Қазақстанның Ресейге қосылуы (8 класс)

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі: Қуандық Мөлдір Сағындыққызы

Сабақтың тақырыбы: §20. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары

  • Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанның Ресейге қосылуы ның аяқталуын ашып көрсету, яғни қазақтар Ресейге өздерін бағынышты етіп қоймағандықтарын түсіндіру.

  • Белсенділігін арттырып, тарихқа қызықтыру, білімдерін жетілдіру;

  • Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: жұптық, топтық әдістер, Блум таксономиясы, диалогтық оқыту

Көрнекілік: тақта, маркер, плакат, үлестірмелі парақшалар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Саяси ой-толғау

  • Топтастыру

І топ «Ресей»

ІІ топ «Қытай»

ІІІ топ «Қоқан»

3 минут

Білу: Үй тапсырмасы

  • Верный бекінісінің салыну себебі?

  • 1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы?

  • Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған кім? Перемышельский

  • Ұлы жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға қашан ауыстырылды? 1855

  • Верныйда тұңғыш су диірмені ашылды? 1857

  • 1858 ж Верныйда іске қосылған өнеркәсіп? Сыра зауыты

Тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді, сөздердің мағынасын ашады.

6 минут

Түсіну «Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары » тақырыбын жоспар бойынша кітаптан оқиды. Топ ішінде әр бөлімді бөліп дайындап алады. Содан кейін әр оқушы өз бөлімін қалғандарына түсіндіреді. Сұрақ-жауап арқылы әңгімені талдайды. Оқушылар кітаптан оқып түсінеді, топпен талқылайды. Әр оқушы өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

7 минут

Қолдану Топтық жұмыстПостермен жұмыс.

І топ. «Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы»

ІІ топ «Қазақстанның Ресей империясына қосылуының нәтижелері»

ІІІ топ. «Ұлы жүздің Ресей құрамына қосылуына әсер еткен жағдайларға талдау»

Оқушылар берілген тапсырманы орындағаннан кейін, постерлерін қорғайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

10 минут

Сергіту сәті, Қара жорға

Оқушылар орындарынан тұрып, мұғалім жасаған қимылдарды жасайды.

1 минут

Талдау

Уақыты. Оқиғалар.

  • Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

  • Ұзынағаш түбіндегі шайқас

  • Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу заңдылықтары

Оқушылар жұбымен отырып, парақшадағы берілген сұрақтарға жауап жазып, өз-өздерін тексереді.

6 минут

Жинақтау Оқушылардың алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылады. Әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

Үйге тапсырма: «Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдары» тақырыбын оқып, 129 беттегі құжатпен жұмыс, тақырып соңындағы сұрақтарына жауап беру. Тест тапсырмаларын орындап келу.

7 минут

Бағалау Топтық және өзін-өзі бағалау.

Топ жетекшілеріне алдын-ала бағалау парақшалары тапсырылады.

Бағалау өлшемдері:

  1. Топ ережесін ұстанады ма?

  2. Жаңа тақырыпты түсіну.

  3. Топтық жұмысқа қатысу.

Білімдерін қорыту. Бағалау критерийлері бойынша сабақтағы өзінің, топтың, басқа топтардың жұмысына баға береді.

5 минут

Кері байланыс Оқушылар бүгінгі сабақ туралы түсінгендерін стикерге жазып, іледі. «Не үйрендім», «Не білгім келеді»?

Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер.1 минут




© 2010-2022