Монғолдардың Қазақстан жерлерін жаулап алуы. 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Г.З. Ахметова

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «№36 жалпы орта білім беретін мектеп»

тарих пәнінің мұғалімі

Қазақстан тарихы 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.

Сабақтың мақсаты: XIII ғасырда Моңғол мемлекетінің құрылуы, олардың

шапқыншылық соғыстары туралы түсінік беру.

Білімділік: Моңғол мемлекетінің құрылуы, саяси құрылымы, басқыншылық

саясаты және ұлы қолбасшы Шыңғысхан өмірі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға,

ізденіске дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру.

Түрі: Ойын.

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау түсіндіру.

Технологиясы: Тірек- сызба, дамыта оқыту.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, математика, география.

Көрнекілігі: XII ғасырдың аяғы-XIV ғасырдың бірінші жартысындағы Моңғол мемлекетінің картасы.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру сәті.

  • Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

  • Сәлемдесу.


  1. Өткенді қайталау.

«Кім тапқыр?» ойыны.

1 топ. ХІІІ ғасырдың басында моңғол тайпаларымен бірде тату, бірде араз өмір сүрген тайпалар.

(Найман, керей, жалайыр)

2 топ. Моңғол империясы туралы деректер көп кездесетін еңбек.

(«Моңғолдың құпия шежіресі»)

3 топ. Моңғол қағаны Шыңғысты тәрбиелеуде көп еңбек сіңірген хан.

(Керей ханы Торы)

«Топ жарысы».

Әр топ сұрақ қояды.

-Моңғол қағаны - Шыңғысхан.

- Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.

- «Жасақ-моңғол империясының басты заңы.

«Тарихи диктант»

  1. «Жасақ» - моңғол мемлекетінің басты заңы. (иә)

  2. «Жасақ» үш бөлімнен тұрады. (жоқ)

  3. Бірінші бөлім-Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы басты мәселелер. (иә)

  4. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы- 95 түмен. (жоқ)

  5. Құрылтай жылына бір рет, жаз айында шақырылады. (иә)

  6. Құрылтайда алдағы болатын соғыстың жоспары мен басқа да ішкі мәселелер қаралды.(иә)


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1 топ.

Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы.
(Кесте арқылы түсіндіру).Отырардың күйреуі атты бейне фильмнен үзінді тыңдатып, М.Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.
1207-1208 ж
Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы
1207-1209 ж Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы
1211-1215 ж Қытай жерін бағындырылуы
1217 ж Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы
1218 ж Монғолдардың Жетісу жеріне енуі
1219 ж 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы
1219-1220 ж Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы .

Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін,проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады.

- Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсындар?

2 топ.
Жаулап алудың зардаптары.
 Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
 Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
 Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
 Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
 Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
 Мәдениеттің дамуына кедергі болды.
3 топ.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.
Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы.

Жошы ұлысы-шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі аумақ.

Шағатай ұлысы-Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Орта Азия жерлері.

Үгедей ұлысы- Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер.

Төле ұлысы- Моңғолияның өз жері.

1259 жылы ұлы хан Мөңке қайтыс болған соң, Шыңғыс тұқымдарының арасында талас шиеленісе бастаған.

  1. Сабақты бекіту.

Проблемалық сұрақ: Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?

«Хронологиялық диктант»
Үш топқа хронологиялық диктант беріледі. Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.
І топ ІІ топ ІІІ топ.
1206 жылы 1208-1209 жылы
1207-1208 жылы 1211-1215 жылы
1218 жылы 1217 жылы
1219-1220 жылы 1219 жылы

  1. Қорыныңды.

  • Бағалау.

  • Үй тапсырмасын беру.

$21, «Шыңғысхан» тақырыбына эссе жазу.

© 2010-2022