Ашық сабақ Ежелгі Қытай 6 сынып

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Ежелгі Қытай мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: 1.Жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу. Кун-фуцзы, Сыма Цянь туралы, олардың оқымыстылығы мен данышпандығы туралы баяндау.

2.Білім мен ғылымның ежелгі Қытайдан бастау алғаны туралы айтып, оқушыларды білім алуға деген құштарлығын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

ІІ. Миға шабуыл Тілші топтарға бірнеше сұрақтар қояды.

1.Жібек маталардың ерекшеліктері неде ? «Ұлы жібек жолы» деп неге аталған ? Оның қандай тармақтары бар ? 2.Қытай билеушілері батысқа қарай басқыншылық жорықтарын не үшін жүргізді ? Қандай жерлерді басып алды ? 3.Еңбекші халық жағдайы неге нашарлады ? Ван Ман деген кім? Ол қандай өзгерістер жасауға тырысты?

4. «Қызыл қастылар» мен «сары орамалдылар » көтерлістері туралы не білесің ?

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары

► Жазуы мен әдебиеті

► Кун-фуцзы (Конфуций) - Ежелгі Қытай данышпаны

► Сыма Цянь - қытай тарихының атасы

► Ғылыми білімі мен өнер табыстары

1-топ. «Конфуций -ежелгі Қытай данышпаны» бөлімін оқу,талдау.

2-топ « Сыма Цянь-қытай тарихының атасы» бөлімін оқу, талдау

ІV. Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары:

1-тапсырма : Мына тарихи даталардың оқиғаларын естеріңе түсіріп, жазыңдар.

1. Б. з. б. 551 ж -

2. Б.з.б. 151 ж -

3.Б.з.б. 479 ж -

2-тапсырма :Жауаптарын сәйкестендіріңдер.

3-тапсырма : Төмендегі сөздер мен ұғымдардың мағынасын түсіндіріп беріңдер

1.Құбыланама -

2.Сейсмограф -

3.Жұлдызнамашылар -

4-тапсырма : Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут

1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,................. да көп болған.

2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген................... атты ақын.

3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы.................. жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.

4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................ болып тағайындалады.

5. «....................» қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады.

5-тапсырма : Тақырыптың түйінді сөздері

Келтірілген сөздердің қайсысы Қытай мәдениетіне жатады ?

Сөздер банкісі

III ғасырда қазіргі Иранның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды. Б.з.б.ІІ ғасырда қағаз пайда болды. Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады. Ману заңдарын оқи отырып ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер ала аламыз.Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар.Бұл жаңа -дін буддизм деп аталады. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш ойлап тапты.

Біздің бүгінгі тақырыптың түйінді сөздері: Б.з.б.ІІ ғасырда қағаз пайда болды.Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады.

Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш ойлап тапты.

6-тапсырма :ББҮ

Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті


IV.Үйге тапсырма:

1.Мәтінді оқып келу мазмұндау.

2. «Қытайдың мәдениеті »тақырыбында шығарма жазып келу.

V.Бағалау

Бағдаршам арқылы бағалау

Жасыл түс - өте жақсы түсіндім

Сары түс-әлі де білімімді толықтыру қажет

Қызыл түс-мүлде түсінбедім.


© 2010-2022