§13. Қазақ хандары мен билері 5 класс

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:__________

Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 класс


§13. Қазақ хандары мен билері

Мақсаты:

Білімділік: Хан, қазақ хандары және де қазақ билері туралы мәліметтер бере отырып, түсініктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың тарихи танымын арттыра отырып, жауапкершілікке баулу

Дамытушылық: Ой-өрісі мен таным-түсінігін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: өткен тақырыппен байланыстыра түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

Алғашқы ұйымдастыру сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау

§12. Қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы

«ия-жоқ» ойыны

  1. Қазақ хандығын Керей мен Жәнібек басқарды (ия)

  2. Қазақтар жүзге бөлінбейді (жоқ)

  3. Қазақтарда жүзге кірмейтін ру бар (ия)

  4. Қазақтарды абыздар басқарды (жоқ)

  5. Қазақ хандығының құрылғанына 100 жыл болды (жоқ)

  6. Қазақтар өзге елді жаулап алу арқылы жерлерін кеңейтіп отырды (жоқ)

  7. Қазақтарды хан басқарды (ия)

  8. Қазақтарды Керей мен Жәнібектен тараған ұрпақтар биледі (ия)

Жаңа тақырыпты игерту

§13. Қазақ хандары мен билері

Қазақ елін билеген хандар әулеті Жошыдан тараған. Ханның қолында мемлекетттік маңызы бар көптеген өкілеттік болған. Ол аса маңызды экономикалық, саяси мәселелерді шешу үшін өз атынан Жарлық шығарып отырған. Елді басқаруда хан ұлыс сұлтандары мен билерден тұратын Кеңеске сүйенген. Ханның өзі бас болып белгілі уақытта Хан кеңесі өткізіліп тұрған. Аса маңызды мәселелерді шешу үшін Құрылтай шақырған. Төлеңгіттер ханның ауылымен бірге көшіп-қонып жүрген. Жаугершілік кезде төлеңгіттер ханның гвардиясы, жасауыл тобы болды.

Жошы - Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Әкесі өлер алдында Жошыға Ертістен Еділге дейінгі жерлер тиеді. Бұл өлке Дешті Қыпшақ аталды.

Қазақ хандарының тарихы 1465-1847 жылдар аралығын қамтиды. Жошы ұрпақтары қазақтың төре руын құраған. Қазақ қоғамы «Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар ережесінің аясында өмір сүрді. Қазақ Ордасын ұзақ билеген Хақназар болды. Тәуекел, Еңсегей бойлы ер Есім хандардың тұсында Қазақ хандығының күш қуаты бұрынғыдан артып, Салқам Жәңгір, Әз Тәуке хандардың билік құрған кездері жоңғар шапқыншылығымен тұстас келді.

Тәуке хан орталық билікті күшейту үшін рубасылары мен билерге арқа сүйеді. Сонымен қатар Хан кеңесін құрып, билердің қолдауына ие болды. Ресей мен Жоңғария мемлекеттерімен тығыз дипломатиялық және сауда қатынастарын орнатты. Тәуке хан билігі тұсында «Жеті Жарғы» әдеттік-құқықтық заңдар жүйесі құрылды. Әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық істер, салық ережелері,, діни көзқарас қағидалары қамтылды.

ХІХ ғасырда қазақ жерінде Ресей империясының отарлау саясаты күшейді. Осы тұста қазақ хандығын қалпына келтіріп, 1841 жылы хандық билікті Абылай ханның немересі Кенесары қолына алды. Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты хандық билікті түбірімен жойды.

Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды.

Сабақты бекіту:

Оқулықтың 68-ші бетіндегі 1-ші кестені толтыру

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы: §13. Қазақ хандары мен билері, оқулықтың 68-ші бетіндегі 2-ші кестені толтырып келу




© 2010-2022