Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі













Ғылым мен білімніңдамуы

















ҮІІ сынып







Сынып жетекші: Гүлдерім Мусина


Күні: 9.12.2015ж

Сыныбы: 7

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
1.Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
2.Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
3.Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағылым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге,
тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, уақыт шеңбері,шығармашылық жұмыс,гармошка әдісі,санадағы кинофильм,интернет желісімен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Орта ғасырлық Қазақстанның картасы, интерактивті тақта, суреттер

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу,түгендеу

2. Оқушыларды топқа бөлу (алма,мандарин,банан)

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (уақыт шеңбері арқылы)

Оқушылар ортаға шығып дөңеленіп тұрады

1. Мұсылманша жерлеу салты (адамның басы құбылаға қаратылып,жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленеді

2. Христиандық крестің таңбасы салынған кірпіштер табылды? (Ақтөбе)

3. 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы? (Кутейба ибн Муслим)

4. Зороастра ілімі қай ғасырда қалыптасты? (ҮІІ - ІҮ)

5. "Дін үшін соғыс" ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігіне басып кірді? (737 - 748жж)

6. Х ғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған ғалым (Әл - Макдиси)

7. Арабтардың Қазақстанның оңтүстігіне басып кірген уақыты? (ҮІІІ ғ. ортасында)

8. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным - сенім (тотемизм)

9. Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай қандай дін таралған? (христиан)

10. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде қандай салаларының дамуына ықпал етті? (ғылым мен білім)

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбын білу үшін сіздерге мақал - мәтелдің жалғасын табамыз.

Ғылым - теңіз.... (Білім - қайық)

Ақыл азбайды......(Білім тозбайды)

Тіліңмен жүгірме.....(біліммен жүгір)

Наданмен қос болғанша .....(кітаппен дос бол)

Байлықтың кілті .....(ғылым)

Ілім бұлақ....(білім шырақ)

Көп оқыған білмейді.....(Көп тоқыған біледі)

Оқу - білім азығы.....(Білім - ырыс қазығы)

Жаңа сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы

Жоспары:

Ғылымның дамуы

Әбу Насыр әл - Фараби (870 - 950жж)

Әбу Райхан әл - Бируни (973 - 1050жж)

Тіл білімнің дамуы

Махмуд Қашғари (1030 - 1090жж)

Жүсіп Баласағұни (1021 - 1075жж)

Әдебиет

Ахмет Иүгнеки

Қожа Ахмет Йасауи (1103 - 1167жж)

Ғылымның дамуы

Әбу Райхан әл - Бируни

(973 - 1050жж)

Әбу Насыр әл - Фараби

(870 - 950жж)



Тіл білімнің дамуы

Қожа Ахмет Йасауи

(1103 - 1167жж)

Ахмет Игүнеки

Әдебиет

Жүсіп Баласағұни

(1021 - 1075жж)

Махмуд Қашғари

(1030 - 1090жж)





Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" ретінде белгілі болған Әбу Насыр Мұхамед ибн Мұхаммед Үзлағ ибн Тархан әл - Фарабаи Шығыс пен Батысқа Х ғасырдың 1 - жартысында мәлім болды.Ол 870 жылы Отырар (Фараб) қаласында дүниеге келген.Руы - қыпшақ,әкесі әскери басшы адам болған.

Әл - Фараби музыканың заңдылықтарын зерттеп,оны екі тараудан тұратын "Музыканың үлкен кітабы" атты күрделі еңбегін жазған.Әл - Фарабидың жазуынша, "Табиғат көркі - аспан шырақтары,жердегі көрік - музыка,дыбыс" Тоғыз ішекті музыка аспабын сипаттап жазған.Ол туралы Мағжан Жұмабаевтың мынадай өлеңі бар:

Тұранның кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз ішекті домбырасын.

Күңірентіп тоқсан тоғыз күй таратқанда,

Тебіреніп кім көкпеген көзден жасын.

Әл - Фараби 950 жылы Дамаскі қаласында қайтыс болды.

Дамаскідегі әл - Фараби кесенесі мен тарихи - мәдени орталығы - мешті,оқу залы мен интернет - кафесі,кітапханасы,конференц залы,қонақ үйі бар көп салалы нысан.

Әбу Райхан әл - Бируни 973ж қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген.Парсы, араб,грек,үнді тілдерін меңгерген оқымысты.Әбу Райхан әл - Бируни жалпы алғанда жүз елу еңбек жазған,олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған.

