Урок по истории Әдебиет

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Ермекбаева Кенжегул Несиптаевна,

тарих пәнінің мұғалімі


Сабақ

Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып: 8 Күні: 04.02.2015

Барлық оқушы саны:

Қатысқан оқушы:

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар,оқулық. Қазақстан тарихы 8 - сынып.

Тақырып:

Әдебиет

Жалпы мақсаты:

Білімділік: қазақтардың поэтикалық өнері мен шығармашылығы , оның өкілдері туралы жаңа білімді меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың өздік ізденістері мен шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік : қазақ ақындарының шығармаларынан тәлім-тәрбие алып сусындап өсуге бағыттау.

Ресурстары:

оқулық, бор, тақта, флипчарт, түрлі-түсті бояғыштар, стикерлер,

Әдіс-тәсілдері:

тәсілі: жекелей, жұппен, топпен

Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, іздендіру, талдау, сызба құру, ЖИГСО, тапсырмалар дайындау.

Оқыту нәтижелері:

  • Хронологиялық кесте құрастыра алады;

  • Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдау жасай алады;

  • Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • Қазақ поэзиясының өкілдері жайында мағлұмат қалыптастырады;

  • Мәтіндегі негізгі ойды айта алады;

  • Оқушылар бірін-бірі оқытуға үйренеді.

Түйінді идеялар:

Қазақ поэзиясы: М.Өтемісұлы, Ш.Жарылғасұлы, Ш.Қаржаубайұлы, С.Аронұлы, т.б.

Дереккөздер:

Оқулық, хрестоматия

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу

«Аудиториядағы заттар» ойынының жүру ережесімен таныстырады.

Жұптас оқушылар бір-біріне аудиториядағы бір затпен байланыстырып тілек айтады.

Топқа бөлу: «1,2,3,4»

Үй тапсырмасы

«Қазақстандағы ғылыми зерттеулер» .

«Мен саған, сен маған» /оқушылар бір-біріне сұрақтар жасырады/

Мұғалімнің бағала-уы.

Жаңа тақырып

Қызығушылығын ояту

Жаңа тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе құрады.

« Поэзия дегенді қалай түсінесіңдер?», «Қазақ ақын-жырауларынан кімдерді білесіңдер?» сұрағына өз ойларын айтады.

Мұғалімнің мадақтауы

Мағынаны ажырату

Әр топқа жаңа тақырып бойынша тақырыпшалар бөліп береді:

№1 оқушылар- «М.Өтемісұлы шығармашылығы »

№2 оқушылар- «Ш.Жарылғасұлы, М.Мөңкеұлы»

№3 оқушылар- «Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы»

№4 оқушылар- «Ақан сері Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы»

Оқушылар өз тақырыбы бойынша мәтінмен танысып, сарапшы және бастапқы топтарда талдайды.

Топ басшыларының бағалауы.

Сергіту сәтін өткізу: «Дирижер» әдісі.

Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады.

Ой толғаныс

Сабақ барысында меңгерген білімдері негізінде шығармашылық жұмыс жасау үшін әр топқа тапсырма береді.

1топ - «Автор мен шығармалар»- сәйкестендіру сызбасы.

2 топ-«Не байланыстырады?»-сызба.

3 топ-«Қазақ поэзиясының шамшырақтары»-эссе, өлең шығару.

4 топ- «Журналистер» тобы-сұрақтар дайындайды.

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Бағалау

Оқушылардың үй тапсырмасына жауаптарын, топ басшыларының бағалауын және шығармашылық жұмыстарға қатысуы негізінде бағалау.

рефлексия

Сабақ жайлы өз ой пікірлерін А3 форматты бетіне стикер жабыстырады.

Үйге тапсырма

П. 46 оқуға, С.Аронұлы мен Ш.Қаржаубайұлы туралы материал жинастыру.


© 2010-2022