• Преподавателю
  • История
  • Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері 8-сынып

Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері 8-сынып

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Мектеп: Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 08.02.2016ж.

Мұғалімнің есімі: Толегенова Базархан Баймуханқызы

Сынып: 8 «А» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылар қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерімен танысып, олардың қоғам өміріндегі маңызын ашады.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Оқушылар қазақтардың мерекелері мен ұлттық ойындары, халық емшілері, атақты қазақ спортшылары жайында біледі. Қазақтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері жайында мағлұмат алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін сипаттап, әңгімелей алады.

Кейбір оқушылар:

Қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне әсер еткен факторларды анықтап, салыстырып, талдай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Тарихи - әдеби тілмен қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін сипаттай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қазақ халқының мерекелері, ұлттық ойындары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Мерекелер

Ұлттық ойындар

Қазақтардың денсаулығы

Халық емшілері

Атақты қазақ спортшылары

Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары

Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы

Жасы үлкендерге құрмет көрсету

Тамырлық әдет-ғұрпы

Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

Бата беру, Бала тәрбиесі

Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?

Қазақтардың мықты денсаулығының сыры неде еді?

Қазақтардың өмірінде бата берудің маңызы қандай?

Жазылым бойынша ұсыныстар:


Алдыңғы оқу

Қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы біледі.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

0 - 5

Оқушылар түрлі-түсті қима қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымын , есте сақтау қабілетінің деңгейін байқау мақсатында сұрақтар қою.

  • «Ұлт»ұғымын қалай түсінесің?

  • Мәдениет неше түрге бөлінеді?

  • Рухани мәдениет дегеніміз не?

  • Материалдық мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?

  • Салт-дәстүр деген не?

  • Әдет-ғұрып ұғымын қалай түсінесің?

Түрлі-түсті қима қағаздар



Интербелсенді тақта

Ортасы


6-40

Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз: Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.

Ұлт дегеніміз- адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық, қауымдық бірлестігінің жоғары түрі.

Ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар:

  • Адамдардың материалдық тұрмыс жағдайлары

  • Территориясы, экономикасы

  • Тілі, мәдениеті

  • Этникалық ерекшелігі

Ұлттық жан-күй үйлесім үш бөліктен тұрады:

  • Ұлттық сезім

  • Ұлттық салт-дәстүрлер

  • Ұлттық мінез

Ұлттық салт-дәстүр, ғұрып дегеніміз-әр халықтың сенім-нанымына, тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс кәсібіне байланысты қалыптасып, уақыт сынынан өтіп, табиғи түрде, өздігінен бір жүйеге келтірілген, сондықтанда сақталуы міндетті болып есептелген әдеттер мен ырым, кәделердің ерекше түрі. Салт-дәстүр ұлттың рухымен бірге жасасып, заман талабына сай жаңарып, өзгеріске ұшырап отырған. Нағыз мәдениетті белгілі бір ұлттың тарихи болмысы тудырады.Осы тұрғыдан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халқымыздың ғасырлар бойы жинап, бір жүйеге келтірген әдептілік ережелері іспеттес.Олардың қай-қайсысы да адамдарды ибалылыққа, имандылыққа, адамгершілікке жетелейтін аса маңызды тәрбие құралы.

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.

Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт - сана.
1- тапсырма. «Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары» тақырыбы бойынша постер қорғау.

1-топ. Мерекелер. Ұлттық ойындар

2-топ. Қазақтардың денсаулығы

3-топ. Халық емшілері

4-топ. Атақты қазақ спортшылары

2-тапсырма. «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша көрініс көрсетеді.

1 топ. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет - ғұрыптары.

2 топ. Әдептілік пен сыпайылық әдет - ғұрпы

3 топ. Жасы үлкендерге құрмет көрсету, тамырлық әдет - ғұрпы.

4топ. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер. Бата беру. Бала тәрбиесі.

Интербелсенді тақта








































А3 форматты қағаз







Интербелсенді тақта





Аяқталуы

40-45

Әр топ бірін-бірі 2 жұлдыз, 1 тілек арқылы бағалайды.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Үлгерімі төмен оқушыларға арнайы деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Қабілетті оқушылармен жұмыс: «Бізден-сұрақ, сізден-жауап», «Тұлғалар», постермен жұмыс тапсырмаларды орындау бары-сында оқушылар өз қабілеттерін көрсете алады.

Бағалау - Оқушылардың үй-ренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парағын пайдалана отырып, бүкіл сабақ барысында формативті бағалау жүреді. Оқушының өзін-өзі бағалауы және мұғалімнің бағалауы сабақ барысында бірге асырылып жатады.


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті

қорғау ережелері

АКT-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Қазақ әдебиеті, музыка пәндерімен пәнаралық байланыс жоспарланған.




© 2010-2022