Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы (8 класс)

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы (8 класс)Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы (8 класс)Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы (8 класс)Сабақтың тақырыбы: §14. Индустрияландыруға бағыт алу және оның

барысы

Сабақтың мақсаты: 1920-1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген

индустрияландыру саясатының жетістіктерімен

зардаптарын ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, білімділік пен білік

дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білумен қатар, оны құрметтеуге,

отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Топтық оқыту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты

түсіндіру, сұрақ - жауап,оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тірек сызба, кеспе қағаздар, карта.

I.Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Негізгі бөлім

3.Қорытындылау

Оқушыларды топқа бөлу.

II.Үй тапсырмасын тест жұмыстары арқылы пысықтау

  1. 1921 жылы шілдеде Қазақстан комсомолының I съезі қай қалада өтті.

А) Ақмола В) Орал С) Орынбор

2. «Нақты ет салығы» туралы қай жылы енгізілді.

А) 1920ж 14 мамыр В)1921ж 14 маусым С) 1922 ж 14 маусым

3. 1924 жылы 1 қаңтарынан бастап енгізілген салық түрі?

А) тек ақшалай В) тек заттай С) тек еңбекпен өтеу

4. 1921 жылы Жер реформасы жүргізілді.

А) Сырдария В) Жетісу С) Қарқаралы

5. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз (Қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» Декрет қабылданды.

А) 1921 ж 20 ақпан В) 1922 ж 15 қазан С) 1923 ж 22 қараша

III.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Елді индустрияландыруға бағыт алу және оны қиыншылықтары.

  2. Қазақстан индустриясының жетекші объектерін жүзеге асыру.

  3. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшелектері.

  4. Жұмысшы тобының социалистік индустрияландыруды жүзеге асыруда атқарған қызметі.

Индустрияландыру-экономикадағы өнеркәсіп өндірісі үлесінің ұлғайтылуы.

Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығымен (1928-1932ж) тұтас келді және мейлінше қиын жағдайда өтті. Ол кезде халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді.

Өнеркәсіптен Орал-Ембі өңіріндегі бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір өндіретін шағын шахталар ж/е Алтайдағы қуатты шамалы түұсті металлургия кәсіпорындары ғана бар еді.Байланыс ж/е тасымал құралдары нашар дамыған еді.Халық шаруашылығы ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларын дамытуды,шахталар мен кеніштерді толық іске қосуды, жергілікті өнеркәсіп орындарының ескілерін қалпына келтіріп, жаңаларын салуды,халық шару/ның мұхтажына қажетті теміржолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыруды талап етті.

.






© 2010-2022