5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Тимофеев орта мектебі» ММ





5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара


Тарих пәнінен сыныптан тыс шара


(5-9 сыныптарға арналған)

5-9 сыныптарға арналған сабақтан тыс іс-шара









Мұғалім: Әлмұханов А.К.


Тимофеев селосы 2015-2016 оқу жылы

Тарихи кеш интеллектуалды ойыны

Тақырыбы: «Тарихи таным»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тарих сабағынан алған білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

Дамутушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, отаншылдыққа, туған жеріне оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Түрі: ойын-жарыс

Әдісі: Кезеңге бөлу, интерактивті тақтамен жұмыс жасау.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқулықтар, қосымша әдеби құралдар, нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, география

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Ойынның мақсаты мен жоспарын айту, ойынды кезең бойынша өту, сыныпты топқа бөлу арқылы жарыстыру, қорытындылау.

Жоспары:

1 - кезең. «Бәйге». Бұл кезеңде топ басшылары таңдаған нұскасы бойынша берілген сұрақтарға жауап беруге тиіс. Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі, қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады.

2 - кезең. «Тұлғаны таны». Бұл кезеңде 2 топқа бірдей сұрақ қойылады, әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға шамалы уақыт беріледі.

3 - кезең. «100 сұрақ» Бұл кезең 3 бөлімнен тұрады: І бөлім «Жалпы тарих», ІІ - бөлім «Дүние жүзі тарихы», ІІІ- бөлім «Құқық». Әр бөлім бойынша екі топқа тарих бойынша сұрақтар қойылады.

4 - кезең. «Глоссари» Берілген терминдерді анықтаулары тиіс.

5-кезең. «Дәуірлену ». Бұл кезеңде адамзаттың дамуындағы үлкен әсерін тигізген археологиялық және антропологиялық дәуірлерді анықтап және берілген кестеге тиістісін жазып, толтыру қажет. Кезең екі бөлімнен тұрады: 1) Археологиялық дәуірлену, 2) Антропологиялық дәуірлену.

І - кезең «Бәйге»

І - топ

  1. Азамат соғысының басталуы?

  2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы?

  3. Қазақстанда неше облыс бар?

  4. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды?

  5. Алматы қаласы қай мерзімдер аралығында астана қызметін атқарып келді? 1928-1997 жж.

ІІ - топ

  1. Азамат соғысының аяқталуы?

  2. Бірінші дүниежүзілік соғысытың басталуы?

  3. С. Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?

  4. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы?

  5. Ақмола қаласы қай кезден бастап Астана болып атала бастады? 1998 ж. 6 мамырдан

ІІ - кезең «Тұлғаны таны»

І - топ

  1. Ол - Қытай қоластындағы Шығыс Түркі қағанатын қайта қалпына келтіру үшін қол бастаған қаһарман, әруақты әскербасы. Оның есімің естіген жаудын өзі қорқа бастады. Ол 21 жасында өзінің ұлы жорығының бірінде - қытайдың Чача Сеңүн бастаған тұрақты және ең сенімді әскерімен соғысқа аттанды . Г.Гумилев оның әскери өнерін жоғары бағалай отырып , сол шайқаста ойсырай жеңілген қытайлықтар 10 мың адамынан айрылғанын хабарлайды. 708-709 жылдары қытайлар оған қарсы тағы да қалың қолмен ұрыс жасайды , бірақ көк түркі жауынгерлерінің көзсіз ерлігі арқасында бәрі сәтсіз аяқталады. (Күлтегін (684-731 ж.ж.))

  2. Ол ХVІІІ ғ. ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, батыл, ержүрек , адал және әділ , сөзіне берік, алғыр ойлы, домбырашы, сөзге шебер әрі тапқыр шешен, шығыстын жеті тілін білген . Ол 1781 ж. дүниеден озған. (Абылай хан)

  3. Ол 1815-1898 жж. аралығында өмір сүрген. Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Халқымыздың поэтикасында жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның келесі өлеңін еске алсақ, онда адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелегені, оның шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.

