Ел болашағы - бүгінгі жас ұрпақ 10 сынып

Раздел История
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ел болашағы - бүгінгі жас ұрпақ

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында- деп ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруге - ұстаздар қауымына зор міндет жүктеліп отырғаны баршаға аян.

Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінде Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, түбінде ол адамзатқа опат әкеледі»,- дегені қазіргі кезде дәлелденіп жатыр. Сондықтан бабамыз айтқандай шәкірттерімізге білімнен бұрын тәрбие беруді ескере отырып, ұстаздардан терең білім мен тәрбиенің сан алуан қырын игеруді талап етеді. Жаманнан жирентіп, жақсыға үйрететін , болашағына бағыт-бағдар беріп, әр шәкірттің жүрегінен орын таба білетін ізгі жан - мұғалім. Сондықтан біздің тәрбие жұмыстарымыздың жоғары деңгейде жүргізілуі ұстаздарға тікелей байланысты.

Ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетектейтін күш-тәрбие мен білім.

Сол тәрбие мен білім тізгінін қатар ұстаған мектебіміздің тәрбие жұмысын жан - жақты жүргізуіміз тиіс.

Еліміздің жетістіктері үшін мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу,азаматтық, патриоттық, саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесін беруге зор көңіл бөлу мақсатында Ақын Сара ауылына қарасты Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 8-10 сынып оқушыларына мектептің акт залында жиналыс өткізілді. Жиналысқа ауыл молдасы Тұрысбаев Қ, ауыл әкімшілігінің бас маманы А.И.Исембаева, Ескелді АІІБ- ң КТІЖБ- ң инспекторы аға лейтенант И.Омарбаев және полиция капитаны Е.Бейсенбеков, ауылдық емхана қызметкерлері, мектеп директоры Ш.Қ.Бозов қатысты. Алғаш сөз алған мектеп психолгі С.Т.Абдрахманова оқушыларға күйзеліс жағдайында болатын әрекеттердің алдын алуы бойынша түсінік берді. Күйзеліске түскен балалар өз- өзіне қол жұмсау жағдайына ұшырауы мүмкін деп жан- жақты оқушылармен ой бөлісті. Ауыл молдасы Қуат қажы

рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы жастарды ізгілік пен рухани өнегелікке, әдеби кітаптар оқуға, өзін-өзі тануға, діни экстремизмге қарсы тұруға тәрбиелеу керек деп оқушыларға өз ойын ашық жеткізді.

Келесі кезекте сөз алған Ескелді АІІБ- ң КТІЖБ- ң инспекторы полиция капитаны Е.Бейсенбеков есірткі және басқа зиянды заттардың алдын алу үшін әр түрлі шаралар шасап, оқушы жастар арасында нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекі шегушілікке қарсы, әртүрлі зиянды әдеттерге тәуелділіктің алдын алу үшін білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметті жандандыру қажеттілігін айтты. Бүгінгі күнде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың көбею салдарын айтып түсінік берді. Мектеп директоры Ш.Қ.Бозов мектепте құқық бұзушылықтың, зорлық- зомбылықтың алдын алу шаралары бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқтала кетіп, оқушы балаларға өз ақыл- кеңесін айтты.

Әр қайсымыздың өз жолымыз, өмірлік өз міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет- жан дүниедегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, адам болып қалу. Олай болса жеке тұлғаның ертеңгі еліміздің болашақтарын рухани- адамгершілікке , Қазақстанның бар мүмкіндігін қолдайтын талапты азамат және әр адам бойына саналы және дәстүрлі Отан сүйгіш және басқа да құнды қасиеттерді дарытатын жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелуге ықпал етейік.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Дарменбекова

Ақын Сара ауылы. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп



Ел болашағы - бүгінгі жас ұрпақ 10 сынып

Ел болашағы - бүгінгі жас ұрпақ 10 сынып


© 2010-2022