Олимпиадаға дайындық материалдары. Тақырыптық тест

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ф.Энгельс атындағы орта мектебі



Қазақстан тарихы пәні бойынша

5 сынып оқушыларына арналған

тақырыптық тест тапсырмалары

Олимпиадаға дайындық материалдары. Тақырыптық тест.



Тарих пәнінің мұғалімі:Хайруллина А.
















Мазмұны:


  1. Түсінік хат

  2. Тест тапсырмалары

  3. Жауап кілті

  4. Пайдаланған әдебиет








Түсінік хат

«Қазақстан тарихынан 5 сыныпқа арналған тест тапсырмалары» жинағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған. Бұл жинақта оқулықтың негізгі тақырыптарына байланысты құрылған тесттер беріледі. Бағдарлама бойынша өтетін тақырыптар қамтылған. Ж.О.Артықбаев, Ә.Ә.Сабданбекова, Е.А.Әбіл авторлығымен «Атамұра» 2010 баспасында шыққан оқулық негізінде құрылды.

5 сынып оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін анықтауда, өткен сабақты қайталауда,бекітуде, қорытынды тест жұмысы кезінде қолдануға арналған.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.




Тарих әлемі

  1. «Тарих» сөзін алғашқы қолданған кімдер?

а/парсылар б/арабтар с/гректер

  1. «Тарих» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

а/ «шежіре» б/зерттеу с/жазу

  1. «Шежіре» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

а/ тарих б/рухани қазына с/ зерттеу

  1. Жазба тарихтың негізін салушы кім?

а/ Сыма Цзянь б/ Геродот с/ Рашид ад-Дин

  1. Тарих атасы кім?

а/ Сыма Цзянь б/ Геродот с/ Рашид ад-Дин

  1. Шығыста тарих атасы кім?

а/ Рашид ад-Дин б/Сыма Цзянь с/ Геродот

  1. 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды»

(«Ши цзи») қалдырған кім?

а/ Геродот б/Сыма Цзянь с/Рашид ад-Дин

  1. 1247-1318жж өмір сүрген тарихшы Рашид ад-Диннің еңбегі қалай аталады?

а/ «Жами ат-тауарих» б/ «Тарих» с/ «Тарихи жазбалар»

  1. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді?

а/2 б/3 с/4

  1. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының шеңберін анықтаңыз.

а/VІ-XVІІғғ б/XVІІ-XIXғғ с/XXғ бастап бүгінгі күнге дейін






Тарихтың қайнар көзі деректер


  1. Тарихи аңыздар мен шежірелер қандай дерек көзіне жатады?

а/жазбаша б/ауызша с/антропологиялық

  1. Мемлекеттік және сауда құжаттары қандай тарихи деректерге жатады?

а/этнографялық б/ жазбаша с/ауызша

  1. Тыйындар,құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән қалай аталады?

а/геральдика б/нумизматика с/антропология

  1. Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні қалай аталады?

а/этнография б/ геральдика с/нумизматика

  1. Адам қаңқасын зерттеу арқылыадамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы қалай аталады?

а/антропология б/этнография с/нумизматика

  1. Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?

а/ономастика б/топонимика с/этнография

  1. Пикторграфия деген не? а/тасқа,қышқа жазылған сурет жазулар б/папирустағы жазу с/көне түрік жазуы

  2. Қазіргі біз қолданып жүрген әріптерді ойлап табушылар? а/гректер б/финикиялықтар с/ежелгі түріктер

  3. Атаулар тарихын зерттейтін ғылым? а/мұрағат б/ономастика с/археология

  4. Археология-

а/адамзаттың өткен тарихын қаңқа сүйектер арқылы зерттейтін ғылым б/ адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым с/ жер-су атауларын зерттейтін ғылым






Тарихқа саяхат

Адамның жаратылуы

  1. Тотем-деген не?

а/ рулық қоғамда адамның шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарға байланыстырып қолданатын зат б/ тобыр дегенді білдіреді с/ еңбек құралының дамыған түрі

  1. Маймыл тектес ең алғашқы жабайы аңдар қалай аталады? а/ питекантроп б/гоминид с/ синантроп

  2. Олдувайда табылған австралопитектерді ғалымдар қалай атады? а/ «хомо хабилис» б/гоминид с/ «хомо сапиенс»

  3. Алғашқы питекантроптың сүйек қалдықтары қашан және қай жерде табылды? а/1927ж Қытайдың Чжоу-коу-дянь үңгірінде б/ 1890-1892жж Ява аралында с/ 1938ж Тесіктас үңгірінде

  4. 1938ж академик А.П.Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен кімнің сүйегін тапты? а/ неандерталь баланың б/ синантроптың с/питекантроп

  5. Алғашқы Кроманьондық қай жерден табылды? а/ Ява аралынан б/Франциядан с/Қытайдан

