Қола дәуірін-қайталау сабағы

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы:

Қола дәуіріндегі Қазақстан.Қайталау.

Жалпы мақсаты:

Өткен тақырыптарды жаңа әдіс-тәсілдер арқылы қайталау.Қола дәуірі туралы білімдерін еске түсіреді.Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.Ортақ бір тұжырымға келуге дағдыланады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өткен білімдері пысықтап, қорытындылауға үйренеді.Қола дәуірі туралы білімдерін өз ой-тұжырымы мен жеткізе алады.Топтың идеясынтүсініп,пікір айтады.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыта отырып,диалогтік оқыту әдісімен өз тұжырымын ауызша,жазбаша және шешен жеткізу.

Сілтеме:

"Ежелгі Қазақстан тарихы" оқулығы,"Ежелгі Қазақстан тарихы" жұмыс дәптері

Пайдаланылған құралдар:

Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар

Қолданылған әдіс-тәсілдер:

Cыни тұрғыдан ойлауды сабақ барысында тиімді пайдалану. Жеке жұмыс. Келіссөз жүргізу

Сабақта қолданылған модульдер

СТО, Көшбасшылық, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту,Диалогтік оқыту,АКТ.

Сабақтың барысы І.Кіріспе.

Психологиялық дайындық кезеңі

6 минут

1.Психологиялық ахуал

2.Сергіту сәтін ұйымдастырады.Әр жұпқа сұрақтар қою?

1.Оқушылар туған жыл мезгілдеріне байланысты сапқа тұрады және топқа бөлінеді.

2.Әр топ өзіне берілген суреттің тақырыпқа қатыстылығын анықтайды.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсінеді.

4.Әр топтың бағалаушысы анықталады.

СТО.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топтық жұмыс. Зерттеушілік әңгіме.

Ұйымдастыру кезеңіндегі көңіл-күйлерін "Бас бармақ" әдісімен бағалайды.

ІІ.

Қызығушылығын ояту.Блум таксономиясы.

10 минут

"Сенемін,сенбеймін" ойын шарты:әр оқушыға кезекпен сұрақтар қойылады.Бірінші оқушы жауап бермесе,келесі оқушы жауап беруге болады.Дұрыс жауап 2 ұпай.

1.Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл- мыс. (Сенемін)

2.Қола табиғатта таза күйінде кездеседі.(Сенбеймін)

3.Жезқазғаннан 2 миллион тоннадай кен өндірілген.(Сенбеймін)

4.Қалба,Нарын кен орындарынан 1100 тонна қалайы шығарылған.(Сенемін)

5.Қола мыс пен қалайының қоспасы.(Сенемін)

6.Андрондықтар еуропеоидтерге ұқсаған.(Сенемін)

7.Андрондықтардың сырт бейнесін сипаттаған ғалым Қ.И.Сәтбаев. (Сенбеймін)

8.Ылыс жасаудыңиең бір өрістеген түрі -көзе құмыралар жасау. (Сенемін)

9.Беғазы және Дәндібай мекендері Оңтүстік Қазақстанда.(Сенбеймін)

10.Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. (Сенемін)

Диалогтік оқыту.

Топтық жұмыс

АКТ

Топтық бағалау.Өзін-өзі бағалау.

4 минут

"Жұмбақ сандар".Шарты:Берілген сандарда қандай тарихи оқиға болғанын айту керек.Дұрыс жауап 1 ұпай.

1).4 мың жыл бұрын

2).Б.з.б. 2 мыңыншы жылдық

3).1 миллион тонна

4).100 мың тонна

5).1100 тонна

6).Б.з.б. 2800 жыл - б.з.б. 900 жыл

7).30 қоныс,150 оба

8).1946 жыл

9).100 шаршы метрден 300-400 шаршы метр.

СТО.Диалогтік оқыту.АКТ

Топтық бағалау

ІІІ.Негізгі бөлім.

Мағынаны тану.

5 минут

1."Ішке,сыртқа" стратегиясы.Мақсатым,оқушылардың ойын белгілі бір жүйеге түсіру

1.Мыс,руда,Жезқазған,Сәтбаев,1100,Ачинск,Алексеев,шоқпар,қашау,Арқайым,найза,неолит,саналы адам,еуропоид,Беғазы-Дәндібай

СТО.Диалогтік оқыту.Талантты және Дарынды балаларды оқыту.Көшбасшылық.

Өзара бағалау.Өзін-өзі бағалау. Топ басшысының бағалауы

ІУ.Қорытынды.

Ой толғаныс кезеңі.

Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы.

5 минут


Венн диаграммасы

5 минут

Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы - оқушы берілген тапсырмабойынша өлең құрастырады.Бес жолды өлең құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім,екінші жолда 2 сын есім,үшінші жолда 3 етістік,төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу,бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.


Ұқсастығы мен айырмашылығын табу.Сыни тұрғыдан ойлана отырып ерекшеліктері атап, ұқсастығын сипаттауға тапсырма беремін

Талантты және Дарынды балаларды оқыту.Оқытуды басқару және Көшбасшылық,Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу,ОҮБжОБ. АКТ.

Топ басшысының бағалауы.

Рефлексия

5 минут

"Менің көңіл күйім"

(есімдерін өздеріннің көңіл күйлерін білдіретін суреттің үстіне жазады)

Өз ойларын ортаға салады.

Тақтаға шығып есимдерін жазады

Өзін-өзі бағалау.Ынталандыру арқылы бағалау.

Үй тапсырмасы

1 минут

Тақырып бойынша әр оқушы тест дайындап келеді.

Үй тапсырмасын дәптерге және күнделігіне жазып алады.

Бағалау

4 минут

Мұғалім оқушылардан өзін-өзі бағалауды сұрайды.

Оқушылар бағалау парағын толтырады.

Бас бармақ







Қола дәуірін қайталау

«Сөздер сөйлейді».

Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.
- Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
- Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
- Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
- Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы)
- Абыздар (рудың ежелгі салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
- Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
- Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
- Анимизм (жанға, рухқа сену)

«Кім білгір, кім жылдам?»

Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет - бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев)
3) Беғазы - Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? (1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? (Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? (өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай - қандай? (2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало - Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)

© 2010-2022