Жүсіп Хас Хажип Баласағұни (1021 - 1075 жж) түрік отбасынан шыққан,жас кезінен бастап білім алып,әдебиетпен шұғылданған.Парсы - тәжік әдебиетін көп оқыған.

Жүсіп "Құтадғу білік" ("Құт негізі - білім") деген 85 тараудан,6500 - ден астам бәйіттен тұратын поэма жазған.

Ақынның көтерген мәселесі - адамның кемелдену жолдары.Автор осы жолда адамның жадында ұстауы тиіс деген негізгі төмендегідей шарттарды ұсынады

1. Баласағұни адам баласының қадір - қасиеті білім мен ақылда деп есептеп,халқын білімге үндейді.

175. Біліксіздер өзі нағыз басырдың,

Білім үйрен,надан.көзің ашылсың!

195 Білімді - аз,білімсіздер қаптағын,

Ақылсыз - көп,ақылдыны таптаған

150. Білік берді - адам бүгін жетілді,

Ақыл берді - талай түйін шешілді.

2. Тілдің пайдасы мен зияны туралы

170. Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,

Біз сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

Сөз кісіні ұлы қылар,бек қылар,

Көп сөз басты иіп жерге,жеп тынар

Махмуд Қашғари (1030 - 1090жж) орта ғасырдағы түрік тайпаларыннан шыққан ірі ғалым,ауыз әдебиетінің мол мұраларын жинаушы.Махмуд Қашғаридің "Диуани лұғат - ат - түрік" деген еңбек жазды.Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді. "Мен түріктер,түркімендер, оғыздар,яғмалар,қырғыздардың қалаларын,қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым,сөз жинадым,әр алуан тіл ерекшеліктерін үйреніп,оларды анықтап отырдым.Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес,сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім.Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы,жетік білетінмамандардың,жіті аңғарып,ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін. "

Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы,сопы ақындардың ішінде Ахмет Йасауидің (1103 - 1167) шығармалары елеулі орын алады.Қожа Ахметтің өлеңмен 1103 жылы Испиджабта туған Қожа Ахмет алғашқы білімді өз әкесі шейх Ибрагимнен алды.

Қожа Ахметтің өлеңімен жазылған "Диуани хикмет" ("Даналық жайындағы кітап") деген еңбегі бар.

Йасауидың даналық ойлары Баласағұни мен Абай көзқарастарымен өте ұқсас .Йасауи да бес нәрседен қашық болуды уағыздайды

1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол

Өз көркіңе өзің мәз бола берме,

Өзіңе - өзің сұқтанғаның сәрі жөн бе?

Алланы айтып тәуба қылғын,жөнге кел де,

Түн ұйқыңды төрт бөліп алдыңды ойла.

2. Менмен,тәкаппар болма:

Менмен болсаң,тамұқ күтіп алар алда,

Тәкаппардың халі ауыр,дозақ ол да.

3. Дүние мүлік үшін арыңды сатпа:

Дүние - мүлікке құмартып,жаөан малын жиғандар,

Құзын жемін жегендер арамға әбден батпақшы

4. Арамдықтан аулақ бол:

Арам жеген әкімдер,құныққандар параға,

Өз бармағын тістелеп,өкініш отқа жанбақшы.

5. Еріншек болмай оқуға,алыңдар білім кеңінен

Жоққа әрине,дауа жоқ,бардың жолын табыңдар.

ІҮ. Интернет желісімен жұмыс

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

а) Сәйкестендіру тапсырмасы

Мына тарихи есімдер мен шығармалардың арасындағы сәйкестіктерді табыңыз

Оқиға

Уақыты

Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші

Бируни

Құтадғу білік

Жүсіп Баласағұни

Диуани лұғат ат - түрік

Махмұд Қашғари

Диуани и - Хикмет

Ахмет Йасауи

Музыканың үлкен кітабы

Әл - Фараби

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

ә) Мәтінмен жұмыс

Cіз мына тарихи тұлғаларды танисыз ба?

1. Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Әкесі Ыстықкөлдің оңтүстігіндегі Барсханда тұрған. Барсхан әмірінің ұлы. Бұқара мен Нишапуда білім алған. Ол біраз уақыт Бағдад қаласында тұрған. Онда араб тілін оқып үйренеді. Ауыз әдебиетінің мол мұраларын жинаушы, тіл танушы және этнограф. Ол түріктердің тілі мен аңыз әдебиетіне ерекше көңіл бөліп, әрбір түрік тайпаларының қоныс жерлерін аралап сапар шеккен. Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Ортағасырлық түркі тілдес тайпалардың энциклопедиясы - «Түркі сөздерінің жинағын» мұраға қалдырған. Бұл еңбекті ерте орта ғасырлардағы түріктердің өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.

