Воспитательный час на тему Тәуелсіздік жолында

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік жолында»

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.

Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Тәуелсіздік жолында» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.


Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруағы ағалардың ырза болсын.
1 минут үнсіздік

Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

«Бейнекөрініс» өткенге шолу

Тәуелсіздік жолында құрбан болған аға, әпкелеріміз туралы сағаттап айта беруге болады. Елең еңбекпен, жастардың көз жасымен келген тәуелсіздік біз үшін қымбат. Тәуелсіздік алғаннан бастап мемлекетіміз, елбасы Н.Ә Назарбаевтың саясатымен елге, әлемге таныла бастадық. Тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап енген өзгерістер мен жеткен жетістіктеріміз туралы еске алайық.
Тақтада бейнеленген күнге шуақ жасайық

1. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қай жылы қабылданды. «1992 жылы»

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды. «1993 жылы 30 тамызда»

3. Төл теңгеміз алғаш реет айналымға қашан түсті. «1993 жылы15 қарашада»
4. Ұлы Абайға 150 жыл қашан толды. «1995 жылы»
5. Жамбыл жылы. «1996 жыл»

6. Тәуелсіздік монументі қашан орнатылды. «1996 жыл»
7. «Қазақстан - 2030» стратегиясы қай жылы қабылданды. «1997 жылы»
8. Ақмола атауы Астана деп қай жылы өзгертілді. «1998 жылы»
9. Төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті. «2007жылы»

10. 2014 жылы айымыз оңынан туып Татарстанның Қазан қаласында өткен байқауда еліміздің намысын қорғап, бас жүлде иегері: Жанар Дугалова «"Ізің көрем"әнімен»
11. Еліміздің қыздар арасында ауыр атлетика құрамасының сапында 69 келі салмақта өнер көрсететіп Рио Олимпиадасының күміс жүлдесін кім жеңіп алды? «Жазира Жаппарқұл»

12. 2012 жылы Лондон қаласындағы бокстан олимпиада чемпионы. Олимпиада ойындары аяқталған соң халықаралық бокс федерациясы «Олимпиаданың ең үздік боксшысы» деген сертификат пен кубокты кімге берді?. «Серік Сәпиев»

13. 69 кг салмақта Рио да алтын медаль алған боксер кім? «Данияр Маратович Елеусинов»

14. Семей ядролық полигоны қашан жабылды? «1991 жылдың 29 тамызында»

15.Белоруссияның Витебск қаласында өткен әйгілі "Славян базары" халықаралық ән фестивалінде үлкендер арасынан бас жүлде ие болған әнші? «ДимашҚұдайберген»

Оқушылардың алдына қима қағаздар қойылады. Оқушылар қағаздарды құрастырып, әнгімелейді.

Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.

Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.

Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!




© 2010-2022