• Преподавателю
  • История
  • История Казахстана 8 класс Қазақстанда әкімшілік-территориялық басқару, округтар, салық жүйесінің құрылуы, сот реформасы

История Казахстана 8 класс Қазақстанда әкімшілік-территориялық басқару, округтар, салық жүйесінің құрылуы, сот реформасы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы,

Шиелі ауданы,

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Тарих пәні мұғалімі

Есмұхамедов Сәкен Мұхамедқалиұлы

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда әкімшілік-территориялық басқару, округтар, салық жүйесінің құрылуы, сот реформасы

Сабақтың мақсаты:

1) Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету;

2)Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;

3)Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру, тест

Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сипаттама беру

2.Сұрақ-жауап.

3.Өзіндік жұмыс.

А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.

  • Жобаның аты

  • Шыққан жылы

  • Авторлары

  • Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері

  • Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары

Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:

  • Жобаның аты

  • Шыққан жылы

  • Авторлары

  • Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.

Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару

ІІ. Өткен материалды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа материалды баяндау:

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

1.Басқарудың жаңа жүйесін енгізу

Басқарудың округтық жуйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округта 15-20 болыс, әр болыста 10-12 ауыл, ал әр ауылда 50-70 үй болатын болды. Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты. Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді. Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.

2.Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі

Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын. Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өздерінің қолындағы өкімет билігін балаларына мұра етіп қалдыру құқығын иеленді. Биліктің ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргізілді. Кейінгі кездерде болыстық қызметке сүлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рүқсат етілді. Бірақ ондай адамдардың патша өкіметіне сіңірген еңбегі зор болуы тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі Шыңғыс әулетін билік құрылымынан бірте-бірте шеттете бастады. Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздері ғана, ал оның құрметті қазақтардан іріктелетін екі заседателін билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардыңзаседательдері екі жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекітуінсіз өз өкілеттігін жүзеге асыруға кірісе алмайтын. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын болды.

Округтық приказдың негізгі міндеттері

Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды. Ол атап айтқанда,

  • округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • халыққа білім беруге қамқорлық жасау;

  • тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын

  • жақсарту;

  • қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу;

  • өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;

  • тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;

  • діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу;

  • көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;

  • сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау.

Округтық приказ, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиіс болды.

ІҮ.Сабақты бекіту:

Ү. Бағалау.

ҮІ. Қорытындылау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, картамен жұмыс


© 2010-2022