Махмуд Қашғари

2. 1103 жылы Испиджабта туған. Алғашқы білімді өз әкесі шейх Ибрагимнен алды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам дінінің тарауына зор әсерін тигізді. Оның өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тарады. Оның өлеңмен жазылған «Даналық жайындағы кітап» деген еңбегі бар. Еңбегінде ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты уағыздаған. Алғашқы ұстазы Отырардағы Арыстан Баб.

Қожа Ахмет Йасауи

3. Ол 973 жылы Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Ол парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын) болжаған.

Әбу Райхан әл - Бируни

б) Өлең шумақты табу

Төмендегі өлең шумақтарының авторы мен кітапты атаңыз. Ол адам баласының қадір-қасиеті - білім мен ақылда деп есептеп, халқын білімге үндейді:

Біліксіздер өзі нағыз басырдың,

Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!

Білімді-аз, білімсіздер қаптаған,

Ақылсыз-көп, ақылдыны таптаған

Білік берді - адам бүгін жетілді,

Ақыл берді- талай түйін шешілді.

Ақылды ұлы, біл, білімді білікті,

Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.

Жүсіп Баласағұн (Құтадғу білік)

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

в) Сөзжұмбақ шешу

"Ортағасырлардағы рухани мәдениет"

Б

Т

И

Б

А

Р

Ф

А

О

Л

Т

Н

А

И

Р

О

Т

С

Н

Е

А

Ь

Л

Е

Т

О

Т

С

И

Р

М

А

И

Ғ

З

Ұ

М

Н

г) Тест жұмысы

1. "Әлемнің екінші ұстазы" әл - Фарабидің атақты трактатын атаңыз

А) Ғылымдардың пайда болуы

В) Даналық кітабы туралы

С) Ежелгі халықтар хронологиясы

Д) Түрік сөздерінің сөздігі

Е) Бақытты болу жайлы ілім

2. Әл - Фараби кесенесі мен тарихи - мәдени орталығы қай қалада орналасқан?

А) Бағдад

В) Самарқанд

С) Дамаск

Д) Бұқара

Е) Каир

3. Ежелгі түріктердің әйел құдайы:

А) Қыз - Емшек

В) Тенгри

С) Ыдұқ баш

Д) Йер - Су

Е) Ұмай

4. Орталық Азияда будда дінінің таралуында маңызды рөл атқарды

А) Соғдылықтар

В) Қытайлар

С) Түріктер

Д) Монғолдар

Е) Наймандар

5. ІІІғ. Иранда "Жарық ұстазы" негізін қалаған,түріктер арасында таралған дін қалай аталады?

А) Христиан

В) Манихей

С) Зороастра

Д) Будда

Е) Ислам

6. М.Қашғари еңбегін атаңыз

А) "Диуани Хикмет"

В) "Жылнамалар жинағы"

С) "Құтты білік"

Д) "Диуани лұғат ат - түрік"

Е) "Орынбор тарихы"

7. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниектен 500 жыл бұрын болжаған ортаазиялық энциклопедист ғалым?

А) Бақырғани

В) Ибн Сина

С) Әл - Фараби

Д) Әбу Райхан әл - Бируни

Е) Қожа Ахмет Йасауи

8. Х - ХІІ ғғ. Қазақстанда қай мемлекет ресми турде исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады?

А) Түргеш қағанаты

В) Қарақытай мемлекеті

С) Қыпшақ мемлекеті

Д) Түрік қағанаты

Е) Қарахан мемлекеті

9. Әл - Фарабидің қайтыс болған жылы

А) 870 жыл

В) 950 жыл

С) 980 жыл

Д) 970 жыл

Е) 890 жыл

10. Қожа Ахмет Йасауи еңбегін атаңыз

А) "Құтты білік"

В) "Орынбор тарихы"

С) " Жылнамалар жинағы"

Д) "Диуани Хикмет"

Е) " Диуани лұғат ат - түрік"

Ү. Жұмыс алгоритмі (оқушыларға әуе шарының суреті беріледі)

Ғылымның дамуына үлес қосқан: Әбу Насыр әл - Фараби

Тіл білімінің дамуына үлес қосқан: Жүсіп Баласағұни

Әдебиет саласына үлесін қосқан: Қожа Ахмет Йасауи

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

ҮІ. "Гармошка" әдісі (оқушылар сұрақ дайындайды,ұнаған бір оқушыға апарып береді сол оқушы сұрағына жауап береді)

ҮІІ. "Елші " Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Насыр әл - Фараби хикметтерін оқушыларға таратып,оқуға тапсырма беріледі.Оқушылар өлеңнің мазмұны бойынша тарихқа енеді.