Ақын боп жиырмада желдей болдым,

Отызда асқар биік белдей болдым.

Отыз асып қырыққа келгеннен соң,

Қаптаған жердін, жүзін селдей болдым.

Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,

Түбім терең, құрақты көлдей болдым.

Елу асып, алпысқа келгеннен соң,

Салынды суға ілінген сеңдей болдым

Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң,

Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым. (С.Аронұлы)

ІІ - топ

  1. 452 жылы мүмкіндігі бола тұрса да Рим қаласын қиратуға бармады. Ол жаулап алған қалалардағы мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермегені жөнінде деректер жеткілікті. Тіпті, Франк, Бургундия билеушілері оған өз балаларын тәрбиелеуге, оқуға жіберіп отырған. Ол патшаның тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. (Аттила)

  2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған, қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білген билеуші. Ол көрші ірі мемлекетпен тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар мен башқұрттардың мазалауын тоқтатуға тырысты. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін ол аға хандыққа таласып, халық жасағының ішінде іріткі туғызды. 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза болды. Бұл кім? (Әбілқайыр хан)

  3. Ол 1873 ж. Қостанай обл., Жангельдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ұл-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі. Ақын, публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы. Алашорда үкіметін құру үшін атсалысқан. 1937 ж. ату жазасына кесілген.

Қазағым елім!

Қайқайып белің

Сынауға тұр таянып

Талауда малың

Қамауда жаның

Аш көзіңді оянып! - деген жалынды үндеуі түйсігі бар қазақты дүр сілкіндірген өлен жолдарының авторы кім? (А.Байтұрсынұлы)

ІІІ - кезең «100 сұрақ»

І - топ

І бөлім «Жалпы тарих 1»

  1. Қазақстан тарихы нешеге кезеңге бөлінеді? 4

  2. Шығыста тарих атасы кім? Сыма Цянь

  3. Тарихтың қайнар көзі не? Деректер

  4. Дүние жүзінде неше этнос бар? 3000

  5. «Хижра» сөзі қандай мағына береді? Ислам дінінің жыл санау үлгісі

  6. Қазақстан жерінің көп бөлігі шөлейт немесе шөл дала. Жалпы аумағының неше пайызын таулар алып жатыр? 10%

  7. «Мұрағат» деген не? Көне замандардан бері жинақталған аса құнды жазба құжаттар, сақталатын орын.

  8. «Тотемизм» сөзінің мағынасы?

  9. «Диаспора» сөзінің мағынасы? Өз елінен тыс жерде сүріп жатқан халық.

  10. Қазақстанда жануарлардың неше түрі бар? 155

  11. Геродоттың еңбегі қалай аталады? «Тарих»

  12. «Жеті ата» неше уақытты қамтиды? 210 ж.

  13. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? 1991 ж.

ІІ - бөлім «Дүние жүзі тарихы 1»

  1. Египет пирамидаларының ең үлкені? Хеопс

  2. Дүние жүзіндегі алғаш Конституция қабылдаған ел? АҚШ

  3. Ежелгі Вавилонның атақты патшасы? Хамураппи

  4. «Жүз жылдық» соғыс қай елдердің арасында болды? Франция-Англия

  5. Б.з.б. Граник өзенінің бойында А.Македонскийдің әскері кімдерді талқандады? Парсыларды

ІІІ- бөлім «Құқық 1»

  1. Конституциямыз неше бөлімнен тұрады? 9 бөлімнен

  2. ҚР алғаш Конституциясы қабылданды? 1993 ж. 28 қаңтарда

  3. «Сот» қандай орган? Үкім шығарушы

ІІ - топ

І - бөлім «Жалпы тарих 2»

  1. Әлемде алғашқы карталарды кімдер жасаған? қытайлықтар

  2. Жер шарында неше мұхит бар? 4

  3. Халқының санынан екінші орында тұрған қай ел? Үндістан

  4. Қазақстан БҰҰ - ға мүшелікке қашан қабылданды? 1992 ж.