  6. Питекантроп шамамен қашан өмір сүрді? а/б.з.б. 800-500мың жыл бұрын б/ б.з.б. 500-200 мың жыл бұрын с/ б.з.б. 100-35 мың жыл бұрын

  7. Кроманьондық адам осыдан неше жыл бұрын қалыптасты? с/ б.з.б. 100-35 мың жыл б/ б.з.б. 40-35 мың жыл бұрын с/б.з.б. 500-200 мың жыл бұрын

  8. Австралопитектің миы неше куб см? а/1000 куб см б/600-650 куб см с/700-750 куб см

  9. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар неше жыл бұрын мекендеген? а/ 1млн жыл бұрын б/500 мың жыл бұрын с/800 мың жыл бұрын

Тас дәуірі (Палеолит)


  1. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді?

а/2 б/3 с/4

  1. Палеолит кезеңінің хронологиялық шеңберін атаңыз. а/ б.з.б 2,5 млн-12 мыңжылдық аралығын қамтиды б/б.з.б. 12-5 мыңжылдық с/б.з.б. 5-3 мыңжылдық

  2. Болас деген не? а/аң аулауға пайдаланған жіпке байланған домалақ тас б/ қатты тастан жасалған кескіш құрал с/ үшкір таяқша

  3. Чоппер деген не? а/аң аулауға пайдаланған жіпке байланған домалақ тас б/ қатты тастан жасалған кескіш құрал с/ үшкір таяқша

  4. Шақпақ тастан жасалған қолшапқының салмағы неше кг болған? а/ 1кг б/2кг с/4кг

  5. Имек ағаш сияқты аңға лақтыратын құрал қалай аталады? а/ чоппер б/бумеранг с/болас

  6. Неолиттің басты жаңалығы -

а/садақ пен жебе б/балшықтан ыдыс жасау және егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы с/от пайдалану

  1. Тарихта ең аз зерттелген кезең қандай? а/мезолит б/неолит с/палеолит

  2. Біздің жерімізде соңғы мамонттар өмір сүрген уақытты анықта а/ б.з.б. ІХғ б/ б.з.б. Хғ с/б.з.б. ХІғ

  3. Доғал және домалақ ұшы бар жебені адамдар негізінен қандай жануарға қолданды? а/ мамонттарды аулағанда б/ жүйрік жануарларды уалағанда с/ терісі бағалы аңдар мен құстарды аулағанда


Қола дәуіріндегі қазақстан


  1. Мыс пен қалайының қоспасы қалай аталады?

а/темір б/қола с/қорғасын

  1. Қола дәуірі қандай кезеңді қамтиды? а/ б.з.б. ІІ мыңжылдықты қамтиды б/ б.з.б. ІІ-І мыңжылдықты қамтиды с/ б.з.б. І-ІІ мыңжылдықты қамтиды

  2. Қола дәуірі неше тарихи кезеңге бөлінеді? а/3 б/5 с/4

  3. Қола дәуірінде дамыған басты шаруашылық түрі. а/ егіншілік б/мал шаруашылығы с/балық аулау

  4. Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері ең көп шоғырланған жер- а/Батыс Қазақстан б/Орталық Қазақстан с/Солтүстік Қазақстан

  5. Тасқа салынған суреттер-а/ иероглиф б/петроглиф с/пиктография

  6. Таңбалы қонысы қай жерде орналасқан? а/ Батыс Сібірде б/ Алматы қаласының солтүстігінде,Жетісу жерінде с/ Қостанайда

  7. Қазақтың академигі Ә.Х.Марғұлан қандай қола дәуірінің ескерткішін ашты? а/ Беғазы-Дәндібай б/Алғабас с/Нұра

  8. Андрон мәдениетінің ең алғаш табылған жері- а/Оңтүстік-батыс Сібірдегі Ачинск қаласы б/ Алесеевка қонысыс/Жетісу жері

  9. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің неше қорғаны табылған?а/20қорған б/3 қорған 5 с/50 қорған.



Сақтар тарихы

  1. «Тарих атасы» Геродот сақтарды қалай атаған? а/азиялық скифтер б/ сақтар с/турлар

  2. Шошақ бөрік киетін сақтар қалай аталды? а/хаумаварга б/тиграхауда с/парадарайа

  3. Сақ парадарайа- а/шошақ бөрік киетіндер б/теңіздің арғы жағында тұратындар с/хаома сусынын дайындайтындар

  4. Хаома сусынын дайындайтын сақтарды парсы деректерінде қалай атады? а/ сақ тиграхауда б/сақ хаумаварга с/ сақ парадарайа

  5. Сақтар қандай антропологиялық нәсілге жатқызылады? а/ европеоидтық б/негроидтық с/монголоидтық

