Тарих пәні бойынша Даму тақырыбында сабақ жоспары

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пән бойынша оқу мақсаты

Оқушылардың shopping туралы білімдерін,оның ішінде сөйлей алуы және жаза алуын игеру

Пән бойынша лексика мен терминология.

Shopping,catalogue,prices,sizes,products,

Singular,plural,pronouns деген сөздерді жазып, жаттайды.

Қысқаша шолу: Оқушылар тақырыптың мақсатына байланыстыдиалог құру арқылы сөйлеу қабілетін арттырады.Сатушы мен сатып алушының рөліне кіріп,сөйлем құрай алады.

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаттары

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Оқушылардың жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету

Бағалау

(оқушыларға қалай қолдау көрсетіп (ҚБ), жетістігін қалай бағалаймын

(ЖБ)?

Ресурстар (Бұл үшін маған қандай материал қажет?)

1

Shopping


Shopping тақырыбында

«Street market»« Shopping centre» деп екітопқа бөлу.

АКТ-ны пайдалана отырып сабақта кездесетін жаңа сөздермен таныстыру және ол сөздердің дұрыс айтылуын қадағалау.pounds,pence,cents,dollars,euros.Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру мақсатында «Өрмекші торы» әдісі бойынша өткіземін. Олар бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын түсінеді.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша суреттерге сүйене отырып екі топ диалог құрастырады.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардан әр түрлі бағаларды сұрап,сандарды қайталатып жіберемін.




Оқушылар пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында топқа тақырып бойынша бөлінеді.

Бұл тапсырмада оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеті артады, топ бойынша жұмыс қамтылады.Оқушылар топта және жұпта өзара диалогқа түсе отырып, сұраққа байланысты өз ойларын айтады.

«Өрмекші торы» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қойып ,тақырыпты түсінеді.

«Миға шабуыл» әдісі арқылысұрақ қою арқылы сандарды қайталап шығады.(топтық жұмыс, СТО, жас ерекшелік, көшбасшылық, ДжТ,бағалау).


Сабақта «Өрмекші торы» әдісін тапсырманы өздігінше түсіну мақсатында қолдандым. Себебі, барлық оқушылардың өз ойларын айтуы арқылы сабаққа деген зейіндерін аудару болды. «Бағдаршам» әдісін балалардың білімдерін толықтыру мақсатында қолдандым.


Сабақ барысында оқушыларға ауызекі бағалау арқылы қолдау көрсетемін.

Оқушының жетістігін сабақтағы топтық жұмыста белсенділігі және тапсырмаларды орындауда көрсеткен нәтижелері арқылы бағалаймын.

New Opportunities»

Оқулық,

Плакат, маркер, оқулық


2

Real or virtual shopping

Желілік сауда жасау туралы өз ойларын айта білу

Топқа бөлуді тақырыпқа байланысты "Singular" және "Plural" деп бөлемін.Сабақтың тақырыбын табу мақсатында АКТ-ны пайдаланып интерактивті тақтаға Қазақстандық желілік дүкендердің аттарын жазамын да оқушыларға суретке қарап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсындар деген сұрақ қоямын.

106- беттегі мәтінмен жұмысты екі топқа беремін.Әр топ мәтіндерді бірге оқып,аударып, талқылайды.

Тыңдалымды қалыптастыру үшін 107-беттегі 8- жаттығу беріледі.Олар диалогты екі мәрте тыңдап, диалогтың не туралы екенін түсіндіреді және диалогтың мағынасына қарай берілген тірек сөздермен толықтырады.

Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін және грамматиканы қайталау мақсатында суретпен жұмыс беріледі.Бірінші топ суреттердің ішінен тек жекеше түрде тұрған суреттерді жинайды.Екінші топ тек көпше түрдегіні жинайды.Әр топ осы суреттер арқылы киім дүкенінен киім таңдап, өлшемін,сапасын,түсін және бағасын ескере отырып,сол затқа сипаттама беру арқылы сөйлем құрайды.Осы суреттерге сүйене отырып оқушылардың барлығын қамту мақсатында сатушы мен сатып алушы ойынын «Кадр» әдісі арқылы беремін.


Оқушыларды топқа тақырып бойынша бөлу олардың түсініктерін қалыптастырады.Сабақтың тақырыбын табу үшін олар ойланып,пікір-таласқа түседі.

