1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класы: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, "ұлт-азаттық қозғалыс", "тәуелсіздік" ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу.

Дамытушылық: 1837-1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын қортындылай келіп, түйіткілдерді сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтік - экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделі кешендері талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.

Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана - сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, венн диагармма, сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру 1) Оқушылармен сәлемдесу

2) Класты түгелдеу

3) Сабаққа назар аударту

II.Үй тапсырмасын сұрау Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы

III. Үй тапсырмасын бекіту 1.«Даталар сөйлейді» ойыны 2.Мини тест

  1. Патша үкіметі Елек өзенінің бойындағы Кіші жүз қазақтарының жерін тартып алуын немен сылтауратты? (Тұз тасылатын күре жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету)

  2. Бұл жерлер ежелден қай рудың көшіп-қонып жүретін мекені еді? (Табын, Тама)

  3. Жаңаелек шебіне кімдер қоныстанды? (Казактар, орыс шаруалары, саяси жер аударылғандар)

  4. Жоламан батыр кімнің ұрпағы және қай рудың биі? (Бөкенбай батырдың немересі, Табын)

  5. Ж.Тіленшіұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі? (Көтерілісшілердің шашыраңқы болуы, қатысушылар санының аздығы)

  6. 1836 ж. Кенесарының ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген хан. (Қоқан ханы)

  7. Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлы бастаған ұлт-азттық көтерілістің тарихи маңызы. (К.Қасымұлы бастаған қуатты ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына негіз қалады)

IV.Жаңа сабақ 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Жоспар:

1.1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

2.Кенесары Қасымұлы-қаһарман батыр, дипломат, аса көрнекті мемлекет қайраткері.

3.Көтерілістің басталуы.

4.Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.

(Жоспар бойынша түсіндіру)

Көтерілістің мақсаты:

Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау

Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату

Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету

Көтерілістің басты қозғаушы күші:

•​ Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі - сұлтан Қасым

•​ Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып,ұлт-азаттық сипат алды

•​ Басты қозғаушы күші - қазақ шаруалар

•​ Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өкілдері қатысып (орыс,өзбек,қырғыз,тб)кейде көтерісшілер саны 20 мыңға жетті

Жылдар

Оқиғалар

1837 ж

1838-1842 ж

1838 ж 7тамызда

1841 ж қыркүйекте

Кенесары хорнунжий Рытовтың отрядын талқандады.

Кенесары өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп оған арнайы хат жолдады.

Ақмола бекінісіне басып кірді.

Кенесары Қасымұлы хан сайланды

V. Жаңа сабақты бекіту Кестені толтыру 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Көтерілістің басталу себептері



1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Көтерілістің мақсаты



1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Көтерілістің басты қозғаушы күші



1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Көтеріліс қамтылған аймақ



1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Венн диаграмма

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Ұқсастығы

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс


«ББМ» кестесі

Білемін

Білдім

Мен үшін жаңа


VI.Қорытындылау

VII.Бағалау

VIII.Үйге тапсырма: 1837-1847 ж К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу.















© 2010-2022