  6. Сақтардың төрт доңғалақты арбаның үстінде орнатылған киіз үйлері қалай аталды? а/киіз үй б/күйме с/арбалы үй

  7. Сақ дәуірінде көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар. а/ Батыс және

Орталық Қазақстан б/Солтүстік-Шығыс Қазақстан с/Оңтүстік пен Батыс Қазақстан

  1. Отырықшы мал шаруашылығы дамыған аймақ. а/Батыс Қазақстан б/Оңтүстік Қазақстан с/солтүстік Қазақстан

  2. Сақ қоғамы қандай әлеуметтік топтан құралды? а/ хан,уәзір,абыздар б/ жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер с/жауынгерлер мен қарапайым халық

  3. Қазба жұмыстары кезінде көбіне табылған қандай жануар сүйегі?а/ірі қара б/қой с/жылқы

  4. Б.з.б. шамамен 570-520жж өмір сүрген сақ билеушісі кім? а/Зарина б/Томирис с/Спаргапис

  5. Сақтарда үш әлеуметтік топ бірін-бірі қалай ажыратты?а/ тек бас киімдерінен б/қымбат матадан тігілген киімдер с/киген киімінің түсіне қарап

  6. Сақ жауынгері қандай түсті киім киді? а/қызыл б/ақ/сары

  7. Сақ абызы қандай түсті киім киген? а/ақ б/қызыл с/сары,көк

  8. Егіншілер мен малшылар қандай түсті киім киген? а/ақ б/сары,көк с/қызыл

  9. Парсы патшасы Кир қай жылы сақтарға шабуыл жасады? а/б.з.б.519ж б/ б.з.б. 530ж с/б.з.б.518ж

  10. Спаргапис деген кім? а/сақ патшасыб/кирдің баласы с/Томиристің ұлы

  11. Б.з.б. 518-519жж сақтарға соғыс бастаған кім? а/ Кир б/Дарий с/Ескендір Зұлқарнайын

  12. Дарий патшаның әскеріне қулық көрсетіп, далаға апарып, шөлде қалдырған кім?а/ Спаргапис б/Атилла с/Шырақ

  13. 1969ж Есік қорғанынан «алтын киімді адамды» тапқан кім? а/Ә. Марғұлан б/К.Ақышев с/Қ.Сатпаев

  14. «Алтын киімді адам» қашан өмір сүрген? а/б.з.б. V-IVғғ б/б.з.б.ІVғ с/б.з.б.ІІІғ

  15. «Алтын адамның» киімі неше мың алтын әшекеймен безендірілген? а/3мың б/4мың с/5 мың

  16. Бас киімінің биіктігі неше см? а/50см б/60см с/70 см




Ғұндар тарихы

  1. Б.з.б ІІІғ шаньюй атағына ие болған ғұн билеушісі кім?

  2. а/Мөде б/ Чжи-чжи с/ Тұман


  1. Ғұн мемлекетінің екіге бөлінген жылы?

а/б.з.б.71ж б/б.з.б. 56ж с/б.з.б.50ж


  1. Ғұндардың тастағы салған бұқа суреті ненің белгісі?

а/күш пен биліктің б/бақыт пен жақсылық с/ үй ошағын сақтаушы


  1. Ғұндардың тастағы салынған бұғы суреті нені білдірді?

а/үй ошағын сақтаушы б/ күш пен билікті с/ бақыт пен жақсылық


  1. Еділ патшаның өмір сүрген жылдары :

а/ б.з. 400-453/459/жж б/б.з.455-400жж с/б.з.б. 400-485жж


  1. «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» қай тайпа түрткі болды?

а/ Аландар б/ Ғұндар с/ Вестготтар


  1. Б.з. Vғ ғұндардың батысқа жорығын кім басқарды?

а/ Мөде б/Атилла с/Тұман






Ежелгі Түркілер


  1. Алғаш «түрік»атауы қай елдің деректерінде кездеседі?

а/ Парсы б/Араб с/Қытай


  1. Түрік мемлекетінің алғашқы ел билеушісі кім?

а/Тоныкөк б/Бумын с/Білге


  1. Түрік қағанаты құрылған жыл?

а/б.з.552ж б/б.з.553ж с/б.з.554ж


  1. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?

а/Геродот б/ М.Қашқари с/Ж.Баласағұн


  1. «Ашина» атауы қандай мағынаны білдірді?

а/еркін адам б/қасқыр с/Тәңір


  1. Ертедегі түркі жазуы

а/сына б/иероглиф с/әліпби


  1. Неліктен 11-12ғғ түркі жазуы қолданыстан шыға бастады?

а/түркі жазуын араб емлесі ығыстырды б/қытай жазуы с/грек жазуы


  1. «Түрік »сөзінің ұғымы

а/ «төркін»б/ «әскери ақсүйек» с/екеуі де дұрыс


  1. Ежелгі түркі жазуларын тұңғыш рет кім оқыды?

