Ақ Орда 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ақ Орда

Білімділік мақсаты:

а). Ақ Орда ХІІІ-ХV ғғ.арасында Шығыс Дешті Қыпшақта өмр сүрген, орта ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеті екенін түсіндіру.

ә). Ақ Орданың тарихы, жүргізген ішкі-сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат беру.

б). ХІІІ-ХV ғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.

Дамытушылық мақсаты:

Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Өз Отанына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу. Тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеріп, өз бетінше сараптама жасай алатын тұлғаларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас.

Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі пәндері, қосымша әдебиеттер.

  1. І.Есенберлин, «Алтын орда». І-ІІ том, Алматы -83;

  2. Василий Григорьвич Ян, «Батый», Москва-85

  3. «Егемен Қазақстан»,1998 ж, 18 қыркүйек.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, карта, слайд, 7-сыныпқа арналған электрондық оқулық.

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, топпен, өз бетінше жұмыс.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақ халқының өткен тарихы - ата-бабаларымыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихы. Біздің еліміз бүгінгі даму деңгейіне бірден жете қойған жоқ. Осы ұлан-байтақ жерді сыртқы жаудан қорғап қалу жолында ата-бабаларымыз жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты.

Моңғол патшалығы қашан құрылды?

Моңғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғыс хан 1155 жылы дүниеге келген, 1206 жылы Онон және Керулен өзенінің жағасында өткен барлық моңғол тайпаларының бас қосқан ұлы құрылтайында оның ханы болып Шыңғыс хан сайланды.

Ақ Орда 7 сынып



1207-1208 жылдары моңғолдар қай жерлерді басып алды?

Жошы Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды (электрондық оқулықтан Шыңғыс ханның 1207-1220 жылдар аралығындағы басып алынған жерлері көрсетіледі).

1207-1209 жылдары моңғолдар қай жерлерді бағындырды?

Шыңғыс хан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды бағындырды.

1211-1215 жылдары қай мемлекетке басып кіріп, олардың қандай соғыс техникасын қолға түсірді?

Қытай жерін басып алып, олардың тас атып, дуалын құлататын от лақтырып, өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді.

Қай жылы Жетісу жеріне енеді? (1218ж)

Қашан Отырарды қоршауға алды? (1219ж.)

Қашан Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне көшеді? (1219-1220ж.)

ІІІ. Жаңа тақырып «Ақ Орда».

Жоспары: 1. Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы; 2. Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы; 3. Ақ Орда тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен салыстыру.

  • Мына сурет сендерге таныс па?

Ақ Орда 7 сынып





  • Иә, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Астанадағы резиденциясы, Ақорда деп аталады.

  • Жақсы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Астанадағы резиденциясы не себепті Ақорда деп талатыны туралы және ХІІІ-ХV ғғ. Арасында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген, орта ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеті туралы не білеміз?

ә). Ақ Орданың тарихы, жүргізген ішкі-сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат аламыз.

б). ХІІІ-ХV ғ. өмір сүрген Ақ ОРда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстырамыз.

Қазақ жеріндегі Моңғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды. Ақ Орда - Қазақстан аумағындағы монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Сондықтан да, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Астанадағы Резиденциясы Ақорда деп аталады.

Ақ Орда 7 сынып




Ақ Орда:

  1. Қазақстан аумағында моңғолдардан кейінгі алғашқы мемлекет.

  2. 240 жыл өмір сүрді.

  3. Алғашқы ханы - Орда Ежен.

  4. Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі Сырдарияның орта және төменгі кең-байтақ аумақты алып жатты..

  5. Астанасы -Сырдария өзенінің орта ағысы бойына орналасқан Сығанақ қаласы.Ақ Орда 7 сынып





Ақ Орда 7 сынып



Этникалық құрамы:

Қоңырат, найман, қаңлы, қыпшақ, керей, алшын, үйсін, арғын.

Кітаппен жұмыс үш топқа бөлінеді.


  1. топ. Ақ Орда мен Алтын Орда арасындағы күрес.

  2. топ. АқОрданың күшейген кезі.

  3. топ. Ақ Орданың хандары.

1-топтың дұрыс жауаптары:

1. Алтын Орда хандары Ақ Орданы тәуелді етуге тырысты.

2. Әмір-Темірдің қолдауына сүйенген Тоқтамыс Ақ Орданың тағына отырады.

3. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып алады.

2-топтың дұрыс жауаптары:

1. ХІV ғ. 2-ші ширегінен бастап Алтын Ордадан бөліне бастайды.

2. Ұрыс хан кезінде Алтын Ордада мүлде оқшауланады.

3. Тоқтамыс кезінде күшейді.

3-топтың дұрыс жауаптары:

1. Ерзен мен Мүбарак.

2. Ұрыс хан

3. Тоқтамыс

ІV.Пысықтау. Бүгінгі сабақта не туралы айттық?

- Біз бүгінгі сабақта Ақ Орда мемлекеті, оның шығу тарихы, алып жатқан территориясы, жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы айттық.

- Тағы да Ақ Орда мемлекетін қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен салыстырдық.

- Ал қазір сендерге мынадай тапсырма: 3 топқа бөлініп, әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша, өз ойларыңды 2-3 сөйлеммен білдіріңдер.

1-топ. «Менің Отаным- Қазақстан»:

2-топ. «Менің президентім - Н.Ә.Назарбаев»;

3-топ. «Менің туған жерім- Талдықорған».

Ақ Орда 7 сыныпАқ Орда 7 сынып



Ақ Орда 7 сынып



Ақ Орда 7 сынып

1- топтан кім оқиды?

«Біздің туып өскен жеріміз- Қазақстан Республикасы. Ол-көне замандардан басталатын ұзақ тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел- қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымз, қолбасшы, батырларымыз кең-байтақ жерімізді жаудан қорғап келді. Қазақ халқы- ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасы 1991 жылы өзінің Тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Ол бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Қазақстан республикасының Ұлттық рәміздері- Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Біз- тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді де, өз елімізді де әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді есте сақтауымыз керек».

2-топтан кім оқиды?

«Менің Президентім - Н.Назарбаев. Мен өз Президентімді мақтан етемін, себебі ол Қазақстанды бүкіл әлемге танытты, жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыыруға көп көңіл бөледі. Биылғы Жолдауы да халықтың көңілінен шығып отыр деп ойлаймын».

Ақ Орда 7 сынып





Нұрсұлтан НазарбаевАқ Орда 7 сынып

Жұмекен Нәжімеденов

Әнін жазған:

Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мақты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім.

Гүлің болып егілемің,

Жырың болып төгілемің, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел - бақытты,

Біздің ел - осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім.

Гүлің болып егілемің,

Жырың болып төгілемің, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

3-топтың тапсырмасы қандай? Ақ Орда 7 сынып

«Менің туған жерім-Шардара»

Шардара, бір өзіңді гүл деймін,

Бір өзіңмен таң боп атқан күн деймін.

Біз өзіңе басын иіп өтпеген,

Шардараның азаматын кім деймін.

Сырдария өзені- жеті сыр,

өң бойынан таба алмайсың тамшы кір.

Пәк өскенінің, пәк тұрғыны біздерміз

Ұрпақтарың төгілетін мәңгі жыр.

Ақ Орда 7 сынып

V.Сабақты қорытындылау.

Топтастыру.

VІ. Үйге тапсырма: №24 оқып, мазмұндау.

Пікірлеріңді толық жазып келу.

VІІ.Бағалау.


© 2010-2022