ЭССЕ тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан» оқушыларға арналған

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында біздің ата-бабаларымыз не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азапты күндер мен түндер, аштық пен сұм соғыс та өтті.

1916 жылғы қозғалыс XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстан кейінгі кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтыған жалпыұлттық сипаттағы көтеріліс болды. Бұл көтерілістің қазақ елінің ғасырлар бойы аңсаған бостандығы мен тәуелсіздік жолындағы азаттығы үшін алар орны ерекше. Сондай-ақ, жиырмасыншы, отызыншы жылдардың басындағы ашаршылық, отызыншы жылдардағы тоталитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы Желтоқсан оқиғасы. Горбачёв бастаған қайта құру және демократиялық саясатындағы Кеңес өкіметі басшыларының жергілікті халықтың мүддесімен санаспай, ұлт саясатын көп жылдар бойы бұрмалауы алданған қала жастарының ұлттық сана-сезімдерін оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған мақалалар, газет - журналдар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың үстемдік етуі біздің ержүрек, батыл, намысшыл қазақ елін ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салған қиын-қыстау кезеңдер болды. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін тарихтан оқып білудеміз.

Алматының алаңында өткен Желтоқсан оқиғасын да апайларымыздың айтулары бойынша, теледидардағы деректі фильмдер мен оқулықтардан жақсы білеміз. Осы оқиғаның жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек Қайрат, Ерболдай ағаларымыз бен Ләззат, Сабирадай қайсар апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың есімдерін атамай кетпеуге болмайды. Жыл сайын 16 желтоқсанға қарсы мектебімізде тәуелсіздікке байланысты түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттары мен іс-шаралар өткізіліп тұрады. Аға-апаларымыздың ерліктерін ардақтап, олардың есімдерін өшірмеу - біздің перзенттік парызымыз деп білемін. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ата-абабаларымыздың арқасында біз бүгінгі таңда бақытты өмір кешудеміз.

Міне, биыл Тәуелсіздік туының желбірегеніне 25 жыл. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылдады. Тәуелсіздік - ең алдымен Қазақ халқының, ата-бабамыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Бүгінгі таңда еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде барша әлемге танылды.Тәуелсіздік ала салысымен, біршама жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің көптеген мәселелері шешілді. Семей полигоны жабылып, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұрамыз, мәдениетіміз, қазақ тіліміз қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтарылды. Тағы басқа да мақтаныш сезіміне бөлейтін көптеген маңызды жетістіктеріміз баршылық. Біз - егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүрудеміз.Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Біз тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан, қонақжай «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» ядеясы - Тәуелсіздігіміздің мәңгілік келбеті іспетті.

Елбасы Нұрсұлтан атамыз айтқандай, еліміздің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни болашақтың жастары мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар. Елімізді әлемге танытып, Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, алдымен жақсы білім алып, тәлімді тәрбиелі болуымыз қажет. Әрбір адам өз алдына мақсат қояды. Менің де алдыма қойған үлкен мақсаттарым бар. Мектептегі оқуымды ойдағыдай аяқтағаннан кейін, қалаған жоғарғы оқу орнына түсіп, Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуіне мен де өз үлесімді қосқым келеді.М.Мақатаев атамыздың мына бір өлең жолдарын оқығанда кеудемді мақтаныш сезімі кернейді:

«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!» Мен де Мұқағали атам жырлағандай туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын! Мен-тәуелсіз ел ұланымын!




Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі






ЭССЕ


ТАҚЫРЫБЫ:

«Тәуелсіз Қазақстан»


Жетекшісі: Кошанова Гулнур Бейсенбековна

Дайындаған: Әміржанова Инабат

Сынып: 11 «А»



Арқалық қаласы


© 2010-2022