а/В.Радлов б/Ә.Марғұлан с/Юстиниан


  1. Ежелгі түркі ескерткіш жазулары қайдан табылды?

а/Орхон өзені бойында б/ Сібірде с/Грекияда














Мәдениет және сауда жолдары

  1. Ұлы Жібек жолының қалыптасқан ғасырын анықтаңыз :

а/ б.з.б. ІІ ғ соңы б/ б.з.б. І ғ басы с/б.з. ІІғ


  1. Қытайда жалдамалы әскерге жалақы ретінде берілген -

а/ жылқы б/жібек с/алтын


  1. Ұлы Жібек жолының өмір сүруімен «әлемнің төрт патшалығы» деген ұғым пайда болды.Сол патшалықтарды сәйкестендіріп жаз:

а/Түркі қағанаты б/ Қытай с/Үндістан д/Византия

1/пілдер патшалығы 2/ адам патшалығы 3/жылқы патшалығы 4/құнды байлықтар патшалығы:

А/а3, б2, с1,д4 Б/а1,б2,с3,д4 С/а4,б3,с2,д1


  1. Ұлы Жібек жолы арқылы Үндістаннан Корея мен Жапонияға қандай дін енді?

а/ Ислам б/христиан с/будда


  1. Ұлы Жібек жолы нешінші ғасырларда өз маңызын жойды?

а/ ХІV-ХVғғ б/Х-ХІғғ с/ІХ-ХІІ ғғ


  1. Қандай жаңалықтың ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолы өз маңызын жойды?

а/әуе жолының ашылуы б/теңіз жолының ашылуы с/темір жолының ашылуы


  1. Ұлы Жібек жолы қай елден басталды?

а/Грекиядан б/Римнен с/Қытайдан




Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы

  1. Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдарын анықтаңыз.

а/ 1850-1790 б/870-950 с/930-1010


  1. Әл-Фарабидің дүниеге келген қаласы?

а/Йассы б/Фараб с/Сайрам


  1. Әл-Фарабидің қанша еңбектері бар?

а/100 -ден аса б/150-ге тарта с/ 200- дей


  1. Әл-Фараби түрік, араб тілдерінен басқа тағы қандай тілдерді меңгерген?

а/ латын б/қытай с/грек

  1. Әл-Фарабиді қалай атаймыз?

а/ «бірінші ұстаз» б/ «екінші ұстаз с/ «тарих атасы»


  1. Ғылымнан басқа қандай өнерді меңгерген?

а/ құрылыс жасау б/атқа мініп,садақ ату с/кітап шығару

Отырар-қаһарман қала

  1. VІ- VІІІ ғғ Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық:

а/Түркістан б/Отырар с/Испиджаб

  1. Отырар қаласының неше қақпасы болған? а/4 б/5 с/6

  2. Қала неше дуалмен қоршалған? а/1 б/2 с/3

  3. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың қай бөлігінде тұрған? а/ орталық бөлігінде б/сыртқы бөлігінде с/бір шетінде

  4. Қаланың сыртқы бөлігінде кімдер қоныстанған? а/билеушілер,байлар,ірі саудагерлер б/қарапайым халық с/ әскерлер

  5. 1218ж монғолдарын қалың қолын басқарған Шыңғыс хан әскерлері Қазақстаннның қай аймағына баса көктеп кірді? а/Солтүстікб/Жетісу с/Шығыс

  6. Сол кездегі Отырар билеушісі кім болған? а/Мөде хан б/Қайыр хан с/Шыңғыс хан

  7. Отырар қаласына моңғолдар нешінші жылы басып алуға аттанды? а/1218ж б/1219ж с/1220ж

  8. Отырар қаласына 1219ж моңғолдар неше мыңға жуық әскермен аттанды? а/100 мыңға жуық б/150 мыңға жуық с/120 мыңға жуық

  9. Отырардық сатқын кім? а/Қараша б/Қайыр с/Шыңғыс

  10. Қай жылы моңғолдар қаланы басып алды? а/1219ж сәуір б/1220 ақпан с/1219ж сәуір


Қазақ хандығы

  1. «Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді? а/халық б/еркін адам с/қаз құсы

  2. Алтын орда құлағаннан кейін қазақ халқына негіз болған ноғайлы елінің құрамында болған қандай ел? а/ «ноғайлы» б/ «алаш мыңы» с/ «қазақ елі»

  3. Алтын орданың дағдарысқа ұшырап, бөлініп кеткен ғасыры? а/15ғ б/16ғ с/17ғ

  4. 1428ж ақ Орданы кім басқарды? а/Орда Ежен б/Шайбани с/Әбілқайыр

  5. Әбілқайыр хандығынан көшіп кетіп, Моғолстанды паналаған сұлтандар? а/Сәмеке,Қасым б/Бабыр,Уыз с/Жәнібек пен Керей