"Үш от, үш су, үш жел түгел таралды,
Үш топырақ- ғалам солай жаралды,
Бір - біріне жаулар бұлар өлгенше,
Жауды жауға салып қойған сенгенше…
Қатыспас жаулар, іштей тынып жарасқан,
Көріспес жаулар, өшіп бүгін тарасқан.
Жаратушы хақ жаратты апарып,
Жаратты да, жарастырды қатарын".
Төрт нәрсе бар, аз деп ұғып кейіме,
Дана айтқан сөзді түйгін зейінге,
Бұл төртеудің біреуі жау, бірі-өрт,
Үшіншісі тіршіліктің торы дерт,
Бұлардан басқа біреуі бар, ол-білім,
Осал көрме, төртеуінің ешбірін.
"Жамандық - от, от күйдіріп өтеді,
Жолын бөгер күш жоқ, күл қылдырып кетеді".

Ж.Баласағұн «Құтты білік»

- Хикметтерім кетті тарап жалғанға,
Кiм естімей өлсе - сол жан арманда.
Өйткені ол дертке дәрмен күш берер,
Ден қоймаған кiсi бармақ тістелер.
Даналығым - дүниеге жыр - дастан,
Дар қандансам, гүлге оранар сырласқан.
Мендік ақыл - өсиет сөз, қалса, Бiлмегеннiң ой - өрiсi аласа.
- Хикметтерім - шəкiрiттердiң ырысы,
Кiрмес миға, болса кiмнiң кір iшi.
Жайған сырым - жалындаған махаббат,
Көздің жасын қылғай құдай пәк, абат.
Хикметiмдi естімес те надандар,
Қабыл алмас көңіл қара жамандар.
Ойсыз пенде о дүниеде оңбайды,
Əдепсiзде əлемде пір болмайды,
Дін иманы жоқ ислам тапталар,
Қиямет таңы атса, отқа қақталар.
Хикметім - iсiм менен сөзім шын,
Еске тұтсам, Алла, есіркер өзiңiз.
Кереметім - сыйынатын бір кемел,
Кім таныса Хақты - жаным бірге дер.
Жайсаңдарға жетсін менің өлеңім,
Дұға, тəкбiр қылып, нұрға бөленiң.
Хикметім - құдiреттi пір, емiренiп,
Естігендер ұйып тыңдар тебiренiп.
Өсиетiмдi кім оқып, нəр жинайды -
Өлгенде оған жолдас болғай иманы.
Хикметiмдi тыңдаса ұйып пенделер,
Иманымен шығар жаны кеудеден.
- Хикметiмдi ардақ тұтса лайым,
Қам - қайғысыз қылғай соны құдайым.
Хикметiмдi шекерменен балдайды,
Әлемде оған сөз теңесе алмайды

Йассауи хикметінен

Қашықтасың туған жер - қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен.Қанатым талды менің,

Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О,жаратқан,көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып,тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілкте,

Әкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп,күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп,түнереді.

Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді.

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,

Екіншіде - шарап бар жайы мәлім.

Даналықты сиямен толықтырсам,

Шарабымен шерімнен айығамын.


Әл-Фараби «Қашықтасың»

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

ҮІІІ. Сабақты бекіту "Мәтін құрастыр"

І. Отырар Әбу Насыр әл - Фараби Қорқыт

ІІ. Шу өзені Жүсіп Хас Хажип Баласағұн "Құтадұғу білік"

ІІІ. Қожа Ахмет Йасауи "Даналық кітабы" Сүлеймен Бақырғани

ІХ. Бағалау

Х. Үйге тапсырма

Махмуд Қашғари

Сүлеймен Бақырғани

Жүсіп Баласағұн

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып


Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып

Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып


Ғылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сыныпҒылым мен білімнің дамуы тарих пәні бойынша 7 сынып



© 2010-2022