Урок на тему Сакское общество

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сақ қоғамы

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар

туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ

тайпаларының шығу тегі және олардың мекендеген жерлері

туралы түсінік беру;

2. Сақ елінің тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың ой-

өрісін дамыту;

3. Елін, жерін сүюге, білімділікке, еңбексүйгіштікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, карта, тест

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу, «адасқан әріптер», «таза тақта» ойыны,

топтық жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

І. Өткен тақырыптарды қайталау сұрақтары:

  1. Темір дәуірінің хронологиялық уақыты?

  2. Неге "темір дәуірі" деп аталды?

  3. Темір дәуірі нешеге бөлінеді, уақыты?

  4. Темір дәуірінің ерекшеліктері?

  5. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себебі?

  6. Көшпелі мал шаруашылығы үшін ертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін көбірек өсірді?

  1. Көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы шаруашылықтың

айырмашылығы неде?

  1. Көшпелілер нені білуге тиіс еді?

  2. Көшпелілердің дәстүрлі көшіп-қонуы қалай жүргізілді?

  3. Көшпелілердің баспаналары туралы не білеміз?

ІІ. «Адасқан әріптер» ойыны.

Қылжы-жылқы, үйет-түйе, шіліегінк-егіншілік, уйлажа-жайлау, ізик-киіз, қыу-уық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

І. «Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»,- М. Арын ағамыз айтқандай, қазақ халқының ата-тегі болған Сақ тайпаларының тарихын, мекендеген жерін, қоғамдық құрылысымен танысамыз.

Кейбір тарихшы ғалымдар «Қазақ» сөзі «Қас» , «сақ» (нағыз сақ) деген екі сөзден шыққан дейді. Олар қазақтар түрік, моңғол тектес тайпалардан құралған ежелгі халық деген болжам айтады.

Зерттеу жұмысы.

І-топ. Сақтар туралы қай елдің тарихшылары мәліметтер қалдырды?

ІІ-топ. Сақ сөзінің мағынасы

ІІІ-топ. Грек тарихшылары қалдырған мәліметтер.

ІІ. Сақтардың мекендеген жері, тайпалық құрамы

«Аялдап оқыту» стратегиясы

Сақтардың үш тобын және олардың мекендеген жерлерін кітаптан тауып, оқу, кесте толтыру, дәптерге жазу.

ІІІ. Сақ қоғамы

Үшке бөлінген: Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілеры. Сақ жауынгерлері қыэыл және сары-қызыл, абыздар ақ, ал малшылар мен егіншілер сары мен көк түсті киімдер киген.

ІҮ. Сабақты қорыту.

«Таза тақта» ойыны.

Парадарайа, Дарий, құдіретті еркектер, б.з.б І мыңжылдық, Томирис, ратайштар, сегізаяқты, тиграхауда, хаома сусыны, б.з.б 484-425жж.

Бес жолды өлең шығару.

  1. Зат есім (1)

  2. Сын есім (2)

  3. Етістік (3)

  4. Сөйлем (4)

  5. Синоним (1)

Үйге тапсырма. 15 оқу. Кесте толтыру, шығармашылық тапсырма.

Оқушыларды бағалау.




© 2010-2022