  6. «Қазақ» термині толықтай орныққан ғасырлар? а/ 15ғ ортасы б/15-18ғғ с/15-19ғғ

  7. Әбілқайыр неше жыл хандық етті? а/30ж б/40ж с/50ж

  8. Әр ру өз таңбаларын қашап жазған жер ? а/ Таңбалы Нұра б/Таңбалы сай с/Тамғалы

  9. Сәйкесін тап: А/Жетісуды мекен еткен үйсін тайпалары Б/Сарыарқаны мекен еткен арғын-найман тайпалары С/Батыс жеріндегі рулар

1/Кіші жүз 2/Орта жүз 3/Ұлы жүз

а/ А3,Б2,С1 б/А1,Б2,С3 с/А2,Б3,С1

  1. Қай хан тұсында қазақтардың саны 1млн-ға жетті?

а/Қасым хан б/Жәнібек хан с/Шыңғыс хан

  1. Аңыз бойынша қазақ халқының арғы атасы кім саналды?

а/Жошы б/Алаш с/Керей

  1. Шыңғыс ханның үлкен ұлы кім? а/Төле б/Жошы с/Үгедей

  2. Қазақ хандығының тарихи шеңбері. а/1466-1847 б/1465-1805 с/1801-1845

  3. 18ғ Қазақ хандығының шекарасын ұлғайтып, үш жүздің басын біріктірген кім? а/Әбілқайырхан б/Қасым хан с/Абылай хан

  4. Абылай ханның шын аты? а/Әбілпейіз б/Әбілмансұр с/Әбілмәмбет

  5. Абылай хан билік еткен жылдарды атаңыз а/1711-1771жж б/1711-1781жж с/1711-1780жж

  6. Ханның мұрагерін қалай атаған? а/сұлтан б/төленгіт с/би.



18 ғасырдағы Қазақ батырлары

  1. 1635жылы Батыс монголияда құрылған әскери -феодалдық мемлекет қалай аталды?

а/Қазақ хандығы б/Жоңғар мемлекеті с/Қытай империясы

  1. Қонтайшы- а/елші б/ жауынгер с/мемлекет басқарушы

  2. Жоңғарлардың Қазақ жеріне шапқыншылығы неше жылға созылды? а/120 жыл б/150жыл с/ 130 жыл

  3. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы қай жылы басталды? а/1723ж б/1725ж с/1727ж

  4. «Қалмаққырылған» жері қай шайқаспен байланысты аталды?

а/Аягөз шайқасы б/Бұланты шайқасы с/Аңырақай шайқасы

  1. 1730жылы болған шешуші шайқас қалай аталды? а/Бұланты шайқасы б/Аңырақай шайқасы с/Аягөз шайқасы

  2. Қанжығалы Бөгенбай неше жыл қазақ қолын басқарды? а/50жылдай б/40 жылдай с/30 жылдай

  3. Үмбетей жырау жырлаған «Алатаудай Ақша батыр» кімнің әкесі? а/Қабанбай б/Бөгенбай с/Наурызбай

  4. Бөгенбай батырдың өмір сүрген жылдарын анықта. а/1680-1778жж б/1680-1777ж жс/1680-1755жж

  5. Бөгенбай батыр қай жерде жерленген? а/Ташкентте б/Самарқанда с/Түркістанда ахмет Йасауи кесенесінде

  6. Қабанбай батырдың өмір сүрген жылдарын анықтаңыз. а/1691-1769ж б/1691-1779ж с/1691-1778ж

  7. Қабанбайдың шын есімі? а/Әбілмансұр б/Нарбала с/Ерасыл

  8. Қабанбайға жеңгелері қойған аты? а/Ерасыл б/Нарбала с/Әбілмансұр

  9. Қабанбай өз өмірінде неше шайқасқа қатысады? а/50- ден астам б/100- ден астам с/70-тен астам

  10. Қабанбайға «Дарабоз» атағын берген хан? а/Әбілқайыр хан б/Абылай хан с/Тәуке хан

  11. Наурызбай батырдың өмір сүрген жылдары? а/1706-1781жж б/1706-1771жж с/1706-1791жж

  12. Наурызбайдың шыққан руын анықтаңыз. а/Қаракерей б/Шапырашты с/Қанжығалы

  13. Баян батырдың өмір сүрген жылдары

а/1710-1757жж б/1710-1755жж с/1710-1756жж

  1. «Батыр баян» дастанының авторы кім? а/ С.Торайғыров б/М.Жұмабаев с/ Ш.Уәлиханов

  2. Қазақстың тағы да қандай батырларын білесің ? атап көрсет


Қазақстан және Ресей

  1. 1718ж билікке келген Тәуке ханның мирасқоры кім?

