Сабақ жоспары Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық: Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту,
мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту, өз көзқарастарын қалыптастыруғакөмектесу.
Тәрбиелік; Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,
Ахметжанов Қ. С. Қазақтың дәстүрлі қару - жарағының этнографиясы. А - 2006
Сен білесің бе? Энциклопедия. А -«Аруна»
Қазақ Алтайының көне қазынасы. А -«Өнер»2008
Кенжеахметұлы С «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» А - 2006
Сәндік қолданбалы өнер. Энциклопедия.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, оқушы шығармашылық жұмысы, сөзжұмбақ т. б

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Дін дегенді қалай түсінесің?
2. Адам баласы алғашқыда неге табынған?
3. Қандай деректердің көмегі арқылы біз жерленген адам -
дардың нанымдарын анықтай аламыз?
4. Адам баласы табиғаттан тыс дүниені не деп атаған?
5. Құдайды адамдар қалай елестеткен? Оларды неден жа -
саған?
6. Ежелгі түркілердің негізгі нанымы не болған? Тәңір дегеніміз олардың ұғымында қалай аталады?
7. Б. З ҮІғ. Қазақстан жерінде мекендеген түркі тілдес халықтардың арасында қандай діндер тарады? Будда,
ислам, діндері қай елдерден келді?
8. Қазақстан жеріне Азия елдерінен таралған діннің бірі?
9. Заратуштралық ілімді қола дәуірінде қай тайпалар қол -
данған? Қай тайпалар осы ілімге қарсы шықты?
10. Дінді зеріттейтін ғылымды қалай атайды?

ІІ. Кесте толтыру
Діндердің атауы Негізін салушы Қасиетті кітабы
Үй тапсырмасы қорытындыланады
Қай дінді аласақта, адамды имандылыққа, адалдыққа тәрбиелейді.
ҚР - ның Ата Заңы - конституцияның 1 - бабында «Қазақстан зайырлы мемлекет»деп жазған. Қазақстанда ешқандай дін мемлекеттік емес, қай
дінді жүрегімен қабылдауы, ешқандай дінге кірмеуі - азаматтың өз еркі дегенді білдіреді. Барлық дін бірдей.

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары
1. Қазақ халқының баспанасы
2. Қазақ халқының ұлттық киімдері
3. Ұлттық қолөнері
Мәдениет дегеніміз не?
Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығы - ның жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
Мәдениет
Материалдық Рухани
Адам баласының шаруашылыққа Атадан балаға таралған
байланысты күнкөрісінен туған шығармалар(аңыз әңгімелер, жыр,
дүниелері(баспанасы, киім - кешегі, дастан, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер,
жиһаздары, қолөнер бұйымдары) даналық сөздер)

Оқушылар, енді мұражайға саяхат жасаймыз.
Қазақ халқының мұражайына қош келдіңіздер!
1 - зал Қазақ халқының баспанасы
2 - зал Қазақ халқының ұлттық киімдері
3 - зал Ұлттық қолөнер
І. Алғашқы баспаналар

Киіз үй көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.
Киіз үйдің негізгі қаңқасы киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оған кереге, уық, шаңырақ және есік жатады.
Киіз үйді қалай құрады, осымен танысамыз.
Кіз үйдің қандай түрлері болады? Оқушылар өздері білетіндерін айтады.
Киіз үйдің түрлері:
Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.
Алтын орда - 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан - 18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,
Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.
Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй - 4 - 5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.
Қараша үй - кедей үйі
Отау - жас жұбайлар үйі.

ІІ. «Қазақ халқының ұлттық киімдері" бөліміне хош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді қазіргі заманға сай дайындап, әлемдік деңгейде таныстырудамыз. Соған бірден - бір үлес қосып жүрген атыраулық еліміздің бас суретші - модельері ретінде танылған талант иесі Гүлмаржан Махамбет туралы айтамын
ІІІ."Ұлттық қолөнер" бөліміне хош келдіңіздер!
Қолөнер бұйымдарымен танысамыз.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1. «Орнын тап» Суреттерге қарап топқа бөлеміз.
Ер адамның киімдері Қыз баланың киімдері
2. Топтастыру
Қолөнер бұйымдарына нелер жатады?
Оқушының шығармашылық жұмысы
1. Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін шетелдік азаматтарға қалай таныстырар едіңдер?
2. Оқушылар дайындаған сөзжұмбақтарды шешу

Ү. Қорытынды
"Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі,
Өткендерін ескерген - өскендіктің белігісі"
ҮІ. Үйге тапсырма
Қазақ халқының материалдық мәдениеті оқу, түсінік айту.
«Үй жиһаздары», «Қолөнер бұйымдары»слайд жасау.
ҮІІ. Бағалау



© 2010-2022