  5. Тасқа, қышқа жазылған сурет жазуларды қалай атаймыз? пиктография

  6. Бейжің олимпиадасы қай кезде өтті? 2008 ж.

  7. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің мерзімі? 1773-1775 жж.

  8. «Топономика» деген не?

  9. Ең алғаш жазулар қашан шықты? Б.з.б 5 мың ж.

  10. Тарихи деректер нешеге бөлінеді? 5ке-ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық

  11. 1812 ж. 27 шілдеде Малаево Болото және Левия деревнялары түбіндегі ұрыстарда айрықша көзге түскен қазақ жауынгерлері? Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы

  12. Қашаннан бастап Ақмола ресми түрде ҚР астанасы болып жарияланды? 1997 ж. 10 желтоқсан

  13. Тың және тыңайған жерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды? 1954 ж.

ІІ - бөлім «Дүниежүзі тарихы 2»

  1. Қытай мемлекетінің жеріндегі екі үлкен өзендер? Хуанхэ, Янцзы

  2. Леонардо да Винчидің әлемге әйгілі еткен туындысы? Мона Лиза

  3. АҚШ Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына қашан бомба тастады? 1945 ж. 6 тамызда Хиросимаға, ал 8 тамызда Нагасакиге

  4. Қырғызстанның алғаш президенті кім? А.Акаев

  5. Ежелгі грек мектептері неше басқыштан құралған? 3 - 1ші: 3-7 жасар, 2ші: 7-12 жасар, 3ші: гимнасия.

ІІІ - бөлім «Құқық 2»

  1. Жоғары сот төрағасы кім?

  2. ҚР Конституциясы неше бабтан тұрады? 98 бабтан

  3. Қазақстан республикасына мінездеме бер?

ІV - кезең «Глоссари»

Автономия, Ауыл,Ата - аймақ,Кереге, Кебеже, Кесене, Мәдениет, Сәукеле,Сәулет өнері, Шаңырақ, Тотемизм,Плюрализм, Жайлау, Иман, Күй, Мешіт, Нумизматитка,Сал-серілер,Театр, Хан,Теология

Азамат соғысы, Полеолит, Тарих, КСРО, ҚР, Конституция, Ғасыр, Геральдика, Баб, ТМД, АҚШ,

Анимизм, Магия, Диаспора, Топонимика, Меридианалдық бойлық, Карта, Хижра, Ономастика,

Пиктография, Этнография, Алаш, Қазақ, Цитадель, Шахристан, Рабатт, Шанью, Гуньмо, Неолит,

Гоминид, БК(б)П, Хомо хабилис, Виксикология, Рәміз, Президент, БҰҰ, Тың игеру, Агрессия,

Репрессия, Сталинге хат, Ұжымдастыру, Индустрияландыру, Федерация, Монархия, Төлеңгіттер


5 кезең «Дәуірлену»

Археологиялық дәуірлену:

Тас дәуірі б.з.б. 2,6 млн-12 мың ж.



Энеолит

Б.з.б. 3-2 мың ж.

Неолит

Б.з.б. 5-3 мың ж.

Мезолит

Б.з.б. 12-5 мың ж.

Палеолит

Б.з.б. 2,6 млн-12 мың ж.







Кейінгі палеолит б.з.б 40-12 мың ж.

Орта палеолит б.з.б 140-40 мың ж.

Еж. Полеолит б.з.б. 2,6 млн-140 мың ж.



Дошшель

Шелль

Ашелль

Орньяк

Солютре

Мадлен

Кейінгі ашелль

Мустье

Антропологиялық дәуірлену:

Негізгі кезеңдері (атаулары)

Табылған аймақтары

1

2

3

4

5

Мұғалім сөзі: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеу үшін - білім қажет», деп Ш. Уалиханов айтқандай, алдымызда бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің біріне айналу мақсаты шақта, бүгінгі «Тарихи таным» интеллектуалды білім сайысы сіздердің тарихи танымдарыңызды, білімге құштарлықтарыңызды арттырып тастады деген ниетпен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.







© 2010-2022