а/Қайып хан б/Қасым хан с/Әбілқайыр хан

  1. 1731 жылы Кіші жүзді ресей империясына қабылдаған патшайым кім?

а/Екатерина ІІ б/Елизавета І с/Анна Иоановна

  1. Ресей үкіметінің атынан Кіші жүзге келген елші кім? а/Тевкелев б/Қоштайұлы с/Павел І

  2. Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары:

а/1693-1748жж б/1693-1745жж с/1690-1748жж

  1. Ордабасындағы жиын қай жылы болды?

а/1725ж б/1726ж с/1727ж

  1. 1726ж Ордабасындағы жиында Қазыбек бидің ұсынысымен қазақ жасақтарын басқару кімге тапсырылды?

а/Абылай ханға б/Әбілқайыр ханға с/Бөгенбай батырға

  1. Бұланты шайқасы болған жыл? а/1725ж б/1726ж с/1730ж

  2. Аңырақай шайқасы болған жыл а/1729ж б/1728ж с/1727ж

  3. Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? а/Тәуке б/Қайып с/Әбілқайыр

  4. Дұрыс жауабын таңдаңыз/стрелка арқылы белгіле/

А/Тауке ханның мирасқоры 1.Әбілқайыр

Б/Кіші жүзге ресейден келген елші 2. Ордабасы

С/Қазақтың игі жақсылары мен

жайсаңдары жиналған жер 3. Қайып

Д/Ресей бодандығын қабылдаған хан 4.Тевкелев






Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы-Абай Құнанбаев

Ағартушы педагог-Ыбырай Алтынсарин

  1. Шоқан қай ханның ұрпағы? а/Әбілқайыр б/Тәуке с/Абылай

  2. Шоқан Уәлиханов қай жылдары өмір сүрді? а/1802-1847жж б/1835-1861жж с/1835-1865жж

  3. «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» деп жазған кім? а/ Абай Құнанбаев б/Н.И.Веселовский с/Ф.Достоевский

  4. 1847жылы Шоқан қандай оқу орнына оқуға түсті? а/Медресеге б/Сібір кадет корпусына с/ Азиялық училищеге

  5. Шоқанның сапарларын анықта:/стрелка арқылы белгіле/

А /1856ж Қашқарияға сапары

Б/ 1857ж Ыстықкөл

С/ 1858-1859жж Алатау

  1. Шоқанның туғанына 150 жылдық тойына бес томдық еңбек құрастырып шығарған кім? а/Абай Құнанбаев б/Әлкей Марғұлан с/Ыбырай Алтынсарин

  2. Шоқанның досы болған орыстың аса көрнекті жазушысы кім ? а/Н.И.Василевский б/Ф.М.Достоевский с/М.Ю.Лермонтов

  3. Абай қай жылдары өмір сүрді? а/1845-1904жж б/1845-1907жж с/1845-1915жж

  4. Абай орыстың қай ақынының шығармасына арнап өлең жазды? а/Лермонтов б/пушкин с/Толстой

  5. Абайдың шын есімі- а/Мұхаммедханафия б/Ибраһим с/Абай

  6. Абайдың неше қара сөздері бізге дейін жетті? а/30-ға жуық б/25-тен аса с/50-ге жуық

  7. Өз шығармашылығында жастарды неге шақырды? а/өнер,білім,ғылым б/тәртіп с/мәдениет

  8. 1857жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген кім? а/Шоқан б/абай с/Ыбырай

  9. Ыбырай Алтынсариннің 1879жылы жарық көрген алғашқы кітабы қалай аталады? а/ Қазақ тілі б/Қазақ хрестоматиясы с/Қазақ балаларына арналған оқулық

  10. 1887ж Ыбырайдың Ырғызда ашқан мектебі кімдерге арналды? а/ұл балаларға б/қыз балаларға с/ересек адамдарға

  11. Ы.Алтынсариннің атасы? а/Оспан б/Балқожа би с/Қайырхан



Сәулет ескерткіштері


  1. Ежелгі адамдардың жерді қазып жасаған баспанасы қалай аталады? а/жертөле б/жеркепе с/лашық

  2. Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты пайда болған баспана? а/ күрке б/киіз үй с/лашық

  3. Сәулет өнерінің жарқын құрылыстары кімдердің заманында дүниеге келді? а/сақ заманында б/ғұн заманында с/түрік заманында

  4. Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерде Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан 13ғ кесене. а/Айша бибі кесенесі б/Жошы хан күмбезі с/Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

  5. 11-12ғғ салынған қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан кесене. а/Айша бибі кесенесі б/ Қожа Ахмет Йасауи кесенесі с/ Жошы хан күмбезі

  6. Қазақ хандығының тұсында бой көтерген, аңыз бойынша Қасым хан салғыған кесене? а/Айша бибі кесенесі б/Жошы хан күмбезі с/Алаша хан кесенесі

