Тарих білгірлері тарихи-танымдық сайыс

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі.





«Тарих білгірлері»

Тарихи-танымдық сайыс.

5а,б сыныптар







Өткізген :Тулекенова М.А.

Төлегенова Б.А.




2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Тарих білгірлері»

Мақсаты: Туған елінің, Отанының тарихына деген құрмет сезімдерін қалыптастыру. Отансүйгіштік тәрбие беру.

(Музыка фон )

Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі «Тарих білгірлері»атты 5-сынып оқушыларының арасында өтетін тарихи танымдық сайысқа қош келіпсіздер !

- Олай болса, зор құрмет көрсете, бүгінгі білім бәйгесіне қатысушы екі топ мүшелерін ортаға шақырайық. (Топтағылар екі жаққа тұрады) .

Әділ қазы-ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл,-дей келе,сіздерді қазылық ететін алқа мүшелерімен таныстырып өтейік.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

(қазылар алқасын таныстырып өтеді)

Әр кезенде сайыскерлерімізге қойылатын талап та, шарт та қатал. Ол талап пен шарт туралы әр кезең барысында хабарлап отырамыз.

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! - Енді ойын шартымен таныстырып өтейін.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады, берілген тапсырмаларды дұрыс, нақты жауап беріп, жоғарғы ұпай алған топ жеңімпаз деп атанады.

Сайыскерлердің өзін-өзі таныстыру. (Топтың атымен, ұранымен, топ мүшелерімен таныстыру)

1 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда екі топ берілген сұрақтарға кідіріссіз жауап беру керек. Сұрақ саны 10)

2 кезең. «Тұлғаны таны» деп аталады, яғни Жасырылған тұлғаның кім екенін айту керек

3 кезең -«Сандар сөйлейді». Әр топқа жылдар беріледі. Сол жылда қандай оқиға болғанын табу керек.

4-кезең «Адасқан әріптер» деп аталады. Әр топ адасқан әріптерді орнына қойып сөздерді дұрыс тапса, соңында артық қалған әріптерден бір сөз шығады.

5 кезең «Ребус шешу» әр топ берілген ребусты тез шешу керек.

6 кезең «Сөзжұмбақ шешу»

Жүргізуші : Сайыстың тәртібі, барысымен таныс болдық , ойынымызды бастайық . Қазылар алқасы әр топтың орындауынан кейін, бағасын қойып отыруларыңызға сұраймыз.

І. Топтардың өздерін таныстыру сәті.

1-топ

«Ұландар»

2-топ

«Тәуелсіздік»

І. «Бәйге» сайысында Қазақстан тақырыбына арналған сұрақтарға кідіріссіз жауап беру керек.

1-топтың сұрақтары:

  1. 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

2.Қазақстанның төл мерекелері қандай?

3. Қазақстан қандай мемлекет?

4.Қазақстан қай елдермен шектеседі?

.5. Қ.Р. тәуелсіздігін қашан алды?
6..Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қай тіл?
7..Қазақстан Республикасының президенті - кім?
8.Қ.Р. астанасы қай қала ?
9.Әнұранның авторлары кімдер?
10.Тудың түсі қандай?

2-топтың сұрақтары:

1. 2015 ж Ата заңымызға неше жыл?

2. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.

3. II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Бұл қай жол? (Ұлы Жібек жолы)

4. Қазақстанның мемлекеттік тілін атаңыз?

5.Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне не жатады?

6. «Наурыз» мерекесі қашан тойланады?

7.Ұлы Отан соғысының қазақ батыр-қыздары.

8. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?

9.Астанаға елордасы қашан көшірілді?
10.Ұлттық валютамыз қай жылы шықты?

