Қазақстан территориясындағы көне түркілер (5-сынып)

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қордай ауданы

№28 Ш.Уәлиханов

атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Балмуратова Айнур Болсыновна

Сыныбы

5

Пәні

Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан территориясындағы көне түркілер

Жалпы мақсаты

1.Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;

2.Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;

3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы және мәдениетімен таныса отырып, топтасып жұмыс істеуге бір - бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.

Тапсырмалар

1.Ой қозғау

2.Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)

3. Жұптық жұмыс (Инсерт),Сен-маған,мен-саған

4.Жеке жұмыс (Деңгейлік тапсырма)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (2-минут) назарын сабаққа аудару

1.2. Топқа бөлу ( Үш топқа бөлінеді) (қызыл,жасыл,ақ түсті таратпалар арқылы) ( 2 -минут)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Жеке жұмыс Деңгейлік тапсырма (3 минут)

  1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы-____________________________

  2. угор /естек/- ______________________________________________

  3. Рим империясы - ___________________________________________

  4. Боспор патшалығы-_________________________________________

  5. вестгот, остгот-___________________________________________

  6. Византия, феодалдық-_______________________________________

  7. дәуір, эфталит -____________________________________________

  8. ақ ғұн - ____________________________________________________

Бағалау: Мадақтау

2. Топтық жұмыс Картамен жұмыс (5 минут)

1-топ тапсырмасы Ғұн империясының орналасуы

2-топ тапсырмасы Ғұндардың мәдениеті

3-топ тапсырмасы Ғұн империясының ыдырауы

ІІІ. Жаңа сабақ .

«Ой қозғау» топтық жұмыс

ҒҰН

Ирандықтар

Тунгус-манчьжурлар

Қытайлықтар

Түркілер

Тохар тайпалары


1. Мәтінмен жұмыс (10 - минут)

Мәтінмен танысып болған соң хронологиялық кесте құру

2.Жеке жұмыс (деңгейлік тапсырма) 5 -минут

Маңызды даталар

Болған оқиғалар

Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы

Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.

542 жыл

Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.

Ү-ІҮ ғасырларда

Орта Азияның тарихында түрік этносының жаңғыруы.

VI ғ-дың ортасына дейін

Түріктердің жужандарға бағынышты болуы.

551-555 жылдар

Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы.

551-744 жылдар

Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.

551 жыл

Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.

552-553 жылдар

Қараеске кағанның билік етуі.

553-572 жылдар

Мұқан қағанның билік еткен жылдары.

VІ-VІІ ғасырларда

Түріктердің қолдауымен Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда мекендерінің құрылуы.

VII ғасырдың басында

Азия кеңістігі үлкен аумағының Батыс жөне Шығыс Түркі державала-рының колында болуы.

714-715 жылдар

Сырдария бойындағы өлкеге арабтардың жорығы.

VІ-ХІІ ғасырдың ортасында

Буддизм, манихейлік, христиандық діндердің түркі тілдес халықтардың арасында кең тарауы.

Бағалау: Смайлик

Бекіту: Мен-саған,сен-маған сұрақ - жауап жұптық жұмыс

1. Түркі дәуірі немесе көне түркі дәуірі деп қай кезеңді айтамыз?

2. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?

3. Ескі сына жазуларда түріктер өздерін қандай атпен жазған?

4. Түріктер мен жужандар арасындағы соғыс қай жылдары болды?

5. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.

6. Түрік хандарының сенімді көмекшілері болғандар?

7. Түрік қағандығы халқының басым бөлігінің негізгі кәсібі не болды?

8. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?

9. «Құдатғу-білік» еңбегінің авторы кім?

10. 714-715 жылдары түркілер кімдермен шайқасты?

V. Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау

Рефлексия 2 минут

Келесі тапсырмалар

Мәтінді оқу.Сөз жұмбақ құрастыру.Контур картамен жұмыс

Сабаққа өзгертулер енгізу

Топтық жұмыстар қорғау, жұптық жұмыстар

Үйге тапсырма

§ 8 Қазақстан территориясындағы көне түркілер

Бағалау

қорытынды баға



© 2010-2022