Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)

9.Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не 10.байқалады? (көктайғақ болатындығы)

11.Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

12.Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда? (Талдықорған облысы,Тентек өзені.)

ҮІІІ кезең. «Менің болашағымның астанасы » постермен жұмыс.

Топтар болашақ астананың жаңа жобасын дайындайды.

Әрі қарай сайыс нәтижелері шығарылып, жеңімпаз топ анықталады, марапатталады.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,сайысқа қатысушы оқушылар бүгінгі 8 сыныптар арасында өткізілген «Тарих.Тағзым.Тағылым» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті! «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу бұл баршамыздың парызымыз.Сайысымызға қатысқандарыңызға рахмет!


© 2010-2022