2 кезең. «Тұлғаны таны» деп аталады, яғни Жасырылған тұлғаның кім екенін айту керек

  1. Қазақтың ұлы ақыны. Өлеңдерімен әділетсіздікті әшкереледі, адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқорлыққа үндеді, басқа ұлт адамдарымен достасып, олардан өнер-білім үйренуге шақырды. Абай Құнанбайұлы

  2. Қазақтың тұңғыш педагог-ағартушысы. Алғаш рет қазақ даласында мектеп ашты, қазақ әліппесін құрастырды, қазақ тілінде тұңғыш оқулық жазды. Ыбырай Алтынсарин

  3. Ол 12 ғ соңы мен 13 ғ басында бытыраңқы моңғол тайпаларын біріктірді. Өз бәсекелестерін жеңе отырып ұлан байтақ далада Моңғол мемлекетін құрды. Шыңғысхан

  4. Оның ата бабалары Шыңғысханның ұлы Жошы ханның бесінші ұрпағы. Оның атасы кезінде түркістанды билеген. Ол Үш жүздің басын қосып, күшті Қазақ хандығын құруға айтарлықтай күш салды. Абылай хан.

3 кезең -«Сандар сөйлейді». Әр топқа жылдар беріледі. Сол жылда қандай оқиға болғанын табу керек.

1 топқа: Б.З.Б. 12-5 мың жылдық, 1465-1466 жылдар, 1991 жыл 16 желтоқсан

2 топқа: Б.З.Б. 5-3 мың жылдық, 1941-1945 жылдар, 1992 жыл 4 маусым

4-кезең «Адасқан әріптер» деп аталады. Әр топ адасқан әріптерді орнына қойып сөздерді дұрыс тапса, соңында артық қалған әріптерден бір сөз шығады.

О Т Д Р А Т Е Г Т А Й Г Н Ө Б Е Т Б

Ы Р Қ А Т Қ О А Ы Р Й А Б А Ы

К І Н Ә Р Е Ж Б Р О Р Т И Р М С И

Н И Ш А Қ О И Й Р И Е К Е

Қ А Х Й Н Б А Б А Х Ұ З Ы Н А Х М Р А Қ Ғ

5 кезең «Ребус шешу» әр топ берілген ребусты тез шешу керек.

, ,, ,

Тарих білгірлері тарихи-танымдық сайысТарих білгірлері тарихи-танымдық сайысТарих білгірлері тарихи-танымдық сайысТарих білгірлері тарихи-танымдық сайыс

,, , ,

, ,

Тарих білгірлері тарихи-танымдық сайысТарих білгірлері тарихи-танымдық сайыс

Тарих білгірлері тарихи-танымдық сайысТарих білгірлері тарихи-танымдық сайысТарих білгірлері тарихи-танымдық сайыс


, , ,

Ребусты шешкенде ҚАЗАҚСТАН сөзі шығады.

6 кезең «Сөзжұмбақ шешу»




«АСТАНА» сөзжұмбағының сұрақтары.

  1. Қазақстанның портты қаласы.

  2. Бұл қалада Абай Құнанбайұлының әдеби-мемориалдық мұражай бар.

  3. 1640 ж салынған қала.

  4. Бұл қаланың ішімен Елек өзені ағып өтеді.

  5. Халқыны саны жөнінен үшінші орынды алатын қала.

  6. Бұл қала бұрын Жайық қалашығы деп аталған.





«АЛМАТЫ» сөзжұмбағының сұрақтары.

  1. 2002 жылы бұл қала өзінің 2000 жылдық мерейтойын атап өтті.

  2. Бұл қала бұрында Ақмешіт, Перовск деп аталған.

  3. Бұл қала Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірі болып саналады.

  4. Еліміздің жезді қаласы.

  5. Бұл қала алғашқыда «Николаевка» деп аталған.

  6. Алматы облысының орталығы.

Жүргізуші : Бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті.

Оқушылар, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Қазылар алқасына, оқушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!-дей отырып, сайысымызды қорытындылаймыз!

Жүргізуші:көңіл қойып тыңдағаңыздарға көп-көп рахмет!сау-сәлемет болыңыздар!

Тарих білгірлері тарихи-танымдық сайыс





Тарих білгірлері тарихи-танымдық сайыс

Тарих білгірлері тарихи-танымдық сайысТарих білгірлері тарихи-танымдық сайыс

© 2010-2022