Мәтінмен жұмыс кезінде барлық оқушыға мәтінмен жұмыс беріледі.Сондықтан оқушылар барлығы оқиды,аударады,сұраққажауап береді.

Диалогтік оқу арқылы олар қаншалықты диалогтың мазмұнын түсінгендерін және есте сақтау қабілеттерін дамытады.

«Кадр» әдісі арқылы оқушылар түгел қамтылады.Олар сөйлемдерді тек құрамай және оны диалог ретінде айтады.


Топтық жұмыс кезінде оқушылар түгелдей жұмыс істейді. «Кадр» әдісі арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып,сабаққа деген ынтасы оянады және барлық оқушы сұраққа жауап береді.

«Жарайсындар» деп ынталандыру мақсатында бағалау.

Формативті бағалау

2 жұлдыз бір тілек

New Opportunities»

Оқулық,

Плакат, маркер, оқулық


3

Communication Workshops

Shopping тақырыбы бойынша оқу,жазу,тыңдау,түсіну,рөлге кіру дағдыларын дамыту

Топқа бөлуді сурет арқылы ұйымдастырамын.Сурет қиындыларын алу арқылы топқа бөлінеді.

108-беттегі Posterworld мәтінін екі топқа оқып,аударып, талқылайды.Мәтіннің не туралы екенін анықтайды.Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді сабақтың басында топтан бір оқушыға аудармасын және дұрыс оқылуын тапсырамын.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін оқушылар дүкен ойынын ойнауға дайындалады.Әр топ өздерінің дүкен макетін жасайды.Топтың мүшелері екінші топ мүшелеріне дүкеніндегі заттарын сатады.

«Стоп кадр» әдісі арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерлерін дамыту үшін қолданамын.

«Кім жылдам» әдісін қолдану арқылы екі топқа бірдей хат беремін.3 минут уақыт ішінде хаттың пунктуациялық қателерін жөндеу қажет.


Мәтінмен жұмыс кезіңде олар реттілікке үйренеді.

«Кім жылдам » әдісі оқушыларды тез ойлауға,шешім қабылдауға үйретеді.


«Стоп кадр» әдісі оқушыларға бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік береді.


Топтардың бірін-бірі бағалауы жүреді.Форматтивті бақылау жүргізіледі.

New Opportunities»

Оқулық,

Плакат, маркер, оқулық


4

Culture Corner 4

Лондон базарлары туралы ақпарат алу арқылы сөйлеуге,

жазуға машықтану

Шаттық шеңберін құру.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға Лондон туралы сұрақтар қою.

1.Лондон туралы не білесің?

2.Лондон қайда орналасқан?

3.Лондон қай елдің астанасы?

4.Лондонды көргің келе ме?

Сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін бір оқушыға алдын -ала берілген Лондон туралы презентацияны көрсетемін.

109-бет 1-жаттығу бойынша брошюраларды жұппен оқуға беремін.Лондонның 4 базары туралы оқып,мәліметтерді постерге түсіріп,қорғайды.

1-жұп Portobello road

2-жұп Camden markets

3-жұп Covent Garden

4- жұп Borough market

Екінші топ «Менің қаламдағы сауда орындары» тақырыбында постер қорғайды.

109-бет 3 -жаттығу бойынша оқушыларға сыни тұрғысынан ойлау мақсатында берілген адамдарға өзіне керек заттарын қай базардан сатып алатынын іздеп табу керек.

103 беттегі 1-жаттығу бойынша оқушылар топта жұмыс істейді.Берілген сөздерді әр шеңберге сәйкестендіреді.Интербелсенді тақтаны пайдаланып әр топ өздерінің сәйкестендірулерін іліп,қорғайды.Егер қателіктері болса түзейді.

Кейінгі оқу: Review дайындалу,сөздерді жаттау

Лондон туралы қаншалықты мәліметтер білетінін білу үшін «Миға шабуыл» әдісін қолдандым.

АКТ-ны қолдану арқылы презентацияны оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қолдандым.

Постер қорғау арқылы жұптық жұмыс арқылы оқушылардың барлығының жұмыс істеуін қадағалау.

Брошюра жасау арқылы олар бір-бірімен пікір алмасады және барлығы ортақ шешім іздеуге талпынады.



Сабақта формативті бағалау жүреді

Постер қорғау кезінде оқушылар бірін-бірі бағалайды.

New Opportunities»

Оқулық,

Плакат, маркер, оқулық




© 2010-2022