  7. Әмір Темірдің бұйрығымен 1396-1404жж тұрғызылған кесене а/ Алаша хан кесенесі б/Қожа Ахмет Йасауи кесенесі с/Бабаджа хатун кесенесі

  8. Йасауи кесенесінің биіктігі қанша метр? а/30м б/40м с/55м

  9. 35 бөлмесі бар қандай кесене? а/Алаша хан б/Қожа Ахмет Йасауис/Жошы хан

  10. «Пантеон» сөзі грек тілінен аударылғанда қандай мағынаны білдіреді? а/ « батырлар қаласы» б/ «құдайлар мекені» с/ «бабалар мекені»





Қазақ даласының өнері, наным-сенімдері, материалдық мәдениеті

  1. Төкпе күйдің майталманы, Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген кім? а/Тәттімбет б/ Құрманғазы с/Қорқыт

  2. Сарыарқа жерінде шертпе күйдің тамаша үлгісін жасаған кім? а/Құрманғазы б/Тәттімбет с/Ықылас

  3. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, бақсылардың қамқоршысы 9-10ғғ өмір сүрген оғыз тайпасынан шыққан қобызшы кім? а/Ықылас б/Қорқыт с/Тәттімбет

  4. «Ақбай», «Ақсақ киік», «Кішкентай» күйлерінің композиторы кім? а/Дина Нурпеисова б/Құрманғазы сағырбайұлы с/Тәттімбет Қазанғапұлы

  5. «Балбырауын» күйінің композиторы кім? а/Дина Нұрпейісова б/Құрманғазы сағырбайұлы с/Тәттімбет Қазанғапұлы

  6. Құрманғазының шәкірті а/Дина Нұрпейісова б/Тәттімбет Қазанғапұлы с/Дәулеткерей Шығайұлы

  7. «Жарым патша», «Жез киік» күйлерін шығарған кім? а/Құрманғазы б/Ықылас с/Қорқыт

  8. «Қазақ шежіресін» кім хатқа түсірді? а/М.Ж.Көпеев б/В.Радлов с/Ф.Достоевский

  9. Ауызша тарих ұғымын түңғыш қолданған кім? а/В.Радлов б/А.Невинс с/М.Дулати

  10. Дінді зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? а/ теология б/археология с/философия

  11. Түрік халықтары отбасы мен балаларды қорғаушы деп кімге сыйынған? а/ Тәңірге б/Ұмай анаға с/Күнге

  12. Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы- а/ саман үй б/киіз үй с/ күймелер-арба үстіндегі үйлер

  13. Қыздардың ұзатылғанда киетін бас киімі қалай аталады? а/ тақия б/сәукеле с/кимешек

  14. Малдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етіп тігілгенсырт киім. а/Шекпен б/Тон с/Шапан

  15. Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім. . а/Шекпен б/Тон с/Шапан

  16. Киіз үйдің өте қастерлі саналатын бөлігі? а/Шаңырақ б/Кереге с/Уық



20ғ Қазақстан

  1. Қай жылы Ресейде монархиялық билік жойылды?

а/1916ж б/1917ж с/1918ж

  1. 1917ж 24 ақпанда болған революция нәтижесі? а/ билік патша қолында қалды б/ІІ ?Николай биліктен бас тартты с/ Автономия құрылды

  2. 1918-1920жж Ресейде болған соғыс қалай аталды? а/Отан соғысы б/Азамат соғысы с/Салқын соғыс

  3. Қазақстанның жеке автономиялық мемлекет болғаны туралы қашан жарияланды? а/1918ж Орынборда б/1920ж Орынборда с/1922 Алматыда

  4. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы қашан жарияланды? а/1920ж 30 желтоқсанда б/1922ж 30 желтоқсанда с/1922ж 16 желтоқсанда

  5. КСРО құрамына неше Республика кірді ? а/15 б/13 с/11

  6. КСРО қай жылы тарды? а/1991ж б/1992ж с/1993ж

  7. Алаш партиясының жетекшісі кім болды? а/Әлихан Бөкейханов б/Ахмет Байтұрсынов с/Міржақып Дулатов

  8. 1917ж 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен жалпықазақ съезінде құрылған үкімет. а/Уақытша үкімет б/Алашорда үкіметі с/Кеңес үкіметі

  9. Алашорда үкіметінің баспасөз орталығы. а/ «Қазақ» газеті б/ «Ұшқын» газеті с/ «Правда» газеті

  10. Алашорда үкіметін Кеңес үкіметі қай жылы таратып жіберді? а/1920 б/1921ж с/1919ж





















Ұлы Отан соғысы

  1. Мемлекеттік тәуелсіздік пен аумақтық біртұтастығын, егемендігін әскери күшпен бұзу- а/ фашизм б/агрессия

