План урока по истории Казахстана на темуЖоңғар шапқыншылығы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Жоңғар шапқыншылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Жоңғар хандығының нығаюы, басқыншылық жорықтары мен қазақтардың жеңілу себептері жөнінде негізгі түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи танымдық қабілеттерін қалыптастыру, тарихи оқиғаға қатысты баяндай білуге, тарихи кезеңдерді салыстырып, картамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тарихқа құрметпен қарау арқылы Отансүйгіштікке, батырлық пен ержүректілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: карта, тірек-кесте, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, миға шабуыл.

Сабақтың көрнекілігі: карта, оқулық, тірек-кесте, хронологиялық кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу

2. Оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. реферат қорғау

2. ауызша

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Жоңғар мемлекетінің әскери күшінің нығаюы

2. Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері

3. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

4. Қазақтардың жеңілу себептері

5. Жоңғар агрессиясының салдарлары

1. Жоңғар мемлекетінің әскери күшінің нығаюының себептерін оқулықты пайдалана отырып, оқушылармен бірлесе анықтау.

2. Карта арқылы жоңғарлардың басқыншылық соғыс жүргізген аймақтарын көрсету, оның себептерін тірек кестені толтыра отырып ашу.



3. Хронологиялық кесте арқылы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары болған оқиғаларды түсіндіре отырып, дәптерлеріне кестені толтыру.1722

Жоңғарлармен ұзақ уақыт күрескен Қытай императоры Канси қайтыс болды

1723

Цеван Рабтан өз әскерін Қазақстанға қарай аттандырды

1723-1727

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары

4. Тірек-кесте арқылы қазақтардың жеңілу себептерін түсіндіру.

5. Жоңғар агрессиясының салдарларына ауызша тоқтала отырып, негізгі түсінік беру.

IV. Бекіту сұрақтары:

1. Жоңғарлардың әскери күшінің артуы неден көрінді?

2. Жоңғарлардың басқыншылық жасауының басты себептері?

3. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы қай жылдары болды?

4. Қазақтардың жеңілу себептері?

5. Жоңғар агрессиясының салдары қандай болды?

V. Бағалау.

Реферат қорғаған және үй тапсырмасы бойынша ауызша жауап беріп, терминдерді жаттаған оқушыларды бағалау.

VI. Үй тапсырмасын беру.

1. §3 оқып, мазмұндау

2. Кітапханадан қосымша материалдар жинақтау


© 2010-2022