с/ отарлау

  1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? а/1945ж б/1941ж с/1939ж

  2. «Барбаросса» деген не? а/Фашистік партия б/Гитлердің соғыс жоспары с/ Газет атауы

  3. Соғыс кезінде күріш өсіруден рекорд көрсекен кім? а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев

  4. Төл алудан жоғары көрсеткішке жеткен кім? а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев

  5. Тары өсіруден рекорд жасаған кім? а/ Шығанақ Берсиев б/Ыбырай Жақаев с/Жазылбек Қуанышбаев

  6. КСРО-ның батыс өлкесінен Қазақстанға қанша зауыт,фабрика көшірілді? а/110 б/220 с/250

  7. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия: а/238-атқыштар дивизиясы б/316-атқыштар дивизиясы с/310-атқыштар дивизиясы

  8. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып, ерлікпен қаза тапты? а/Әлия Молдағұлова б/ Сұлтан Баймағамбетов с/Маншүк Мәметова

  9. Ленинград блокадасы неше күнге созылды? а/500 б/900 с/800

  10. «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу!» деген жалынды сөздерді кім айтқан? а/Бауыржан Момышұлы б/ В.Г.Клочков с/И.Панфилов

  11. Рейхстагқа ту тіккен қазақ жауынгері кім? а/Р.Қошқарбаев б/Б.Момышұлы с/Т.Бигельдинов

  12. Хиуаз Доспанова- а/мерген б/ ұшқыш с/ пулеметшы

  13. Қазақтың атақты партизаны - а/ Т.Бигельдинов б/Қ.Қайсенов с/Б.Момышұлы

  14. Кеңес Одағының батыры атағын қанша қазақстандықтар алды? а/497 б/725 с/310

  15. Олардың қаншасы қазақтар? а/97 б/19 с/11




Тәуелсіз Қазақстан

  1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады? а/1991ж 16 желтоқсан б/1991ж 1 желтоқсан с/1991ж 25 қазан

  2. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев алғаш рет қашан сайланды? а/ 1990ж 30 тамызда б/1991ж1 желтоқсан с/1991ж 16 желтоқсан

  3. 1995ж 30 тамызда- а/ Президент сайлауы б/Жаңа Конституцияның қабылдануы с/ Тәуелсіздікті жариялау

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? а/1992ж 4 маусым б/1991ж 4 маусым с/1992ж 5 мамыр

  5. Мемлекеттік тудың авторы: а/ Ж.Нәжмеденов б/Ш.Ниязбеков с/Ш.Уәлиханов

  6. 1993ж 15 қараша немен байланысты? а/ұлттық валюта күні б/мемлекеттік рәміздер шықты с/ Президент сайланды.

  7. Астана күні- а/6 мамыр б/6 шілде с/ 6 мауcым







Жауап кілтіТарихтың

қайнар көзі деректер

с

ж

1

Б

2

Б

3

Б

4

Б

5

А

6

С

7

А

8

А

9

Б

10

Б

Тарих әлемі

с

ж

1

Б

2

Б

3

Б

4

Б

5

Б

6

Б

7

Б

8

А

9

С

10

А

Адамның жаратылуы

сұрағы

жауабы

1

А

2

Б

3

А

4

Б

5

А

6

Б

7

А

8

Б

9

Б

10

А



Тәуке ханның мирасқоры-Қайып,

Кіші жүзге Ресейден келген-Тевкелев,

Жиын-Ордабасында, Ресей бодандығын қабылдаған хан-Әбілқайыр


11

Б

11

Б

11

А



12

Б

12

С



13

А

13

Б



14

С

14

Б



15

Б

15

Б



16

Б

16

А



17

А

17

Б




18

С




19

Б




20

Малайсары

Жәнібек

Райымбек

Есет



Шоқан Уәлиханов

Абай Құнанбаев

Ыбырай Алтынсарин

Сәулет ескерткіш-тері

Қазақ даласының өнері

Наным-сенімдері

Материалдық мәдениеті

20ғ Қазақстан

Ұлы Отан соғысы

Тәуелсіз Қазақстан

1

С

Б

Б

Б

Б

А

2

Б

Б

Б

Б

Б

Б

3

Б

Б

Б

Б

Б

Б

4

Б

Б

Б

Б

Б

А

5

1856ж-Ы

1857ж-А

1858-1859жж-Қ

А

С

Б

С

Б

6

Б

С

А

А

А

А

7

Б

Б

Б

А

Б

б

8

А

Б

А

А

Б

9

Б

Б

Б

Б

Б

10

Б

Б

А

А

Б

11

С

Б

А

Б

12

А

Б

А

13

С

Б

Б

14

Б

Б

Б

15

Б

А

А

16

Б

А

А







© 2010-2022